2016 жылдан бастап Қазақстанның бастауыш сынып оқушылары «Ғылымға кіріспе» пәнін оқиды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2015 жылы Қазақстанның 63 мектебінде бастауыш сыныптарда «Ғылымға кіріспе» жаңа пәні қабылданады, ал 2016 жылдан бастап бұл пән жаппай енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев «Корея Республикасының үлгісінде өнертапқыштық және креативті ойлауға үйрету әдістемесі» оқу семинарының барысында хабарлады.

Е.Иманғалиевтың сөзіне қарағанда, бұл пән Назарбаев интеллектуалды мектептерінің негізінде қабылданды және қазіргі уақытта оны жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Осы күні аталған жаңалықты енгізу үшін бұл тәжірибе Назарбаев интеллектуалды мектептерінің негізінде Талдықорған, Астана және Көкшетеуда бастауыш сыныптарына жүргізілді. Және ол жалпы білім беретін мектептерге таралуда. Қазір біздің мұғалімдердің 27 пайызы Назарбаев интеллектуалды мектептерінің базасында үш деңгейлі курстарда өтті. Олар Кембридж университетімен бірге осы жобаны жүзеге асыруда», – деп хабарлады Е.Иманғалиев.

Семинар жұмысына Дүниежүзілік өнертапқыш және кәсіпкер әйелдер қауымдастығының президенті Хан Ми Енг, сонымен бірге Интеллектуалды меншік дүниежүзілік ұйымының өкілдері қатысты.

http://www.kazinform.kz

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master