Қай жеріңізде қалыңыз бар?
Қалсыз адам әрине болмайды. Психолог мамандар сол қалдар арқылы сіздің мінезіңіз жайында айтып бере алады. Психологтарға сенсек, маңдайында қалы бар адамдар ізденімпаз, жаңалыққа құштар болып келеді. Маңдайдағы қал адамның бақытты екенінен де хабар береді екен.
Оң жақ қасының үстінде қалы бар жандар бай болатын болса, сол жақ қастың үстіндегі қал жалқаулықтан хабар береді.
Мұрынның айналасындағы қалдар қал иесінің ашуланғыш екенін білдіретін болса, еріннің айналасындағы мең тәуелсіз, жақсылыққа жаны құштар, адал, жомарт жандарға тән.
Құлақтағы қал – байлықтың белгісі.
Шынтақтағы қал – мазасыз адам екендігіңізді көрсетеді.
Мойныңызда қал болса, қуаныңыз, ол сіздің жайлы да жақсы адам болғаныңыз.
Әйел адамның қарнындағы қал оның көпбалалы болатындығынан хабар беретін болса еркектің қарнындағы қал сәттіліктің белгісі.
Саусақ ұшындағы меңдер қолының жымсымасы бар адамдарға тән.
Сол жақ тізеңізде қалыңыз болса жалқау болғаныңыз.
Оң жақ тізедегі қал оның иесінің досқа бай, адамгершілігі жоғары жан екендігін көрсетеді.
Ал сіз қандайсыз? Қал арқылы өз қырыңызды аша алдыңыз ба?
Дерек мына жерде (Психология әлемі
Адам – психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны.
Вконтакте жақсы паблик бар екен, ұстаздарға керек дүниелер бар. Жазыла жүріңіздер!
https://vk.com/public77839846)
[bws_related_posts]