Басы » Психология » Сізде уайым дерті бар ма? (Психологиялық тест)

Сізде уайым дерті бар ма? (Психологиялық тест)

«Сізде уайым дерті бар ма?»
Пенсильвания университетіндегі Дэвид Бернс дәрігер уайым ауруына өздігінен диагноз қоюға болатын «Бернстің уайым тізімі» атты жоба жасаған. Бұл тізім арқылы сіздің өзіңізде уайым ауруы бар-жоғын тез арада білуге болады. Өзіңізге сәйкес келетін орынға нөмір қойыңыз, жоқ болса нөл, азырақ болса бір, қалыпты болса екі нөмір, ауыр болса үш нөмір.

1. Қайғы: сіз үнемі қайғыланасыз ба немесе қасірет ішінде қаласыз ба?

2. Үмітсіздену: сіз үнемі болашағыңыздан үмітсізденесіз бе?

3. Өзін қадірлемеу: үнемі өзіңіздің құныңыз жоқтай сезінесіз бе немесе өзіңізді сәтсіздікке ұшыраушы деп ойлайсыз ба?

4. Қор санау: үнемі өзіңізді түкке шамаңыз келмейтіндей немесе басқаларға жетпейтіндей сезінесіз бе?

5. Опыну: әрқандай іске бола өзіңізді опыққа саласыз ба?

6. Екі ұдайлық: шешім қабылдарда үнемі екіұдай боласыз ба?

7. Тағатсыздық: жақыннан бері үнемі ашуланып немесе әлденеге көңіліңіз толмай жүр ме?

8. Тұрмысқа деген қызығуды жоғалту: жұмысыңыз, отбасыңыз немесе достарыңызға қызықпай қалған кездеріңіз болды ма?

9. Пейілін жоғалту: серпіле алмай, жұмысқа пейіл сала алмайсыз?

10. Өзін бейшара сезіну: өзіңізді қартайғандай немесе тартымдылығыңызды жоғалтқандай сезінесіз бе?

11. Тәбет өзгерісі: үнемі тамаққа тәбетіңіз тартпай тұра ма немесе кенеттен еріксіз көп тамақ ішкіңіз келе ме?

12. Ұйқы өзгерісі: сізде ұйқысыздық бар ма немесе күні бойы дел-сал болып, ұйқы басып жүре ме?

13. Жыныстық әуесін жоғалту: жыныстық әуесіңізді жоғалтып алдыңыз ба?

14. Дерттену: үнемі өзіңіздің денсаулығыңызға алаңдайсыз ба?

15. Өз-өзіңізге қол салуды ойлау: тірліктің мәні жоқ деп ойлайсыз ба немесе тірі жүргеннен өлген артық деп қарайсыз ба?

Жауабы:

0-4 нөмір: уайым дерті жоқ;

5-10 нөмір: кейде уайым дерті пайда болады;

11-20 нөмір: жеңіл дәрежеде уайым дерті бар;

21-30 нөмір: орта деңгейде уайым ауруы бар;

31-45 нөмір: ауыр дәрежеде уайым дерті бар, емделуіңіз керек.

 

Дерек мына жерде (Психология әлемі
Адам – психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны.
Вконтакте жақсы паблик бар екен, ұстаздарға керек дүниелер бар. Жазыла жүріңіздер!
https://vk.com/public77839846)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *