«Үшбұрыштар» тақырыбын қайталау.

3byrsh

Асқарова  Бейбітгүл  Мәмиқызы    

 

С.Сейфуллин  атындағы  орта  мектептің

  математика  пәнінің  мұғалімі

 

Жаңалық ауылы

 

Сабақтың   тақырыбы: «Үшбұрыштар» тақырыбын  қайталау.
Жалпы  мақсаты: Үшбұрыштар  туралы  түсініктерін,оның  анықтамасын,негізгі   элементтерін,қасиеттері  туралы  білімдерін  жинақтау,саралау.Оларды  есептер  шығаруда  қолдана   білуге  үйрету,топпен  жұмыс  істеу  дағдыларын  қалыптастыру,пәнге  қызығушылықтарын  арттыру.
Оқыту  нәтижесі: -Үшбұрыштар  туралы  жалпы  түсінігі  болу,

-үшбұрышқа  қатысты  есептерді  шығара  білу

-оқушының  өзіндік  ой  пікірін  айта  білуі

-өзін-өзі  бағалай  білуі.

Негізгі  идеялар: Жылдам  ой  қорыту,  тапқырлық,тиянақтылық  қасиеттерін,есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.

Кез  келген  тапсырманы  шапшаң,байқампаздықпен, тапқырлықпен  орындай  білу  дағдылары  болу.

Қажетті   көрнекіліктер Үлестірмелі  карточкалар,плакаттар,бағалау  парағы,түрлі-  түсті  қағаздар,тест  тапсырмалары  жазылған  карточкалар
тапсырмалар 1-тапсырма

Үшбұрыштың  медианасы,

биіктігі,

биссектрисасы

туралы білімдерін  еске  түсіруге арналған  топтық тапсырма.

 

 

2-тапсырма

«Қас-қағым  сәт».

Семантикалық

картаны  толтыру.

 

 

 

3-тапсырма

Үшбұрыш  элементтеріне

қасиеттеріне  берілген  есептермен  жұмыс.

 

 

 

4-тапсырма

Тестік  тапсырма.

 

 

 

5-тапсырма

«Үшбұрыш

және  оның

түрлері»  туралы ассосиация  жасау. Топтық  тапсырма.

 

Мұғалім  ісәрекетінің  жазбалары.

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үшбұрыштың түрлеріне сәйкес 3 топқа бөлу.

II.«Ой қозғау».Диалог арқылы үшбұрыш туралы еске түсіру.

«Артық фигураны тап» кестесі бойынша;

-Балалар  суретте  берілген  фигуралардан  қандай  ұқсастықтар ,қандай  айырмашылықтар  байқайсыңдар?

-Сонымен,фигуралардың  қайсысы  артық  фигура  болып  саналады?

-Енді  осы  үшбұрыштың анықтамасын  еске  түсірейік

Оқушылар  жауаптары  тыңдалып,сыныптастарының  жауаптарымен  толықтырылады.

III. 1-тапсырма.Үшбұрыштың медианасы, биіктігі, биссектрисасы туралы білімдерін еске түсіруге арналған 3 топқа арналған тапсырманы топ мүшелері бірлесе орындайды да, тақтада қорғайды./қосымша  карточкаларда  беріледі/.

1-топқа

Қағазға  үшбұрыш  салыңдар.Бір  төбесінен  қарама-қарсы  қабырғаның  ортасын  қосатын  кесінді  жүргіз.Бұл  сызық  қалай  аталады?Ол  туралы  тағы  қандай  мағлұматтар  білесіңдер?

2-топқа

Қағазға  үшбұрыш  салыңдар.Бір  төбесінен  қарама-қарсы  қабырғаға  перпендикуляр  сызық  жүргіз.Бұл  сызық  қалай  аталады? Үшбұрышта  мұндай  кесінділер  нешеу   ?

3-топқа

Қағазға  үшбұрыш  салыңдар.Оның  бір төбесінен  осы  бұрышты  тең  екі  бөлікке  бөлетіндей  кесінді  сыз.Ол  сызық  қалай  аталады?  Оның  қасиеттері  қандай?

 

 

 

 

 

«2-тапсырма. «Қас – қағым сәт» (Семантикалық картамен жұмыс)

Түсініктер Әр түрлі қабырғалы үшбұрыш Теңбүйірлі үшбұрыш Тең қабырғалы үшбұрыш
1.Екі қабырғасы өзара тең болады      
2.Үш қабырғасы өзара тең болады      
3.Бұрыштары 600 болады      
4.Қабырғаларының ұзындықтары әр түрлі болады      
5.Периметрі P=a+b+cформуласымен есептеледі      
6.Ішкі бұрыштарының қосындысы 1800 болады      
7.Периметрі P=2a+cформуласымен есептеледі      
8.Периметрі P=3aформуласымен есептеледі      

 

3-тапсырма. «Аралас /Қатып қалма/ Жұптас» стратегиясы бойынша берілген тапсырмадағы есептерді шешу (арнайы үлестірмелі карточкалар бойынша).

 

4-тапсырма. Тестік тапсырма.

1.Үшбұрыш қабырғаларына қарай неше түрге бөлінеді?

А) 4                    В) 3                 С) 2

2.Тік бұрышты үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш болуы мүмкін бе?

А) иә                    В) жоқ

3.Үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, ол қандай үшбұрыш?

А) тікбұрышты                    В) тең бүйірлі                 С) тең қабырғалы

4. Үшбұрыштың бір бұрышы тік болса, ол қандай үшбұрыш?

А) тікбұрышты                    В) тең бүйірлі                 С) тең қабырғалы

5.Үшбұрыштың неше медианасы бар?

А) 5                    В) 3                 С) 4

6.Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 5 см. Оның периметрі неге тең болады?

А) 12 см                    В) 20 см                 С) 15 см

Тест  жауаптарының  кілті  бойынша  өздері  тексереді.

5-тапсырма. «Үшбұрыш және оның түрлері» туралы ассоциация жасау және оны қорғау.Әр  топ  өз  идеяларын  қағаз  бетіне  түсіріп  ,қорғайды.

IV. Сабақтың оқушыларға әсерін рефлексия арқылы анықтау.

Қарт жол жүріп келе жатып, үш адамға жолығады. Олар күннің ыстығына қарамастан шаһар салуға арбамен ауыр тас тасып жатады.

Қарт оларды тоқтатып оларға сұрақ қояды: «Сендер күні бойы не істедіңдер?»

Сондағы үш адамның жауабы:

Біріншісі: «Күні бойы мына түбі түскір тастарды тасыдым».

Екіншісі: «Мен адал жұмысымды атқардым».

Үшіншісі: «Мен шаһар салуға көмектестім».

Балалар! Біз бүгін сабақта қалай жұмыс жасағанымызды бағалап көрейік.

– Кім бірінші адам сияқты жұмыс жасады?

– Кім өз жұмысын адал атқарды?

– Кім шаһар салуға көмектесті?

– Сабақта не ұнады?

– Не ұнамады?

Оқушыларға   3 түсті  қағаз  ұсынылады.

Балалар, өздеріңді  бүгінгі сабақта  бірінші  адам  сияқты  жұмыс  жасадым  дегендерің   қызыл  түсті,екінші  адам  сияқты  жұмыс  жасағандарың  жасыл,ал  үшінші  адам  сияқты  жұмыс  жасағандарың  сары  түсті  қағазды таңдаңдар  да,сабақтан  алған  әсерлеріңді  қысқаша  сипаттап  жазыңдар. Бұл  теңеу  арқылы  бүгінгі  сабақта  қалай  еңбектенгендерің,топтарыңа  қосқан  үлестерің  бағаланады.

V. Бағалау.  Әр  топтың  бағалаушылары  өз  топтарындағы  оқушыларды  бағалау  парақтары  арқылы  бағалайды.Бағалау  парақтарының  үлгісі  , ұпайлардың  бағаға  ауыстырылу  критерийітөмендегідей  болды.

 

 
 

Оқушының аты жөні 1-тапс

Жоғарғы  ұпай -5

2-тапс

Жоғарғы  ұпай -8

3-тапс Жоғарғы  ұпай -5 4-тапс

Жоғарғы  ұпай -6

5-тапс Жоғарғы  ұпай -5 Қоcымша  жауаптарға  қатысу-

6 ұпай

қорытынды

 

7-30 ұпай:  « 5 »                24-26 ұпай :  « 4 »

18-23ұпай :  «  3 »                 0-17 ұпай :  « 2 »

VІ.Келесі  тапсырма: «Үшбұрыштар  еліне  саяхат»  тақырыбына  эссе  жазу.

2.   «Үшбұрыштың  теңдік  белгілерін «   қайталау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment