Басы » Бала бақша » Мен мектепке дейінгі білім беру әдіскерімін

Мен мектепке дейінгі білім беру әдіскерімін

zanarПанфилов ауданы  Үшарал ауылы

«Айгөлек» балабақша әдіскері

 Несіпбекова Жанар Мамытқызы

«Мен мектепке дейінгі білім беру әдіскерімін»

Әлемдік жаһандану заманында, эвристикалық  жүйедегі жаңарулар мен ғылыми- техникалық өрлеу, білім саласындағы  терең ізденістермен, өзгерістерге ұшырауда. Заман талабына сай білімен қарулану үшін, мамандықтардың өзгерулері, жаңа  мамандардың туындауы, қоғамдық алға ілгерлеулер, зерделенген, іс-тәжірибеден өткен  оқыту саласын талап етіп отыр. Тәжірибесі әлсіз жобалар қашанда ұзамай тоқырауларға ұшыратады. Сондықтан  білім саласында қате  бағыттарды ұстану, ұрпақ болашағына  балта шабумен тең. Әлемдегі озық мемлекттер өзінің білім саласында реформа жүргізу арқылы ішкі- сыртқы саясатын тұрақтандырып,экономикалық қорын жоғарлатуда. Халықтың сауаттылығымен, салауаттылығы әр мемелекет үшін басты орындағы мәселе. Сауатты да салауатты ұрпақтың игі бастамасы бала-бақшадан  негізделеді.

Тәрбие мен білімін ұштастыруда ғылымилық әдістер қорының  жаңа жүйесін  тәрбиешілерге меңгерту мен сапалық деңгейін бағыттау, бала-бақшаның  білім- тәрбиедегі басымдылықтарын айқындаушы көшбасшы тұлға ол әдіскер маман болып табылады.Бала-бақшаның рухани құндылықтармен кемелдену, тәрбиешілердің құзіреттілігінің жоғары болуы әдісі мығым, ойы ұшқыр әдіскерге тікелей байланысты.

Әдіскер ең алдымен баланың фукционалдық дамуына жауапты тұлғаларға өкілетілік етуші,  әлуметтік қатынасты жақсартушы маман.

Маман ретіндегі негізгі міндеттері:

—          Білім беруші ұжымның ғылыми базасын қорландырушы, жобалаушы, сараптамалап келесі бағыттарды болжамдаушы маман.

—          Білім стандарттарындағы нормативтерді толық орындаудағы басшылық әдіскер құзіреттілігінде болып табылады.

—          Ата-ана, бала, тәрбиеші байланысын құрылымдаушы тұлға.

—          Әдіскер нақты танымдық бағыттардың бала дамуына, жас ерекшелігіне сай құрылымдалуын үнемі қадағалап отыруы қажет.

Демек,  маман ретінде өз ұжымымда қандай бағыттарды ұстануымның нақты  айқындауым жұмысымыздың нәтижеге бағытталуының кепілі болатындығына  көзім қажет.

Бала-бақшамыздың ашылғаннан бастап мендегі ең алғашқы толғаныс көшбасшы ретінде  педагог- тәрбиешілерге қандай бағыттарды ұстанып жұмыс жасауым қажет?,- деген сауал болды. Алғашқы тәрбиешілердің құрамдық сапасын қолға алғанан бастап, педагог- тәрбиешілердің оқыту мен тәриелеудегі жаңа әдістер жүйесін меңгертіп, шығармашыл тұлға болып қалыптасуын басымдылыққа алу қажеттігін түсіндім.

Сондықтан, әр аптаның бір күнін шығармашылық идеяларды талдап, ұсыну сағатына арнап отырдық. Нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеу бағытындағы түрлі іс-шараларда жасампаздық ойлармен туындаған тәсілдер мен әдіс қорын жинақтадық.

Келесі кезеңде педагог-тәрбиешілерді жеке зерттеу- шығармашылық тақырыпта жұмыс жүргізуге бағыттауым жақсы нәтиже берді.

Нәтижесінде: Балалардың жан-жақты дамуына қатысты жаңа әдістерді өзара талдау, бірлестік жұмыстарында қайта құруға үйрендік. Мен өзім де үйрене отырып үйреттім. Ал тәлім алушыларым өзімді жаңа қырларымды ашуыма ықпал етіп, жаңаша ойлауыма түрткі бола алды.

Біздің ұжымдағы жаңа өзгеріс ол әр тұлғаның өз міндетін жауапкершілікпен атқаруы және өзгенің жетістігінешынайы қуана қолдау көрсете алуы.

Бала-бақшада өзара сабаққа қатысу мен талдау жұмысы дәстүрден тысқары, зерттеушілік бағытта жүзеге асады. Ол жұмысты алғашында бірлескен ашқ сағаттарды құру арқылы, баяу дамушы балаларға жекелей келу жұмыстарына бастау алды. Мұнда пелагог – тәрбиешілер бірлескен шығармашылық сабақтарды жоспарлады, өткізіп көрді. Кері пікірлер мен жетістіктерді салыстырды. Сол арқылы зерттеу- дамытушы сабақтар қорын жинақтауды бастама ретінде іске қостық. Бұл жұмыстарға медбике, психолог, тәрбиешілер мен ата-аналар да қатыстырылы.

«Ойыңды түзе, сөзіңе айналады, сөзіңді түзе, әдетке айналады, әдетіңді түзе мінезіңе айналады, мінезіңді түзе тағдырыңа айналады»,- деген ұлы сөз бекер айтылмаса керек.

Дәл осы ұстаным біздің ұжымда қалыптасқан.  Бір-біріміз туралы ойымыз, сөзіміз түзу, әдетіміз жаңашылдық, тағдырымыз ұлы педагогтар жолы болып қалыптасып кемелденетін ұжымбыз.

Әр өзгеріске  бейімделу, жаңа қырымнан танылу  мен үшін үлкен мектептің баспалдағы болып табылады. Ұрпақттың ұлылығы ұстазына  тәуелді дүние. Оқыту мен тәртиелеудегі жаңа технологиялар жүйесін өз бала-бақшамызға енгізу арқылы, ұжымдық реформамызды қалыптастырамыз. Әр тамшы тамған сайын тасты да тесіп өтеді, демек тамшыдай үлесіміз мемлектіміздің таудай өзгерісіне қосқан игі үлесіміз болып табылады.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *