8 саны мен цифры

Темірова Айнұр
№25 қазақ қыздар гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі.
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы.

Сабақтың тақырыбы:   8 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты:

8саны және цифрымен таныстыру.  8 санын шығарып алу жолы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік беру.  8 цифрын дұрыс жазуға  үйрету. Ауызша санау, есептеу дағдыларын дамыту.

Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру, ойын, ой-толғау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, текшелер, цифрлар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Көңіл күй ахуалы. Ынталандыру.

Оқушылар көздерін жұмып отырады және мұғалімді мұқият тыңдайды, әрбір сөз тіркесінің соңғы сөзін хормен айтады.

— Біз сабақта … (отырмыз).

Біздің көзіміз зер сала қарайды, барлығын … (көреді).

Біздің құлағымыз мұқият тыңдайды және барлығын … (естиді).

Басымыз жақсы … (ойлайды).

Біз сабаққа … (дайынбыз).

Мұғалім:

— Бүгін біз пойызбен «Сандар әлеміне саяхатқа» барамыз.

Онда қызықты тапсырмалар орындап, математикалық ойындар ойнаймыз.

— Пойызбен бару үшін не алу керек?

— Билет алу керек.

«Билет» алу үшін оқушылар мұғалім көрсеткен сандарды атап, «вагондарға» отырады.

Интербелсенді тақтада пойыздың видеосы қойылады.

ІІ. Өткенді қайталау

— Біз сандар әлеміндеміз. Кәне, бірінші тапсырманы орындайық.

«Шатасқан сандар» ойыны. Сандарды өсу ретімен қою.

 

ІІІ. Мақсат қою.

-7 cанынан кейін қандай сан?

— 7 санынан кейін 8 саны.

— Сабақтың тақырыбын анықтаңдар.

— Біз бүгінгі сабақта нені үйренеміз?

ІҮ. Жаңа сабақ

1. — 8 саны неге ұқсайды?

-Көзілдірік, екі

допқа, бантикке, балапанға, аққалаға.

2. Тура, кері санау. 8 cанының орнын анықтау.

0 1 2 3 4 5 6 7 8

-Сандар қатарында 8 саны қай саннан кейін келеді?

-8 саны қандай сандардан артық?

8>7      8>5      8>3      8>1                 8>6      8>4     8>2      8>0

-8 саны қандайсан

дардан кем?

3. Кесіндінің ұзындығын өлшеу

_____________________________

_________________________

Қызыл кесінді- 8см, көк кесінді — 7см. Салыстыру.

8 см=8 см       7 см<8 cм                  8 см> 7 cм

4. Сурет бойынша өрнек құрастыру, мәнін табу.

 

 

 

 

7+1=8 8-7=1              8-1=7

6+2=8 8-6=2              8-2=6

5+2=8 8-5=3              8-3=5

4+4=8 8-4=4           8-8=0

Сергіту сәті:

Қолға қалам алайын,
Қанша сан бар жазайын.
Қарап тұрмай, сандарды
Қайта-қайта санайын.

5. Топпен жұмыс.

— Алдарыңдағы геометриялық пішіндерден ортақ бір зат құрастырыңдар.

Оқушылар үй, көлікті құрастырады. Ол неше төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелектен тұратынын атайды.

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

8 цифрын жазу. Өрнектерді жазу.

ҮІІ. Білімдерін тексеру

«Көршісін тап» ойыны

0 2 5
8 5 1

«Моншақтың» жауабын тап

 

 

 

«Сандар әлемінен» оралуүшін оқушылар көздерін жұмып, тура, кері санайды.

ҮІІІ. Қорытындылау.

— «Сандар әлемінде» қандай санмен таныстық?

— Ол сан туралы не білдік?

ІХ. Үйге тапсырма: 46 б №3 тапсырма

 

Сабақтың флипчартын көшіріп алу үшін суретті басыңыз  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *