Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұдан бөлек оларға түрлі үстемақы да еселеп төленбек деп хабарлайды KTK.
Үкімет ең алдымен ауыл мектептеріндегі оқытушылардың еңбекақысын көтереміз деп отыр. Және ол қалалық ұстаздармен салыстырғанда жоғары болады. Ол үшін қазынадан қосымша 140 миллиардқа жуық теңге бөлінуі мүмкін. Яғни, 14-17 жылдық тәжірибесі бар жоғары санаттағы мұғалімдердің жалақысы қазір 81 мың теңге болса, келесі жылы шілдеден бастап 110 мың теңгеге жетеді. Тіпті ұстаздардың ынтасын арттыру үшін үстемақы төлеуді де қолға алынбақ. Осылайша, Білім министрлігі төл мерекесі қарсаңында ұстаздарды жарылқап жатыр.
Аслан Сәрінжіпов, Білім және ғылым министрі:
– Бірақ, ұстаздардың жалақысы жаппай көтерілмейді. Егер, бәрінің еңбекақысын бірдей өсірсек, инфляция болады, азық-түліктің бағасы қымбаттауы мүмкін. Сондықтан жалақы мұғалімдердің біліктілігіне, шеберлігіне байланысты өседі.

http://baq.kz/

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master