Викториналық сұрақтар

Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
“Сәулет” мектеп-лицейі
Мынжасова Налия Сулейменовна
Викториналық сұрақтар
1.Жұп функцияның графигі қай оське қарағанда симметриялы.

Жауабы: ординаталар осіне.

2. 1мен 10 цифрларына қандай амал қолданғанда 1 шығады?

Жауабы: 1 10 =1;
3. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік.

Жауабы: Конус.

4. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу.

Жауабы: параллель.
5. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу.

Жауабы: перпендикуляр

6. Санның     бөлігі   Жауабы : пайыз.

7. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем.

Жауабы: Аксиома.
8. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?

Жауабы: 180°- қа тең.
9. Математика ғылымдар патшасы, арифметика математика патшасы сөзінің авторы кім?

Жауабы: Карл Гаусс.
10. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш?

 Жауабы: Квадрат.
11. Бұрышты өлшейтін құрал?

Жауабы: Транспортир.

12. Қандай  цифрлардың  көбейтіндісі де,қосындысы да  6-ға тең.

Жауабы: 1,2,3

13.Екі    саннның  қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке  тең. Ол қандай сандар?

Жауабы: 5 пен 3

14. Бір жанұяның   5 ер  баласы  бар, олардың  әрқайсысының  қарындастары  бар. Жанұяда   қанша  бала  бар.

Жауабы: 6 бала

15. 1 цифрын 5 рет  пайдаланып, 100 қалай жазуға  болады.

Жауабы: 111-11=100

16. Бөлмеде 4 мысық  отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық.  Барлығы неше  мысық

Жауабы: 4 мысық

17. 2 цифрын 4 рет пайдаланып 1-ді қалай  жазуға  болады.

Жауабы: 2+2:2*2=1

18. Ұлу  ағаштың басына  шығуға  күніне 5 м жоғары  көтеріледі, түнде  3 м сырғанап  төмен түседі. Ағаштың  биіктігі  25 м  болса, ұлу ағаш  басына  неше күнде жетеді.

Жауабы: 11-ші  күні  кешке

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойынды

 Жауабы: сызғыш

20.  Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

Жауабы:  Жанат – ұзын

21. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

22. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.

Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан

23. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр.

Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу

24. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?

Жауабы: екі сағат

25. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

26. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?

Жауабы: шырпы

27. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін.

Жауабы: 1 және 2

28. Санның квадраты деп нешінші дәрежені айтады ?

Жауабы: 2

29. Диаметр  дегеніміз не?

Жауабы: шеңбердің кез келген екі шетін қосатын кесінді

30. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді.

Жауабы: атасы, баласы, немересі.

31.  Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ  20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір?

Жауабы: Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин.

32.  5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?

Жауабы:  12 минута, бәрін бірге саламыз.

33.  Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?

Жауабы: 6 бала.

34. Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? Жауабы: үтір.

35.  Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан?

Жауабы: 30

36.  Төрт қойдың неше аяғы бар?

Жауабы: 16

37.  Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады?

Жауабы: екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті

38.   Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

Жауабы: 4.

39.  Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

Жауабы:   5

40.  Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?

Жауабы:   4 рет

41.  Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.  Мектепке неше бала барды?

Жауабы:  5 бала

42. Кім барлық тілде сөйлейді?

Жауабы: жаңғырық

43. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?

Жауабы: құс жолымен

44. Ең алғашқы әйел математик

Жауабы: Гипатия

45. Координаталар жүйесін ғылымға енгізген?

Жауабы: Рене Декарт

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master