12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ АЛДЫНДА ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

 Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжі

12  ЖЫЛДЫҚ  БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ АЛДЫНДА ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ

Алтыбаева Рысты Алтыбаевна

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау», – деп көрсетілген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында:  «Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек», – деді. Ендеше, кәсіптік білім беретін оқу орындарының алдында тұрған мақсат- міндеттің арқалар жүгі ауыр. Сондай міндеттің бірі – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу. 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелерді анықтауда жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізу қажет. Мұғалімдер педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. білім салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр мұғалімнің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.

12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты—еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру, оның ерекшелігі мына кестеден көрінеді.

 

         1-кесте

Бұл жаңа жүйеде білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес болады да, мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы былай анықталады:

1.Құндылықты-бағдарлы құзіреттілік – оқушының  қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің ролін таба білу біліктілігі,  азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу мақсатын қамтамасыз етеді.

2.Мәдениеттанымдық құзіреттілік – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін түсіну.

3.Оқу-танымдық құзіреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу- танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық.

4.Комуникативті құзіреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатыныс тәсілдерін білуді түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдылырын қарастырады.

Осындай құзыреттілікті меңгерген 12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:

2-кесте

Бұл жаңа жүйедегі принциптер білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі мынадай ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:

  • Жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;

  • Күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;

  • Оқытудың сабақтастығы;

  • Әрбір оқыту сатысының даралығы.

Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мәселелерге көңіл аударылып отыр

3-кесте

Қазіргі уақытта осы жаңа жүйе бойынша көптеген жұмыстар нақтыланып, маңызды істер тындырылуда. Соның бірі – жақында ғана Маңғыстау өлкесіне келген топ өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен 12 жылдық білім беруге байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын талдау. Мұнда Назарбаев зияткерлік мектебі ұстаздарының ой-пікірлері ортаға салынды. Осы стандарттық жобада оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы ұсынылған. Бұл технологияның негізгі мақсаты–ашық қоғам азаматын тәрбиелеу. Қазіргі мектеп алдында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылықпен ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр. «Білім негізі – бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы сатысы – бастауыш білім, сондықтан баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық пен ойлауға, өз бетімен шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету қажет. Оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бастауыш сынып мұғалімін дайындайтын оқу орнында ұзақ жылдар жұмыс істеу тәжірибемде жаңа инновациялық технологиясыз болашақ мамандарды дайындаудың мүмкін еместігіне көз жеткіздім.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен сабақ үрдісінде аталған технологияны қолданған әдіс-тәсілден мысал келтіре кетейін. Студенттердің меңгерген білімдерін тексеру, жүйелеу бағытында сыни ойлау, шешімдер табу мәселесі бойынша студенттер өзара пікір алысады, сұхбат жүргізе алады, түрлі ақпараттарды табады.

Ал жаңа оқу материалын меңгерту үстінде мен мынадай жұмыс түрлерін ұсынамын: болжам жасау арқылы оны аша білу, бір-бірімен салыстыру, талдау, тың идея ұсыну, сол бойынша әр орталық, әр топ өз ойын дәлелдейді, талдайды. Одан әрі жаңа білімді меңгерту бағытында шығармашылық тапсырмаларды орындау, талдау, салыстыру арқылы жүйелеу, қорытынды пікір айту жұмыстары орындалады. Осындай шығармашылық тапсырмаларды орындаудың тағы бір түрі  проблемалық технология арқылы да іске аспақ. Бұл технологияның мақсаты:

  • білім,  білік,  дағдығаиеқылу;

  • өз  бетімен әрекеттену әдістерін  меңгеру;

  • танымдық және шығармашылыққа білеттерін дамыту.

Аталған технологияның тұжырымдық негіздері мына ерекшеліктерден тұрады:

  • Білімді меңгеруде нақты үрдіс басшылыққа алынады;

  • Оқушы айкала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;

  • Оқушы материалды сезім мүшелері арқылы (көріп,  тыңдап,  сезіп)  қабылдап қана қоймай, білімгедегенқажеттілігінқанағаттандырумақсатындамеңгереді.

Оқытуда табысқа жетудің шарттары:

–   оқу материалдарында   проблема туғызу;

–   оқытудың  бала өмірімен,  ойынымен, еңбегімен байланысы.

Аталған технологияның мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері мына сипаттарды қамтиды:

  • алдын-ала белгіленбеген,  кенеттен проблемалық мазмұндау;

  • эвристикалық;

-проблемалық жағдай;

-зерттеушілік-лабораториялық жұмыс түрлері;

-проблемалық жан-жақты тәжірибенегіздері;

-проблемалықтапсырма;

-проблемалық жағдайлар (ситуация) ұсыну.

Білімді меңгеру  тек  қана оқу материалын,  ережелерді, заңдылықтарды, мағлұматтарды  есте сақтау арқылы ғана емес,  он оқушылардың өзі логикалық талдау жасай отырып,  орынды пайдалана білуі арқылы жүзеге асады.  Бұлай ету оқушылардың  есте сақтау,  ойлау қабілетін дамытады.

Проблемалық оқыту әдісі –  оқушыларды өздігінен еңбек етуге,  алған білімін жаңа материалмен ұштастыра білуге үйретіп,  жеке пәндерге қызығушылығын арттырады.  Проблемалық оқыту әдісіне байланысты  М.И.Махмутов.,  М.Н.  Скаткин., И.Я.Лернер,  т.б.  еңбектері жарық көрді.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқыту барысында проблемалық технологияның ерекшеліктерін мынадай басқыштар арқылы меңгертіп аламын:

1- басқыш:Оқытушы тиісті материалдарды ұсынады,  оқушылар сол материалмен танысады.

2-басқыш: Оқытушы танысу үшін берілген матеріал бойынша тапсырмалар

береді,  оқушылар  тіл фактілерін талдап,  тапсырмаларға жауап іздейді.

3-басқыш: Оқытушы тапсырмаларға жауап  талап етеді.

4-басқыш:Оқытушы жинақтайды,  оқушылар жалпы қорытынды шығарады.

5-басқыш:Оқытушы жалпы қорытындыны оқулықтағы анықтамалармен,

ережелермен салыстырады, талдайды.

6-басқыш: Оқытушы тақырыпты қорытындылайды, оқушылар оның пікірін зейінмен тыңдайды.

Әдістемеден осындай теориялық білімді меңгерген студент мектепте байқау практикасындақазақ тілі менана тілі сабақтарында 3,4 сыныптарда өз сабақтарын проблемалық технологияны пайдалана отырып өткізеді. Сабақтың басында студент – практикант оқушыларға проблема ұсынады, түрлі басқыштар арқылы жұмыс түрлерін жүргізіп, оқушыларды қызықтыра, олардың белсенділіктерін дамыта отыра, сабан соңында өзі ұсынған проблемалық сұраққа жауап алады. Студенттердің сабақтарда жүргізетін басқыш түрлеріне мынадай мысал келтіре кетуге болады:

І  басқыш.

Ұсынысталдау.

І.  Үй  тапсырмасын сұрау, он тексеру.

ІІ  басқыш

Тапсырмадан жауап іздеу

Әр студентке тарау бойынша құрылған тірек сызбалары ұсынылады. Олар  5 минутта сызбалармен жұмыс істейді, тапсырады.

ІІ  басқышты қорыту – сызба тапсырмаларын тексеру,  бағалау. Оқытушы қорытынды жасайды.

ІІІ басқыш

Баяндау    табу

Біздің мекеніміз – Маңғыстау.  Ол – өнер өлкесі,  киелі  жер.  Өрелі өнер иесінің  бірі – Қашаған  ата.  Қазір үнтаспада жазылған  ата өмірінен бір дефекті тыңдай отыра,  терме диктант  жазамыз, етістіктерді ауызша талдаймыз.

  ІІІ  басқышты қорыту    студент жауабы

IVбасқыш Меңгерген білімді жүйелеу.

Тест  сұрақтарынажауап.

Vбасқыш

Жаңалықтымеңгеру

VI. Басқыш

Салыстыру жағдай жасау

“Қазақ тілі”  оқулықтарының жаңа басылымдарымен бұрынғы басылымдарын салыстыру, дәлелдеу.

VII. басқыш

Дамыту іздендіру

VIII басқыш.

Проблемалық сұраққа жауап.

Ана тілі сабақтарында да проблемалық оқыту технологиясы бойынша оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа үйрететін жұмыс түрлері орындалады. Мысалы ана тақырыбына ұсынылған бөлімді өту барысында сабақтың ұйымдастыру бөлімінде сабан мақсаты айтылып, оқушыларға «Ана – өмір» деген проблемалық сұрақ ұсынылатындығын хабарлайды. Оқушылар сабақтың өн бойында түрлі жұмыстарды орындап, сабан соңында сол проблеманы шешеді.

12 жылдық жаңа білім жүйесіне көшу алдында инновациялық жаңа технологиямен жұмыс істей алатын ұстазлар қауымының қоғамға қосар үлесі мол.

Пайдаланылғанәдебиеттер:

  1. «12 жылдық білім» – №3 2010жыл.

  2. «12 жылдық білім» – №8 2006жыл.

  3. Білімберужүйесіндегі 12 жылдыққаөтудіңкөкейкестімәселелері. «Қазақстан мектебі» №11 2011жыл.

  4. «Бағдарлымектеп» №6 2011жыл.

  5. <h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment