Басы » Психология » Мен неге жалғызбын?

Мен неге жалғызбын?

Мен неге жалғызбын?

Ең жаман жалғыздық – жүректің жалғыздығы

Пьер Буаст

Жалғыздықтан жапа шегіп, өмірі сүреңсіз өтіп жатқан арулар көп. «Жөні түзу жігіт жоқ», «бұйырмай жүр», «жігітпен жүруге уақыт жоқ», «жалғыз жүріп, карьера жасаймын», т.б. түрлі сылтаумен өз-өзіңізді алдап жүрсеңіз, мына жазба сіз үшін…

1. Аспаннан салбырап түсе қалатын бақ екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Сондықтан «сұлу, ақылды, білімді, кереметпін» деп үйде отыра берсеңіз, сабақ–жатақхана (үй–жұмыс) жолынан өзге жолды білмесеңіз, достармен бірге отырысқа бармасаңыз, мүмкіндікті мүлт жібердім дей беріңіз. Қарым-қатынасқа ашық, әңгімелесуге дайын болғаныңыз жөн. Өзіңіз де «мен – мықтымын» деп кеудесін соғып тұрған адамның жанына жолар ма едіңіз?

2. Қыз бала өз қадірін білген сайын өзіне тең азамат іздейтіні анық. Ол – өте дұрыс нәрсе. Десе де, ер жігітке бір көргеннен баға беріп, оны араласатын адамдар қатарынан бірден сызып тастау әдетінен арылғаныңыз жөн. Қиялыңыздағы ертегі әлемінен бір сәт босап, ол жігітті ақыл таразысына асықпай тартып көріңіз. Мүмкін қиын жағдайларды дұрыс шеше алатын қабілеті бар шығар? Үйі, көлігі жоқ болса да, ерік-жігері мықты жан болар?

Біраз жыл бойы танитын адамның өзін «100 пайыз білемін» деу – ағаттық. Кейде өзге түгілі, өзіміздің, әр ситуациядағы түрлі қылығымызға таңғалып жатамыз.

3. Өз-өзіңізге үңіліңіз. Неге ешкімді ұнатпайсыз? Алдыңызға келген жігітке бір ғана мүмкіндік беруге не кедергі? Жігіттің қандай кемшілігі оны сіз үшін сүйкімсіз етеді?

Бәлкім талабыңыз өте жоғары болар? Жүрегіңізден орын беретін жігітке деген талабыңызды қайта қарастыру жайлы ойланып көріңіз. Сізге апта сайын гүл сыйлап, мейрамханаға апаратын жігіттің бәрі адал жарға айнала алмайды. Идеал адам мына өмірде жоқ. Ол – тек біздің қиялымызда.

4. Сіз іздеген лайықты адам қасыңызда жүруі мүмкін. Ол – сіздің сыныптасыңыз, группаласыңыз, ескі досыңыз, ағаңыздың досы т.б. болуы ғажап емес. Егер ескі танысыңыз жиі хабарласып, жағдайыңызды сұрап тұрса, оған жігіт ретінде қарап көріңіз. Таныс, дос ретінде араласқан бір басқа да, қыз-жігіт болып сөйлескен бір басқа. Мүмкіндік беріңіз. Өйткені қыз баланың осы өмірге келгендегі ең басты міндеті – адал жар, аяулы ана атану.

 

Дерек мына жерде (Психология әлемі
Адам – психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны.
Вконтакте жақсы паблик бар екен, ұстаздарға керек дүниелер бар. Жазыла жүріңіздер!
https://vk.com/public77839846)

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *