Басы » Tәрбие сағаттары » ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

 

  Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

 

Мақсаты: білімділік: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін үйренуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, талғампаздыққа, әсемдікке баулу.

Әдісі: қызығушылықты ояту, баяндау, сұрақ-жауап.

Түрі: Тәрбие сағаты.

Көрнекілік: интерактивті тақта, мақал-мәтел, ұлттық бұйымдар.

Барысы.    І. Ұйымдастыру бөлімі.

1-жүргізуші: Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр, аңыз.

Қызық дулы мереке,

Қызық думан құрамы!

Күн әкелген жыл көрім,

Күллі дүние жайдары.

Желкілдеген гүлдерін,

Жер – анамыз жайнайды.

2-жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы, мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

1-жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойыңдар,

Бұдан кейін ойын бар.

(Шашу шашылады)

 

Хор: «Наурыз думан»

2-жүргізуші: Наурыз тойың, наурыз тойың.

Құтты болсын халайық!

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық,

-дей келе келесі кезекті әнге береміз.

1-жүргізуші: Барыс жылы кел төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын, ырыс құт,

Болсын елде тыныштық,

— дей келе ортаға Наурыз қызды шақырамыз.

(Ортаға Наурыз қыз келеді).

Көркемсөз.

2-жүргізуші: Достар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді?

Тапсырмалар:

1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

Ж: Ананың сүті тәтті.

Ананың қолы жұмсақ.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.

 

2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?

Ж: Малды теппе,

Аяқты төкпе.

 

Отты шашпа,

Күлді баспа.

 

Бүйіріңді таянба,

Жағыңды таянба.

 

Бос бесікті тербетпе,

Бесікті ашық қалдырма.

 

3. Жеті атаңды ата.

Ж: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

4. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Ж: Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б.

5. Наурыз көже қалай жасалады?

Ж: Наурыз көже жеті түрлі тағам қосу арқылы жасалады.

6. Ұлттық ойындарды ата.

Ж: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т.б.

7. Жеті қазынаны ата.

Ж: Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.

8. Үш алысты ата.

Ж: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

1-жүргізуші: Құтты болсын Наурыз той!

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түні теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Би: Өзбек биі.

 

2-жүргізуші: Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен.

Жаңа дәстүр жырымен,

Ел наурызды тойлайды.

-дей келе «Мақал – сөз атасы» аты мақал – мәтел саысына ата-аналарымызды шақырамыз.

1. Қар жана ма?

         (Қалауын тапса қар жанар)
2. Инемен құдық қазуға бола ма?

         (Білім инемен құдық қазғандай)

3. Аппақ қарға бола ма?

         (Қарға баласын аппағым дер)

4. Қой мен қасқыр ойлана ма?

        (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)

5. Қарғыстың ең жаманы не?

        (Өзің білме, білгеннің тілін алма)

6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр.

        (Көз қорқақ, қол батыр)

7. Етікті қонышынан басып киюге бола ма?

        (Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)

8. Үлкен көз, үлкен сөз бол ма?

        (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)

9. Тауық түс көре ме?

        (Тауықтың түсіне тары кіреді)

10. Кімнен кім жаман?

        (Олақтан салақ жаман)

2-жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз-мәйрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

Көркемсөз.

 

1-жүргізуші: Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,

Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр, Ұлы күнің,

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!

Ән.

2-жүргізуші: Күн мен айға әлемнің,

Бердің ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйеніп,

Сәлем бердік иіліп,

Орындалды ойларың,

Құтты болсын бүгінгі,

Наурыз атты тойларың,

-деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.

 

Бата беру.

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ұлттық салт-дәстүр»

 

Мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы жалпы білім беру.

 

Дамытушылық: Бірігіп жұмыс істеу дағдысын дамыту.

 

Тәрбиелік: Эстетикалық сана-сезім мен ұлттық мәдениетке қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға дайын тұлғаны қалыптастыру.

 

Түрі: өнеге сағаты.

 

Көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер, кітаптар, т.б.

 

Барысы.

 

І. Кіріспе сөз:

Мұғалімі: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі өнеге сағатымыз «Ұлттық салт-дәстүр» тақырыбында. Біз қазақпыз, біз қазақтың ұлдары мен қыздарымыз. Сондықтан да біз өз ұлтымыздың ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәсстүрімізді ұмытпауымыз керек. Салт әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасқан.

Дәстүр – халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт – сана, әдіт-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттің көрінісі. Дәстүр-мәдениеттің белгісі, дәстүр байлығы-мәдениет байлығы. Ол ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. Мысалы: ата-ананы, үлкенді құрметтеу, сүйінші, құрдастық қалжың, сәлем бету, т.б. дәстүрге жатады. Бір таңқаларлық жай, қазақ халқы салт пен дәстүрге өте бай, әдет-ғұрып, ишара, ырым-тыйым, дағды бәрі де салт-дәстүр мұхитының салалары мен тармақ-тармшылары болып саналады.

Сондықтан да «Алты жыл аш болсаң да атаңның салтын ұмытпа».

«Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды» деген сөздер бар.

 

ІІ.Негізгі бөлім.

Мұғалім: Қазақ халқы салт-дәстүрлерге, дәстүрдей болған ойындарға бай. Ендеше, соларға кезек берейік.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер.

І. Айдар (ғұрып)

ІІ. Алтыбақан. (дәстүрлі ойын)

III. Ат тергеу. (ғұрып)

IV. Бата. (бата беру, бата алу)

V. Бәйге. (дәстүр)

VI. Бесікке салу. (дәстүрлі ғұрып)

VII. Жеті ата. (ғұрып)

VIII. Қыз қуу. (дәстүрлі ойын)

 

ІІІ. Қорытындылау.

Мұғалім: Дәстүр – ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар, қоғамдық әлеуметтік дүние, ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы және іс-әрекеттің рухани негізі.

Салт – халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Қазақтың өмір салты мен сыйластығы өте зор. Біз қазақтың тәрбиелі ұлдары  мен қыздары болайық!

 

Абай еліне саяхат

Мақсаты: 1) Балалардың бойына рухани адамгершілік ұялату.

2)Абайдың ұрпаққа айтқан нақыл сөздерін бойына дарыту.

3)Екі топқа бөле отырып,  сайысқа деген қызығушылығын молайту.

Түрі: сайыс

 

Көрнекілігі: бүктемелер, плакаттар Абай атамыздың қара сөздері жазылған плакаттар

Жүргізуші:Армысыздар ұстаздар, оқушылар. «Абай еліне саяхат» атты  5-7 сыныптар арасында өткелі отырған сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Абай -дана ғұламасы елімнің

Абай -ақыл мақтанышы жерімнің

Абай атты бір данышпан болмаса

Ақ қарасын кім айырмақ өмірдің?!

Сүйсінемін жазғанын оқығанда

Абай сөзі бағдаршам оқырманға

Адасатын адамдар болмас еді

Абай ойын кеудеге тоқығанда,  деп бүгінгі сайыс кешімізді бастаймыз.

(Әділқазы алқасымен таныстыру)

Сайыстың жоспарлары

1.     Таныстыру
2.     Сұрақтар
3.     Абай жырларын жатқа оқу
4.     Мезгіл өлеңдері бойынша сурет көрмесі және сол мезгілдің өлеңін жатқа, мәнерлеп оқу.
5.     Абай әндерінен сайыс

Таныстыру

(әр сыныптар өз топтарын таныстырып өтеді)

(көрініс)

Жүргізуші:Әжесі Зере мен анасы Ұлжан халқын, ел жұртын сүйер маейірімділікке, үлкен жүректі ұлылыққа баулиды.Зере Абайға ел тарихын айтып, халқының тұрмыс тіршілігімен таныстырып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретеді. Зере әженің тәрбиесінде болған ұлы ақынның балалық шағынан көрініс.

-Кел, Абай жан, қоңыр қозым, қымыз ал!

-Әже, бұлдыр бұлдыр күн өткен, бұрыңғыда кім өткен?

-Е, балам, сенің арғы аталарың өз заманының беделдісі, ел басқарған, нағашыларың да сөзге шебер болған дана адамдар. Адам баласы ақиқатты іздейді, соған талпынады.Егер оның іс әрекеті, ақыл ойы неғұрлым ақиқатқа жақын болса, ондай адамның қалдырған ізі де жарқын болмақ.Халқына жақын, жақсы адам үнемі жарқырап тұратын пасыл тас сияқты.Шын асылдың асылдық қасиеті жоғалмайды.

-Мал жұтайды, өнер жұтамайды, оқуды өнер білімнен үйрену керек екен ғой!

Жүргізуші:Өнерді оқу білімнен үйренген Абай артына мол қазына қалдырып кетті.

2-кезең сұрақтар.

1.     Абайдың неше қарасөзі бар?
2.     Абайдың ерекше үміт күткен баласы?
3.     Бірлік, ынтымаққа шақырған қарасөзі?
4.     Абайдың ғашығы?
5.     Әкесінің аты?
6.     Анасы кім?
7.     Абайдың атасының есімі кім?
8.     Абайдың поэмасы?
9.     Абайдың шын есімі?
10.  Бесінші қарасөзінде не туралы айтылған?
11.  Әжесінің есімі кім?
12.  Пушкиннен аударған шығарма?

«Абайға арнау»

Абайды құрмет тұтып басқан алға

Жас жүрек жыр жазудан жасқалар ма?

Дәл өзіңдей айбынды ақын болу,

Арман болып қалмақ тек басқаларға

Сен жазған саф өлеңінің қымбат бәрі

Пәктігі сәбидейін құндақтағы

Оқыған жанға бірден сезіледі

Қастерлейін халқының жат тынысын

Қасиетіңді көп сырдың жатқаны шын

Қарасөздің киесі қонған Абай

Қазақтың қайсар рухты мақтанасың

 

Жүргізуші:Абайдың өлеңдері сегіз қырлы

Жұмбағына байладым мың бір сырлы

Жалықпаймын оқудан өлеңдерін

Сіңіп жатыр санама сіуле нұрлы

Ендігі кезекті Абай өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқуға береміз.

(Оқушылар Абай атамыздың өлеңін жатқа оқиды)

 

Жүргізуші:Әр сөзің өнеге ғой ұрпағыңа

Теңеймін мен өзіңді биік шыңға

Арманым болмас еді бұл өмірде

Сіз секілді кіре алсам жыр бағына

Абай жаны құбылыс, мәңгі жұмбақ

Біздер үшін ұлы Абай биік тұрмақ   

кезекті мезгіл өлеңдері бойынша сурет көрмесі және сол мезгілдің өлеңін жатқа оқу.

(5-сынып күз, 6-сынып жаз, 7а сынып көктем, 7бсынып қыс мезгілдері берілген. Сол мезгілде салынған суреттерін қорғап шығу.)

Жүргізуші:Қазақ халқының тарихында Абай атамыздың алатын орны ерекше, оның қаламынан қазақтың ән өнерін дамытқан тамаша әндер туды.

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менші сүй                                                                         

деп Абай атамыз айтқандай, сайыс кезегін әнге берейік.

(әр топтан бір оқушы Абай әндерін орындайды)

Би: «Қаражорға» Өтеубаева Торғын

Жүргізуші:Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны тереі сай

Тасыған өзен гүрілдеп

Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзді өзі

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі

Біз үшін Абай өмірі үлкен тәрбие мектебі, себебі оның қарасөздерінің, өлеңдерінің, әндерінің білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынынына көз жеткізіп отырмыз. Ұлы ақын, дара ақын, дана ақын Абай атамызға арналған сайыс қорытындысын баяндауға сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

12 сәуір – Дүниежүзілік ғарышкерлер күні.

 

Адамзат ғарышқа ұшу туралы бұдан жүздеген жылдар бұрын армандаған еді. Көкке көтерілудің жолдарын анық білмесе де, Айға, әлемнің алыс қиырындағы жұлдыздарға жету туралы қиялдайтын. Ең әуелі жеңіл газ  толтырған шардан қарапайым ғана самолетке, одан алып лайнерге ең ақырында қазіргі күнгі қуатты рактеталарға, көп сатылы ғарыш космос кораблдеріне жеткен ғылым мен техниканың дамуы осы бір өжет қиялдан басталғаны сөзсіз.  1957 жылдың 4 қазаны адамзат тарихындағы үлкен бір уақиғалы күн болып саналады. Кеңес Одағы ең бірінші дүниежүзінде Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш жердің жасанды серігін ұшырып, адамзатқа ғарыш дәуірінің басталғанын аңғартты. Бірінші жер серігі орбитаға шығарылғаннан кейін ең алдымен ғарышқа «Лайка» атты ит ұшырылды. Байқоңыр ғарыш айлағынан адам ұшыру 1961 жылы іске асты. 1961  жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагарин дүниежүзінде тұңғыш рет ғарышқа көтерілді. Осыдан бастап Байқоңырдан ғарышкерлер ғарышқа үздіксіз аттануда. Ю.А. Гагариннің ғарышқа көтерілуінен бастап астрономияның  жаңа саласы – космонавтика жедел дамып келеді. Ғарышкер, астронавт, космонавт-ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін, әрі оны пайдаланатын адам.  Космонавтика әлем кеңестігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді. 12 сәуірде ұшқыш – ғарышкер Ю.А.Гагариннің «Ал кеттік» деген сөзін естігендер  ұмтылмас тарихты қуаныш сезіммен еске түсіреді. Гагарин басқарған «Восток» кораблі жер планетасы бойынша бір айналым жасап, ол ғарышта 108 мин болып қайтты. Бұл теңдесі жоқ ұлы ерлікке космонавтиканың  негізін салушы К.Э. Циолковский мен ғарыш дәуірінің бас конструкторы С.П. Королевтың қосқан жарқын қол таңбаларының орны бөлек еді. Ю.Гагариннен кейін ғарышқа тұңғыш – ғарышкер әйел В.Н Терешкова көтерілді. Гагарин техникасын дамыту қарқынды түрде атқарыла бастады.

Дүниежүзіндегі аса ірі ғарыш алаңы  Қазақстанда Байқоңырда және АҚШ-та Шығыс сынақ полигоны Флоридада   орналасқан. Қазір ғарышқа 300 – ден астам адам ұшқан.Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991ж), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001ж) бар.

 

Сынып 5а. Сынып жетекшісі: Қартаңбаева К.                                                           Тербейік тәуелсіздік тал бесігін»
Мақсаты:
1)     еліміздің Тәуелсіздік алып жеткен жетістіктерімен таныстыру, Отанымыз Қазақсатанды өрекендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру.
2)     Желтоқсан құрбандарын еске алу, тіл байлықтарын, сана сезімдерін дамыту
3)     Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, Отанды сүюге тәрбиелеу
Көрнекіліктері:Қазақ елінің рәміздері, нақыл сөздер.
Техникалық құрал: интербелсенді тақта.
Барысы.
Мұғалім:Армысыңдар, әріптестер, оқушылар!
«Тербейік тәуелсіздік тал бесігін» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. Әсіресе Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететіні енді ешқандай күмән жоқ. 1991жылы иісі қазақ тәуелсіздікке қолы жетіп шаттыққа бөленді.
Шексіз-шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шомылмай жылына ма?
Сүй Отанды шынымен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да,- деп Мұқағали ақын жырлағандай біздің 5 сынып ұл-қыздары осы дәстүрді тоздырмай, жоғалтпай бүгінде сіздерге   өздері дайындаған ертеңгіліктерін бастаймыз.
Қазақстан-Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
1-оқушы (Гүлсезім)
Жыр ғұмыр,жан азығым,әнұраным,
Мен сені естімесем сағынамын.
Алтынға айырбастамас ата-анамдай
Туғалы сенсің менің танығаным.
Шексіз көк аспанды жамылады,
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын
Әнұран-Мемлекеттің  халық әні. (әнұран орындалады)
2-оқушы (Данияр)
Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз! Неге соншама қастерлі ұғым! Әдетте әр халық, дәлірек айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге күш салады.Өзі мекендейтін жерді жаудан жанын сала қорғайды. Бұл — атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр.
3-оқушы(Салтанат)
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жөргегінде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын биікпін байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың ғасыр тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім
4-оқушы(Арман)
Біз қазақпыз, ел үшін атқа мінген
Жаным жатқан лапылдап отқа түскен
Бойтұмыр ғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген
Біз қазақпыз, қастерлер баба салтын
Аман бол айналайын дана халқым
Күн туса атқа қонам бір сен үшін
Міне жаным, міне қаным, міне антым
5-оқушы(Перизат)
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын алтын әнім жас өркені халқымның
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
6-оқушы(Думан)
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың,
«нашақор»деп»маскүнем»деп айыпталды ұланым
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым?!
Айналайын ,айналайын ,жас Қайратым,қыраным?!
ән: «Желтоқсан желі».Көрініс:«Апасы мен немересі»
7-оқушы (Айнұр)
Кетпес мәңгі көңілден
Қырдың гүлі қырмызы
Ағып түскен көгімнен
Желтоқсанның жұлдызы –
Ләззат пен Сабира
Атыңды айтар кәрі-жас
Арын темірқазық қып
Зұлымдыққа жаны қас
Адалдық пен нәзіктік.
8-оқушы: (Қуаныш)
Желтоқсанның бораны
Желтоқсанның қар-мұзы
Ұмытылған жоқ әлі
Жалпы жұрттың жалғызы
Шығар шақта қайраңнан
Атқа қону –ар ісі
Қайран елдің қайраңнан
Қасиетті намысы
Булықтың да бұлқындың
Қара ормандай жұртымның
Қайсар туған қыздары –
Ләззат пен Сәбира
9-оқушы:(Димаш)
Желтоқсанның ызғары ай
Кірпікке қатқан мұздар ай
Елімай деп егілген
Қаһарман ұл-қыздары ай !
10-оқушы 🙁 Әсел)
Көтерілді жастарымыз алаңға
Көтерілді студент қыз балаңда
Қан төгілді намысы үшін қазақтың
Ерліктері жайылды кең алаңға
Қаһарманын ұмытпайды халықтар,
Ерлігіне тағзым етем қашанда,
Тәуелсіздік алып берген Алыптар!.
Ән:«Қара бауыр қасқалдақ»
11-оқушы:(Сая)
Бүгінгі біздің бақытты өміріміз үшін қан төгіп құрбан болған боздақтарымыз мәңгі есімізде. Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен әкелер мен ағалар,апаларға басымызды иеміз! (1минут еске аламыз)
12-оқушы:(Асхат) «Түрме жыры»
Темір тор жамбасыма тақылдайсың
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміртіп темір торға қаматқанша,
Сұм дүние бұл жалғаннан неге алмайсың
Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,
Қу тағдыр тарттырды ғой түрме дәмін
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік
Ас берер ортасында жалғыз тесік
Күніне ұстатары үш тілім нан
Өлмейтін саған тиер осы несіп.
13-оқушы:(Еркемай)
Жалалы боп қатты батты жаныма
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер ай айтып айтпай не керек
Жазған екен маңдайыма сорыма
Біріншіден мен анамды сағындым
Екіншіден бұл құдайға не қылдым?!
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді міне абақтыға жабылдым.
14-оқушы:(Зарина)
Әкетай-ау пайғамдардай жасың бар
Бола бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді «масылдар»
Айналайын ағалармен жеңгелер
Бұл өмірде сіздерге кім тең келер?
Сүмірейіп сот алдында отырған
Бауырыңды енді кімдер ескерер?!
15-оқушыL(Аяжан)
Өздеріне аман-саулық тілеймін
Өздеріңмен бірге болсын тілегім
Өздеріңе тіл қта алмай достарым
Қайғы мұңлы өмірімді бастадым
16-оқушы :(Айжан)
Айналайын қарындасым қарағым
Қолда кісенмен айдауға барамын
Қайғы шегіп , азап тартқан ағаңды
Айтшы жаным қандай жанға баладың?
Айналайын інішегім құлыным
Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға құлыным
17-оқушы (Аружан)
Қош болыңдар ағайын туыс бәріңде
Қош болыңдар жасыңыз да кәріңде
Қараңғылық баста тұрмас қашанда
Бостандықта кездесеміз әлі де
18-оқушыL(Мәлика)
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып,мынадай қылмыстық жазаға тартылды: Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан Қазақ КСР Қылмыстық кодекснің 173-бабы бойынша өлім жазасына кесілді.
19-оқушы (Бекұлан)
Күнәдан таза басым бар.
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты-құрбандық»
Атам десең атыңдар
Тәрбие сағатымызды «Қара жорға» биі биленіп, аяқталады.
«Тұран топырағының даңқты перзенті Жалаңтөс Баһадүр»
     Сыныбы: 9а                  Сынып жетекшісі: Нажмадинова А.
Мақсаты: Оқушыларға Тұран топырағының даңқты перзенті Жалаңтөс Баһадүр туралы түсінік бере отырып, Отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, топтық, СТО бағдарламасы стратегиясы.
Көрнекілік: суреттер, бүктемелер, интерактивті тақта.
Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
1. Жалаңтөс Баһадүр кім ?
2. Қай рудан тараған ?
3. Қандай ерлік істерін білесіздер?
— Жалаңтөстің тұсында қазақтың еш жерде бағы кеміп, қырға да қожа бола білген, ондай перін оған дейін де, одан кейін де көп бола қоймапты. Келешекте де туар, не тумас. Туса да бір кезде Жалаңтөстей бабамыз болғандықтан туар. Тұлпардан тұяқ, бәйтеректен бұтақ қалсын деп тілейік, — деп Ә. Кекімбаев ағамыз ерекше баға беріп, орны мен атқарған халық үшін қызметін, ерлігін, ұлылығын төріне жеткізе тұлғалаған. Жалаңтөс сегіз ағайынды болған. Әкесі Сейітқұлдың кіндігінен Сейтпембет, Төлеш, Ақша, Жалаңтөс, Матай, Дүйсеней, Қоян (Қожамқұл), Түрікпен тараған. Сейітқұл әрі хан, әрі би болған, ал сегіз ұлы да ел басқарған, батыр, көсем, шешен де болған.
Баяндама: «Таңбасы өшпес Баһадүр»
Көркемсөз: «Батыр бабаға»
«Шир – Дор медресесі және кемеңгер баба Жалаңтөс»
Көрініс:
Жоғарыдағы көріністен бабаның өмір жолынан бір сәттік қойылым көріңіздер Жалаңтөс өз кезінде Жәңгір ханмен тұстас болып, Қазақ жерін жаудан, жоңғарлардан қорғаған. Қазақтың табаны тиген жердің барлығы ата – қонысың. Оның еш жаттығы жоқ. Қайда жүрсеңдер де қазақсыңдар деп қол астындағы сарбаздарын жігерлендіріп отырған.
«Орбұлақтағы тарихи шайқас».
«Мақал – мәтел» сайысы.
Батырлық, ерлік. Туған жер тақырыптарында.
Топтық тапсырма.
1 топ: «Елім деп өткен ер» эссе жазу.
2 топ: «Батыр баба, бас иеміз өзіңізге» өлең шығару.
3 топ: «Бабаға хат» хат жазу.
Викториналық сұрақтар.
Қорытындылау.
Көрнекіліктермен таныстыру.
Ана тілім қанатым.
(тәрбие сағаты)
Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру, ана тілін құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Сынып сағатының тақырыбы, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Барысы:
Мұғалім: біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі орындылығында, өрлігінде, орасан зор байлығында. «Ана тілім-қанатым» атты тәрбие сағатымызды қабыл алыңыздар.
1-оқушы:
Қайта туды қазағымның ай-күні,
Күннен күнге асар ма екен айбыны.
Тоқсан жылда өттік талай кемуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.
2-оқушы:
Тіл дегенің тиегі ғой жырдың да,
«ештен кештеу» түсінгендей жұртым да.
Шықпағанда Республика Тіл заңы
Елдігім де кетер ме еді құрдымға
3-оқушы:
Тілім менің!
Осы тілде шежірем,жырым менің
Асан қайғы арманы ,Қорқыт күйі
Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.
4-оқушы:
Тілім менің!
Ұлы Абай,Мұхтардай пірім менің
Тұнығым рухани жан азығым
Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.
5-оқушы:
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп,мың тірілді елім
Аралыммен, арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау-парызым бүгін менің
6-оқушы.
Тілім менің
Жауға айбарым,ұраным,туым менің
Найзасымен тең ұстап осы тілді
Намысымды қорғады Сырым менің
2-бөлім
 «Халық айтса, қалт айтпайды?» Мақал- мәтелдердің жалғасын табу, ұйқасын тап.
1)      Ана тілін білмейтін адам….
2)      өнер   алды…
3)      тіл тас жарады…
4)      тіл буынсыз….
5)      басқа пәле …
6)      бал тамған тілден…
7)      бас кеспек болса да…
8)      тіліңмен жүгірме….
9)      өтірік сөз …
10) өтіріктің құйрығы …
3-бөлім
«Мақал мәтелдер» айтысы.Көрініс.
-Сәлеметсіз бе? Көрген жерде ауыл бар деп келіп қалдық.
-«Алыстан алты жасар бала келсе,алпыстағы қария сәлем береді»- демекші қалыңыз қалай?
-Алыстан сәлем береді.
-Әдепті елдің баласы»- дегендей әдепті бала екенсіңдер.
-Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады, келіңіздер, төрге шығыңыздар.
-«Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше»- демекші таныса отырайық.
-«Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деген.
-Есіміңіз кім?
-«Ас адамның арқауы»деген, ас алып отырайық.
-«Жақсы ас қалғанша,
-«Жаман қарын жарылсын».
-«Досыңның асын, қасыңдай іш».
-«Дастарханға ас қойдым ,екі қолды бос қойдым» деген, ас алайық,.
-«Көңілмен берсе, қара суда бал татар»
-«Қонаққа кел демек бар да, кет демек жоқ»,жақсы отырдық, қайтайық.
-«Қырықтың бірі қыдыр» деген, келіп тұрыңыздар.
-«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» деген, кәне бата беріңіз.
Жүргізуші
Қазақ тілі, ақжолтай ана тілім,
Анық маған сөнбестей жанатының.
Анық маған болашақ замандарға
Бөгделенбей, бөгелмей, баратының.
Ән: «Елім менің»
Қорытынды
 Мұғалім: тіл байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл біздің ұлттық намысымыз, арымыз, барымыз. Тіл мерейі – ел мерейі. Ана тіліміздің мерейі үстем болсын!
Тақырыбы:«Ата — баба дәстүрі — әдептілік негізі»
   Сыныбы: 6б    Сынып жетекшісі: Шынтаева Г.
 Мақсаты:
—   Оқушылар бойына халқымыздың қадір – қасиетін сіңіріп, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, кішіге қамқор болуға үйрету;
—   Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойларына дарыту, тіл байлықтарын арттыру;
—   Дені сау, ұлттық сана –сезімі оянған, салт – дәстүрден нәр алған иманды, ибалы, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу;
Міндеттері:
1.      Атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы түсінік беру;
2.      Әр оқушының санасына ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге деген құлшыныстарын қалыптастыру;
3.      Таным қабілеттерін арттыру;
Көрнекіліктері:
—         Нақыл сөздер, мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, қабырға газеттері буклеттер, альбомдар, сөзжұмбақтар, ребустар салынған суреттер көрмесі;
—         Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары;
—         Интерактивті тақта;
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сыныпты даярлау, безендіру;
а) Қонақтар шақыру;
ІІ. Сабақты ашу.
      Залда «Қазақ осы» әуені орындалып тұрады. Қазақтың ұлттық киімдерін киген ұл – қыздары шығып, қонақтарды қарсы алады. Қонақтар жайғасып отырғаннан кейін, мұғалім қонақтардың назарын ұлттық киім киген оқушыларға аударады.
1-оқушы: Тегінде әдеп амандасудан басталады. Үлкенге сәлем беру – кіші адамның міндеті. Сондықтан,достар, біз ең алдымен сабағымызды қонақтармен сәлемдесу салтымен бастайық!
Оқушылар хормен: «Сәлеметсіздер ме, қонақтар?!»
2-оқушы: Туылған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
3- оқушы: Ата –бабам ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
4-оқушы: Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай бар біздің,
Дәстүр менен салтымыз.
Мұғалім:
—                 Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт – дәстүрлері, асыл қазыналары, мұраларымен танысу. Сондай – ақ, бүгінгі тәрбие сағатымызда біздің ұл – қыздарымыздың мұны қаншалықты біліп, құрметтей, қастерлей алатындарының куәсі боласыздар.
—         Бүгін сіздердің назарларыңызға «Қазақ осы!» бағдарламасын ұсынамыз.
Бүгінгі хабарымыз: « Ата -баба дәстүрі — әдептілік негізі» деп аталады.
Хабардың демеушілері: ата – аналар, ұстаздар қауымы.
Хабарға қатысушылар: 6б сынып оқушыларынан құралған 4 топ.
—   Хабар барысында салт — дәстүрге байланысты әр – түрлі тапсырмалар беріледі. Ең бастысы, сол тапсырмаларды орындау арқылы, салт – дәстүрімізді қаншалықты құрметтей білетіндігімізді көрсету.
Қазақ халқының салт –дәстүрлері:

 

тұрмыстық

салт – дәстүрлер

 

бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер

 

 

әлеумет

салт – дәстүрлер

 

 — Бала тәрбиесіне байланысты әдет – ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бастап жүргізілетін тәлім – тәрбиелік дәстүрлер жатады. Ендеше, баланың дүниеге келген күнінен бастап жүргізілетін қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?!
Баланың дүниеге келген күнінен бастап
жүргізілетін салт – дәстүрлердің түрлері:
                                           шілдехана      сүйінші сұрау         шашу          бесікке салу        тұсау кесу        сүндет той
—   Міне сол туралы оқушыларымыз сіздерге қысқаша баяндап береді.
5 – оқушы: Шілдехана – жаңа туған нәресте құрметіне жасалатын ойын – сауық той. Бұл тойға қонақтар шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл өмірге адамның келгеніне, қуанышқа ортақтасу белгісі.
6 – оқушы:  Қуанышты хабар жеткізуші «Сүйінші!», «Сүйінші!» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі. Сүйінші сұрау, оны алудың еш ерсілігі жоқ.
7 — оқушы: Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалынатын салтанатты дәстүр. Кәмпиттер, теңгелер, тәттілер шашылады.
8 – оқушы: Бесікке салу – халқымыз үшін елеулі дәстүр. Бесік – киелі, қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы болып табылады. Бесікк салу жолы елдегі үлкен тәрбиелі, өнегелі әжелерге тапсырылады. Бесікті отпен аластатып, тыштырма жасап алып баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі зат қойылады. Бесікке салған адамға сыйлық беріледі.
Мұғалім:  Қырқынан шығаруда баланың туғанына қырық күн толған соң, оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл рәсми дәстүр.
9 – оқушы: Тұсау кесер — «Тұсауыңды кесейін – күрмеуіңді шешейін» деп сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын ырым. Ол үшін арнайы ала жіп даярлайды. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Баланың аяғын тұсап, аяғын жылдам басатын адамға қидырады. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашады.
10- оқушы: Сүндеттеу рәсімінде алты — жеті жасқа толған ер баланы сүндетке отырғызады. Сүндеттеу денсаулыққа, тазалыққа аса пайдалы. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол әр ата -ананың борышы. Үлкен той жасалынады.
Мұғалім: — Міне, осындай баланың дүниеге келген күнінен бастап жүргізілетін көптеген салт – дәстүрлеріміз бар екен. Біз солардың аз ғана бөлігін атап айтып отырмыз.
-Енді сіздер солардың бірі « Бесікке салу» рәсімінен көрініс тамашалаңыздар. Бесікке салу рәсімін Гүлфарида анамызға береміз.
(Сахнада «Бесік жырын» орындап отырып, бесіке салу рәсімінен көрініс көрсетіледі .)
 Мұғалім: Жоғарыда айтып өткендей, бесікке салу – үлкен салт – дәстүр. Бесікке салған адамды ерекше құрметтеп, сыйлықтар береді екен. Ендеше, Гүлфарида анамызға зор денсаулық тілей отырып, 6 сынып оқушылары атынан сыйлықтарымызды ұсынамыз.
      Әлиева Алтынайдың орындауында «Қазақтың дәстүрлері – ай!» әнін бірге тамашалайық.
 -Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың белгісі деп таныған. Сондай – ақ олардың мұндай қасиеттерін жоғары бағалап, «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі», «Қызы бар үйдің қызығы бар» деген бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсетсе керек. Сондай – ақ қазақ халқының салт – дәстүріндегі «Қыз айттыру», «Қыз ұзату», «Құда түсу», «Қалың мал», «Сыңсу», «Қыз ұзату», «Қоштасу», «Жар – жар», «Бет ашар» т.б. сияқты әдет – ғұрыптырдың да өзіндік ерекшеліктері бар.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдайжүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білгін ізгі салтын.
Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.
-Қыз бала келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйытқысы деп түсінген халқымыз барда арулар туралы айтпай кету мүмкін емес. Сондықтан да осындай аруларымыздың құрметі үшін ерекше шапалақпен құрмет көрсетіп, Думан мен Досболдың орындауындағы «Қыздар – ай!» әні сыныбымыздың барша ару қыздарына арналады.
                           Ән. « Қыздар – ай!»
 Мұғалім: — Қазақ халқы ежелден қарапайым, кішіпейіл, қонақжай халық. Жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп -қонып жүрсе де әрбір мейманды «құдайы қонақ» деп жылы қарсы алған. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» дейтін бұл халықтың даналық сөзі тағы бар. Ендеше, хабарымыздың келесі айдары қонақтарға тартылатын табақтардың түрлеріне байланысты болмақ.
      Қазақта қонақтарға тартылатын табақтардың түрлері өте көп. Олардың ең негізгілері:
             бас табақ                  сый табақ                 қос табақ
Қонаққа тартылатынтабақтардың түрлері

                                                                                                                                                    

           жай табақ              жастар табағы           келін табағы
—         Кезекті оқушыларымызға береміз. Табақ тарту рәсімімен таныстырып өтеді.
1 – оқушы: Бас табақ жасы үлкен қарттарға, аса сыйлы қонақтарға тартылады. Оған салынатын кәделі мүшелер: бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе қабырға, қойдың ұлтабары, жылқы етінен – қазы – қарта, жал, жая. Ал, жай табаққа ортан жілік бастаған жауырын мен тоқпан жілік, қабырға, омыртқа салынады.
2-оқушы: Қос табақ – құдаларға тартылатын арнаулы табақ. Мұның да кәделі мүшелері бас табақпен пара –пар. Оның қос табақ деп аталатын себебі, құда , құдағидың көпшілікпен бірге жегенінен.
3- оқушы: Сый табақ – жекжаттық қатынасы болмаса да ерекше сый – құрметке лайық адамдарға тартылатын қосалқы табақ.
4- оқушы: Естеріңде болсын, бас табақ, қос табақ, сый табаққа жауырын, тоқпан жілік сияқты кәдесіз жіліктерді араластыуға болмайды.
Мұғалім: Мен осы орайда өзімізге таныс Зейнеп Ахметованың естелігінен мысал келтіріп өтейін.
 («Бас тарту». Зейнеп Ахметова. Бауыржан Момышұлы туралы естелігінен)
— Бірде ата өзінің тұстастарын үйге қонаққа шақыратын болды. Өзімше керемет дайындалдым деп ойладым. Шынында да бар өнерімді салдым. Қонақтар кеткеннен кейін атамның қабағы түсіп , мұрты салбырап кетіпті. «Не болып қалды екен, қай жерден қателік жібердім екен» деп ішімнен қыбыжықтап жүрдім. Бір кезде атам бетіме қарап тұрып: — Әй, балам, сен бүгін төрт қателік жібердің, — дегенде шай құйып отырған едім , самауырдың құлағына кіріп кете жаздадым.
— Есі дұрыс қазақтың әйелі басты көтермейді. Сен басты өзің көтеріп кірдің. «Білмегенді құдай кешіреді» деген, әйтпесе сенің бас иең аман. Екінші бас көтеруші болма. Екінші қателігің, басты қасқаламай әкеліпсің. Қасқалау деген –төрт құбылаң тең болсын, маңдайың ашық болсын деген сөз. Ал, үшінші қателігің, тісін қақпапсың. Біріншіден, ол тазалық, екіншіден, бұрынғы кездері ол ишара болған. Мәселен, көңіліңде қонаққа деген бір реніші болса , бірақ тура айтуға бата алмай жүрсе, бастың тісін қақпай алып келеді. Сонда әлгі адам: — Е, мынаның маған бір тісін басып жүрген өкпесі бар екен ғой, — деп бірден біле қойған. Төртінші қателігің, қой шүйдесімен жүрмейді, тұмсығымен жүреді. Ал, сен шүйдесімен алып кірдің, — деген екен.
               Ойы биік, арманы алыс,
               Жаны жомарт, ай қабағым.
                Көкірегі толған намыс,
                Қазағымнан айналайын ,
— дей келе қонақ келгенде айқара ашып ақ жүректіліктің белгісіне айналған ақ дастарханымыздың құрметіне бәріміз «Дастархан» әнін бірге орындайық .
                            ХОР: « Дастархан» әні
Мұғалім:
—                       Қай заманда болмасын ұлы мұрат – міндеттердіңең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саналы, зерделі ұрпақ тәрбиелеу.
Жан – жақты жетілген, ақыл – парасаты мол, салт–дәстүрімізді сақтайтын ұрпақты сіз болып, біз болып бірге тәрбиелей білсек, сонда ғана ұрпақ тәрбиесі жемісті болмақ.
Хабарымыздың келесі айдарын бастамас бұрын, қыры мен сыры мол сандар жайында айтып өткім келеді. Халқымызда сандарға байланысты нанымдар мен сенімдер, ырымдар өте көп.
    — Үш санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
                             Үш санына байланысты ұғымдар:
                       Үш жүз          Үш жұрт        Үш қуат
     Үш тоқтам      Үш көз     Үш жамандық      Үш арсыз
—         Төрт санына байланысты қандай ұғымдар бар?
                        Төрт санына байланысты ұғымдар:
             Төрт кітап                       Дүниенің төрт бұрышы
—         Қазақ халқы жеті санын қасиетті деп санап, оған байланысты нанымар мен сенімдерді зерделеген.
          Ендеше, жеті санына байланысты қандай наным – сенімдер бар?
     Жеті санына байланысты ұғымдар:
              — Жеті қазына
                          -Жеті ата
                                      -Жеті күн
                                                  -Жеті  жұт
                                                            -Жеті жоқ
                                                                         -Жеті жетім
—         Бес санына байланысты ұғымдардан не білеміз?
                      Бес санына байланысты ұғымдар:                                                                               
  Бес қару                 Бес дұшпан               Бес парыз
       — Сандарға байланысты ұғымдармен таныс болсақ, хабарымыздың келесі айдары үш санына байланысты «Үш қуат» деп аталады.
   —   Бағдарламыздың « Үш қуат» аталуының үлкен себебі бар.
                               Үш қуат дегеніміз не?
   Ақыл қуат                   Жүрек қуат                    Тіл қут.
 
       Мұндағы:
— « Ақыл қуат» — ата –аналар қауымы
— «Жүрек қуат» — оқушылар қауымы
— «Тіл қуат» — ұстаздар қауымы
Шарты:
         Сынып оқушылары 4 топқа бөлінген. Бүгінгі сабағымыздың қонақтары ұстаздар мен ата – аналар қауымы. Әр топқа бір ұстаз, бір ата –анадан барып қосылады. Келесі орындалар тапсырмалар осы аталған үш қуаттар аралығында өткізілетіндіктен, берілген тапсырмаларды бірге орындап, жеңімпаз топты анықтаймыз. Сондықтан, бірге ат салысып, жеңімпаз атанып, өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бірге бөлісейік.
Алдымен, «Үш қуат» бағдарламасының жоспарымен таныс болыңыздар.
Жоспары:
1.     « Сөздің көркі – мақал» айдары
2.     «Кім көп біледі?» айдары
3.     « Ойлайық та, ойнайық» айдары
4.     « Көп түкірсе — көл» айдары
1.     «Сөздің көркі – мақал» айдары. Мақал –мәтел сайысы. ( әр топтың ұстаздары сайысады
2.     «Кім көп біледі?» айдары. Тыйым сөздер айтудан сайысады. ( әр топтың оқушылары сайысады)
3.     « Ойлайық та, ойнайық» айдары. Әр топтың ата – аналарымен жүргізіледі. Берілген сұрақтарға таңдаған әріптеріне орай жауап беру.
4.     « Көп түкірсе – көл» айдары. «Шілдехана» сөзінен 1 минут ішінде бірнеше сөз табу.
          «Ойлайық та, ойнайық» айдарының сұрақтары:
1.      Сіз қандай ата –анасыз?
2.      Балаңыздың бойында өзіңізге ұнайтын қандай қасиеті бар?
3.      Балаңыздың бойындағы қандай қасиеті сізге ұнамайды?
4.      Өз бойыңыздағы қандай қасиетті балаңызға үйретудесіз?
5.      Балаңыз неге қызығады?
6.      Балаңыздың досы кім?
7.      Сіз балаңызды қалай еркелетесіз?
8.      Үйге барған соң не істейсіз?
9.       Балаңызға қандай талап қоясыз?
10. Балаңыз қандай пәнді ұнатады?
11. Болашақта кім болғанын қалар едіңіз?
12. Салт – дәстүр жайында балаңызға не айтасыз?
13. Салт–дәстүрге байланысты қандай мақал айтар едіңіз?
14. Салт дәстүрге байланысты тыйым сөз айтыңызшы?
15. Балаңыздың бүгінгі көңіл – күйі қандай?
16. Балаңыздың сыныптас досынан кімді үлгі тұтасың?
17. Балаңызға қандай тілек тілейсіз?
18.  Сіз үшін бәрінен не қымбат?
19.  Қазіргі көңіл – күйіңіз қандай?
20.  Әдептілік дегеніміз не?
 — Мұғалім: Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, адалдығымен, әдептілігімен ардақталады. Қазақ халқы ерте кезден – ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Халқымыз өз ұрпағын:
      Әдептілік, ар –ұят,
      Адамдықтың белгісі.
      Тұрпайы мінез, тағы жат
     Надандықтың белгісі, — деп әр баланың әдепті, сыпайы болып өсуін қадағалаған. Ал, біздің жастарымыз әдептілік жайында не айтады екен?
1-оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,
                 Төсегіңді жина өзің.
                 Асықпай іш тамақты
                 Жалама аяқ – табақты.
2-оқушы: Нанды үгітпе, қадірле,
                 Қабығымен бәрін же.
                 Салма инені аузыңа,
                 Үзбе жұлып түймені.
3-оқушы: Ашуланбай, дуланып,
                 Жауап бергін ойланып.
                 Айқай бәрін жеңбегін
                 Түсіндіргін жәйменен.
4-оқушы: Құр бекерге қылқима,
                 Болмашыға бұлтима.
                 Іштарлыққа жол берме,
                 Бақталастық білдірме.
—   Мұғалім: Хабарымыздың келесі айдарында бізге жолданған құпия хаттардың сауалдарына жауап іздейміз. Мұнда оқушылар біздерден ақыл – кеңес сұрап, түрлі хаттар жолдайды. Ендеше, кезекті « Құпия хаттар» айдарына берелік.
1-хат.  «Құрметті, бүгінгі «Ата – баба дәстүрі — әдептілік негізі» хабарына қатысушы достар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ, өтірікші. Көзбе көз өтірікті айта қояды. Ойнап жүргенде үй – ішін, әр түрлі нәрселерді айтып мақтанады. Бірақ, ойынды жақсы ойнайды. Мен осы мақтаншақ, өтірікші баламен дос бола берейін бе?»
2-хат. «Сәлеметсіздер ме, бүгінгі «Ата – баба дәстүрі — әдептілік негізі» хабарына қатысушы апайлар. Менің де сіздер секілді ұстаз болғым келеді. Бірақ, үлгірімім нашар. Мен бұл арманыма жету үшін не істеуім керек? Нашар оқыған оқушы ұстаз бола ала ма?»
3-хат. «Сәлеметсіздер ме, бүгінгі «Ата – баба дәстүрі — әдептілік негізі» хабарына қатысушы ата – аналар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап, ойнап үй тапсырмасын орындамай келеді. Мұғалім сұрағанда әр түрлі сылтаулар айтады. Сабақты менен көшіріп алады. Мен бермейін десем, кейбір оқулықтарды сонымен бірлесіп оқимын. Сондықтан ол мені «саған кітап бермеймін» деп қорқытады. Ал, мен оқулықтарымды бермесем «сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек?
— Мұғалім: Біздің халқымыз асыл қазыналарға өте бай. Біз бүгінгі хабарымызда соның аздаған бөліктерінен ғана мысалдар келтірдік. Хабарымыздың барысында ерекше белсенділік танытып, «Үш қуат» айдары бойынша жеңіске жеткен топты әділқазылар алқасы анықтап болған секілді. Ендеше, сөздің кезегін аділқазы алқасы Гүлжахан апайға берейік.
 — Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Қазақ үшін ең құнды, ең қасиетті мал – жылқы. Сый – сыйяпат, кәделі жерлерде халық ер азаматтарға жылқы мінгізіп, шапан жапқан. Ендеше, бүгінгі «Қазақ осы!» хабарындағы бүгінгі «Ата — баба дәстүрі — әдептілік негізі» атты бағдарламасының «Үш қуат» айдарында ерекше қасиеттерімен, қабілеттіліктерін танытып жеңімпаз атанған «————————» тобының құрметіне қазіргі таңда халық назарына ілініп, ерекше құрметке ие болған «Қара жорға» биімен «Бишілер» тобын ортаға шақырамыз.
— Алдымен сіздерге Әділбек Думан «Қара жорға» биінің шығу тарихымен таныстырып өтеді.
    Би: « Қара жорға»
 — Мұғалім: Мінекей, балалар!Болашақ елдің ізбасарлары  сендерсіңдер. Сондықтан халқымыздың осындай асыл қазыналарын әркез есте сақтап, тұрмыста қолдануға әдеттеніңдер.
 — Өз денсаулықтарыңды нығайту үшін үнемі таза, ұқыпты жүріңдер.
 — Осымен хабарымызды аяқтай келе, демеушілік жасаған ата – аналар мен ұстаздар қауымына шексіз алғысымызды білдіреміз.
— Уақыт бөліп, бірге қатысып балаларыңызға үлгілі, өнегелі ой салып, сыр бөліскен ата — аналар қауымына, жақсы қасиеттерін аямай еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымына осы кешті пайдалана отырып, алғысымды білдіремін.
Қазақ халқының емдік сусындары.
(тәрбие сағаты)
Сыныбы: 10б    Сынып жетекшісі: Шәріпова А.
Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының емдік сусындары туралы мағлұмат беру, Туған жерге деген сүйіспеншілікке баулу.
Түрі : тәрбие сағаты
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе.
Мал және одан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған.
Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ, тағамдар жасап шығарған. Сүт тағамдары да денсаулыққа да пайдалы және қоректік қасиеті де мол.
Сауын малдан, яғни жылқыда-биеден, түйеден-інгеннен, сиырдан-сауын сиырдан, қой-ешкіде-саулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүт және одан алынатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де, өте жоғары болады. Сондықтан қазақ халқы ақтың орнын бір басқамен айырбастамайды. «Аузы аққа тиді», «уызында жарыған» немесе «уызында жарымаған» деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін сүттің орны зор екенін көрсетеді. «Ақты төкпе», «ақты аттама», «ақты ысыраптама, малдың желіні кетеді» деген қағида қалыптасқан ел ішінде. Көш алдынан ақ алып шығу, ұшынған өртке қарсы ақ төгу, үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарып салу, кісіге ақтан ауыз тигізу халық дәстүрінде бұлжымас заң, белгіленген жол-жоралғы болған. Балаларға сүт, басқа да ақ ішкізу, дімкәс, науқас, адамдарда сүт, қымыз, шұбат, тосаппен емдеу сүттің қазақ өмірі мен тұрмыс-салтында, емшілік өнерінде ертеден келе жатқан тәжірибе қазір де бар.
1-оқушы: Қымыз халқымыздың бірнеше ғасыр бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. Қымыз әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат. Қазақ халқының 100 жасаған ұлы ақыны Жамбыл:
Үйірілген қышқыл, тәтті, сары қымыз,
Ауруға-ем, сауға-қуат, дәрі-қымыз, — деп жырлаған.
2-оқушы: Шұбат-сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын. Оның түйе сүтінен жасалатыны барша жұртқа белгілі. Шұбат қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы, әрі қоюлау болады. Оның қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан еш кем емес. Екі-үш күндік шұбат ең жақсы, сапалы шұбат деп есептеледі.
3-оқушы: Айран сиыр сүтінен жасалады. Сусын ретінде пайдаланады. Бұрынғы қазақтар дарумен (витамин) жоқ кезінде көктемде күн күркірегеннен кейін ауыл балаларына уыс жуа тергізіп әкелетін. Оны жуып, тазартып, турап айранға қосып балаларға әдейі жегізетін. Мұның бала организміне, денсаулығына пайдалы екені ежелден-ақ анықталған.
4-оқушы: Тосап — қой сүтінен дайындалатын дәрулік, емдік қасиеті бар сүт тағамы. Мұны әдетте ауру-сырқау адамдар үшін әдейі әзірлейді. Дені сау адамдар да ішуіне болады. Жас босанған әйелдерге ішкізеді. Тосап әрқашан сіңімді әрі емдік қасиеті бар адамға күш-қуат қосатын тағам. Мұны суық тигендерге, кеудесі ауырғандарға, қуаты қайтқан қарт адамдарға ішкізеді.
5-оқушы: Ашыған көже-қазақ сусыны. Жазда да, қыста да ішіп сусындап отырады. Ашыған көже дүкендердің қазіргі көптеген суларынан денсаулыққа әлдеқайда пайдалы әрі нәрі жоғары болады.
6-оқушы: Ақірім негізінен сусын ретінде жасалады. Сүр еттің қою сорпасына айран, қатық, қымыз сияқты қышқыл ақ қосып әбден араластырады. Ақірімді қазақтар еттен кейін ішеді. Бұл әрі сусын, әрі тамақты басатын және оны бойға тез тартатын қасиеті бар нәрлі қоспа.
7-оқушы: Қазіргі сусындар-кока кола, пепси, спрайт, фанта т.б. сусындардың адам ағзасына зияны туралы айту.
Ой толғаныс.Топтық жұмыс.
1-топ.«Қазақ халқының емдік сусындары және оның маңызы».
2-топ.«Қазіргі заман сусындары  мен олардың зияны».
3-топ.«Ауру түрлері және сусындардың ауруларға пайдасы».
Қорытынды. Дәрігер кеңесі.
Қымыз: денеге қуат береді, ас қорытуға көмектеседі. Жүйкені тыныштандырады, ұйқыны түзейді. Әсіресе өкпе туберкулезіне бірден бір ем. Ұзақ науқастанудан болған арықтауға, әлсіздігіне, созылмалы өкпе туберкулезіне қарсы алты ай қымыз ішкен кісі жетінші айда денсаулығы түзеледі. Қымыз ішкеннен кейін адамның тамаққа тәбеті артады. Сол кезде жас малдың етін жеп, сорпасын ішіп жүрген адам семіреді.
Айран: адамның өмірін бірден-бір ұзартатын ас.
1.Қан қысымы жоғары адамдар күнде тамақ ішкен соң 30 минуттан кейін250 граммайран ішіп тұрса, қан қысымы біртіндеп төмендейді.
2.Түнде ұйқысы қашатын кісілер жатар алдында бабымен әзірленген бір кесе айран ішіп жатса, ұйқысы тынышталады.
Көк байрағы желбіреп,тәуелсіздік таңы атты.
                          Сыныбы: 7а     Сынып жетекшісі: Мұханова Г.
Мақсаты:      Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып жеткізу.
Түрі:              тәрбие сағаты.
Көрнекілігі: 1. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Әнұранының мәтіні. 2. Плакат, нақыл сөздер.    3. Интерактивті тақта.
 Хор:    Әнұран.
І.   Кіріспе.     Мұғалім:
Ел болып жатқан шақта қосып тілек,
Ойламан бақыт құсы кешікті деп.
 «Тербелді Тәуелсіз күн, тал бесігі»
 Бұл күнді жүруші еді-ау тосып жүрек.
Тәуелсіздік…
 Осы бір бунақтары буын-буынымен бұлқынып тұрған сөз қазақ үшін «тәуекел» сөзімен пара – пар естіліп, шенесіп қалады. Ұлтымызға туа біткен түсінік емес, жүре біткен әлеуметтік ұғым. Біз үшін Тәуелсіздік – Ту, Тәуелсіздік – ауа, Тәуелсіздік – жер-су, Тәуелсіздік – ел дәулеті. Тәуелсіздік туы көтеріліп рәсімделген, дүниеге келген қазақ перзенті бүгін небәрі он тоғыз жаста ғана. Әйтсе де, сол жасар ұлан мүлде басқа дүние, өзгеше ғалам азаматы. Осы жылдарда қазақ қазақ екенін түсінді. Қазақ қазақты таныды. Даналығыңды да, саралығыңды да, пенделігіңді де, елдігіңді де осы жылдарда таразылап үлгердік. Жер бетінде қазақ даласынан қылышын сүйретіп өтпеген басқыншылар жоқ шығар, сірә. Соңғы V ғасыр ішінде қазақ халқы азаматтың көтерілістерін басынан өткерді. Бұлардың қатарында тәуелсіздік үшін, туған жер үшін, туған тіл үшін туындаған күрестердің соңғы сатысы ретінде қалған 1986 жылдың 16 желтоқсаны да бар.
ІІ. Мұғалім: Кәне, балалар, сол тарихи бейнеге шолу жасайық.
1. ХV ғасыр. Орта ғасырда тарихи оқиғалар орын алды. 1465 жылы Қазақ хандығы құрылды. Тарих сахнасына қазақ халқы шықты.
2. ХVІІІ ғасыр. 1732 жылы Жоңғар шапқыншылары Қазақстан шекарасын басып кірді. Осы жылы Қазақтар «Ақтабан шұбырындыға» ұшырады. Сол жылды бейнелейтін «Елімай» атты зарлы, қайғы мен мұңға толы ән туды.
3. ХІХ ғасыр. 1836-37 жылдары Ішкі Бөкей Ордасында шаруалар көтерілісі болды. Басшысы — Исатай Тайманов, қосшысы – Махамбет Өтемісұлы. Махамбет өз қолына қалам мен қаруды қатар ұстап, өз халқының қанаушыларына қарсы күресті.
4. ХХ ғасыр.   1917- 1920 жылдардағы Азамат соғыс,
1930-32                     ашаршылық жылы, 1937-38 репрессия, яғни жазықсыз жаланың құрбандарына айналды.
5.   1941- 1945 жылдар.  Ұлы Отан соғысы болды. Қазақ жауынгерлері фашизмге қарсы күреске аттанды. Батыр ұл –қыздарымыз: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және 28 гвардияшы панфиловшылардың есімі елімізге танымал болды.
6. 1945- 1965 жылдары  Қазақстанэкономикасының қалыптасуы, тың жерлерді игеру. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш космосқа ұшу. Семей полигонында ядролық сынақтарда өткізу жылдары.
7. 1970- 1985 жылдары тоқырау жылдары.  Ежелден ақиқатқа толы азапты жылдар. 1986 жылы 16 желтоқсан күні Алматыда болған оқиға мұны тағы бір дәлелдегендей. Елімізде алғаш рет қазақ жастары саяси және азаматтық талап – тілектермен бейбіт шеруге шықты.
                      Желтоқсан айы естесің,
                      Дауыл боп бұрқап ескенсің.
                      Азаттық күні қашаннан,
                      Көкейін елдің тескенсің.
            Ән:     «Желтоқсан желі».
Жүргізуші:      Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан халықтарының өмірінде, яғни мемлекетімізде айтулы өзгерістер болғаны белгілі.
1 –жүргізуші: Күн шаңырақты күміс отау далам бар,
                         Сүйсініңдер суретіңе қараңдар.
                         Туып-өскен Отаным –Қазақстан.
                          Күлімдеп гүл жайнаған Күншығыстан.
2- жүргізуші:   Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
                          Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
                          Ата – бабам аңсап өскен бақытым,
                          Айналайын, Қазақстан – Гүлстан.
Көркем сөз:          Айнұр.
ІІІ.   Жүргізуші:    Тәуелсіздік шежіресінен сыр шерту.
1- оқушы:   1920 жыл 25 қазан. Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.
                Арманға ақыр жеттік, ел болдық та егемен,
                Ойда жоқта түскен жоқ ол төбеден.
                Тарихи сол күрестердің тартуы ол,
                Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.
2- оқушы:    1991 жыл 2 қазанда халқымыздың аяулы перзенті Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
                Қарыны ақ түйенің ақтарылды.
                Бар қазақ алақайлап атқа мінді.
                Біз барып Байқоңырдан қарсы алайық,
                Ғарыштан қайтып келе жатқан ұлды.
3- оқушы: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
                Тоқсан бірде Президентті сайладық,
                Еркіндікке белді бекем байладық.
                Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
                Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.
4- оқушы:    1992 жыл 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
                  Мүше болды Б.Ұ.Ұ –на белсенді,
                  Төл теңгеміз көтергендей еңсені.
                  Алғаш рет Ата заңға ие бол,
                  Нұр ағаның бастауына ел сенді.
5- оқушы:   1992 жыл 4 маусымда мемлекеттік рәміздерін бекітті.
                     Әнұран, елтаңбамыз енгенімен,
                     Тәуелсіздік ту көтеріп келгенмен.
                     Қазағым әлі күнге арманың көп,
                     Орнаған тәуелсіздік теңгеменен.
6- оқушы:   1993 жыл 15 қараша күні ұлттық теңгеміз айналымға шықты.
                     Дүние, дөңгелеудей дөңгеледің.
                     Өзі тауып жатады ел керегін.
                     Қазақ қазақ болғалы қолға ұстаған
                     Құтты болсын ағайын теңгелерің.
7- оқушы:       1995 жыл 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
               Енді міне өлген туым тірілді,
               Әнұраным жалғап алған ғұмырды.
               Босағада қалып келген Елтаңбам,
               Баяғыша кең төріме ілінді.
8- оқушы:   1996 жыл 16 желтоқсан Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.
9- оқушы: 1998 жыл 7 мамыр. Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп аталды.
                           Ақ ордам менің Астанам,
                           Еңсесі биік басқадан.
                           Көркейеді күн санап,
                           Арқа төсі жас қалам
Жүргізуші:      Астана келбеті – ұлт келбеті. Біздің Астанамыз қай жағынан да қарағанда да кісі қызығарлықтай. Шығыстың да, Батыстың да айшықтарын қатар қабыстырған қалаға айналып келеді. (Астана келбетін таныстыру)
   2010 жыл Қазақстан Е Қ Ы Ұ – на мүше болды.
    1-2 желтоқсанда   Е Қ Ы Ұ – ң Саммиті өткізілді.
ІV.     Топтық жұмыс.
             І топ:       Мемлекеттік елтаңба.
             ІІ топ:      Мемлекеттік   ту.
             ІІІ топ:     Мемлекеттік   әнұран.
 ІІІ.    Ой толғаныс.
І топ:       «Тез жауап жазайық» ойыны.
ІІ топ:      «Біз кімбіз?».
Біз кімбіз?

 

ІІІ топ:     «Қазақстан қандай мемлекет?».

Қазастан қандай мемлекет

V. Бекіту.

Тәуелсіздікке

19 жыл

 

Жүргізуші:               Ән мен күйді төгілтіп,
                                   Інжу – маржан шашайық.
                                   Қонақтарды таңдантып,
                                   Өнерден күмбез жасайық.
Ән:       Маржан.
Би:        Толғанай.
   Қорытынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» — деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
           Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай? Деп тілей отырып, мына өлең жолдарымен аяқтайық:
                           Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
                            Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
                            Ғасырларға жалғастырып елдікті,
                            Дақ түсірме ата – баба рухына.
                            Үлгі бізге аталардың ерлігі,
                            Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
                            Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
                            Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.
            Хор:           Атамекен.
«Желтоқсанның алауы – тәуелсіздік бастауы»
8 А сынып
Өткізген: Жақсылықова Ж
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі:
 Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен.
Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған «Желтоқсан алауы – тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
«Түбін білмеген-тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?
 Осыдан 24 -жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев, Л. Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділітсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бір минуттық үзіліс.
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік , наланың.
Желтоқсан – Қайрат , Ләззат пенен Сәбира
Желтоқсанеда құрбаны болған жаланың.
Көрініс:    Қайраттың өлім жазасына кесілеунен үзінді:
Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі №21 камераға қамайды. (Күй ойнайды)
Тергеуші- Гүлзат ,
Қайрт – Дәулет,
Милиционер — Ерсін,Рамазан
Васеленко – Айдар.
                         Қ: Қайратты тергеуге әкеледі.
                        Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың,
                         Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім.
                        Жазықты емеспін, қайталай берем несіне
                        Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім
        Т: Түкірдім мен жырларыңа
Ит, не деген өткір едің,
Ине сұқтым тырнағыңа,
Өлердей ғып, тепкіледім.
Алдап-арбау тәсілімен,
Мойындата алмадым
Қ:Мойындата алмайсың.
Т: Байқа, 87-бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп,
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең
Савицкиді өлтірдің алаңда сен.
Қ:Бітер екен осы бір «Кеңес»қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
      Т: Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрі бір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз.
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
Қ:Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Меруерт !    Ал ол жерде «Қайрат өзін-өзі өлтірді» деп ресми жорамал хабар таратады.
Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко кінәлі. Ол алдында №21камераға бір күн бұрын әкелінген. К.Власенкомен (бұдан бұрын алты адамды өлтірген) бір камераға отырғызудың өзі де дәлел. Қайрат І988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.
Желтоқсан айы естісең ,
Дауыл боп бұрқып ескенсің.
Азаттық күні қашаннан
Көкейтін елдің тескенсің,
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең – тіліміз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күніміз?
1986 жылдың 16 –желтоқсанында Республика Орталық Комитетінің 5- пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы Пленумда респуликаны ширек ғасыр бойы басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына Геннадий Васильевич Колбин тағайындалды.
Кеңес өкіметі өмір сүрген жетпіс жылда Қазақстанды басқарған 21 басшысының 18-і жоғарыдан күшпен жіберілгендер және басқа да ұлт өкілдері болса, қазақтың үш-ақ басшы болған екен. Олар: Мұхаметәлиев, Шаяхметов, Қонаев.
 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Оларға желтоқсанның ызғарлы күніне зәбір көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлшылдар» деген кінә тағайындалды.
Хор ән: «Желтоқсан желі».
Егемен болмай ел болмас,
Етек жеңі кең болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
Тарихи жылнамалар шер тертеді:
1991 жылы 1 –желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылы16 желтоқсанда Қазақ КСР-і Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болып жарияланды.
1992 жылы Біріккен ұлттар ұйымына кірді.
1992 жылы 4 – маусымда Қазақстан Республикасының жаңа нышандары бой түзеді.
1993 жылы төл теңгеміз айналымға енді.
1995 жылы 30 тамызда конституця қабылданды.
1997 жылы 11 шілдеде тіл туралы заң қабылданды.
1997 жылы 10 қазанда «Қазақстан – 2030» жолдау шықты.
1998 жылы 6 маусымда астанамыз Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
2009 жылы Қазақстанда «Дағдарыстан – Жаңару мен дамуға» атты Президент жолдау шықты.
2010 жылы 1-2 желтоқсанда Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалық етті.
Ілеспе сұрақтары:
1.      Желтоқсан оқиғасына биыл неше жыл?
2.      Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл?
3.      Қандай рәміздеріміз бар?
4.      Тіл туралы заң қашан қабылданды?
5.      Конституция қашан қабылданды?
6.      Дағдарысқа байланысты қандай жолдау шықты?
7.      Соңғы рет ЕҚЫҰ 1999 жылы қай елде өткен?
Топпен жұмыс: (Болашаққа саяхат) пікірталас.
І – топ:
«Қазақстан – 2030» жыл
ІІ – топ:
«ЕҚЫҰ – саммиті»
Екі топ болашыққа саяхат ретінде «Қазақстан-2030» жыл болған кездегі өмірді бейнелейді. Ал екінші топ Астанада өтілген саммиттен кейінгі (бірнеше жылдан) Қазақстанның өмірін елестетіп айтады. Әр топқа 1 минут уақыт беріледі.
Қорытынды:
Құрметті оқушылар , бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Ата заманнан күресіп келе жатқан халқымыз бүгін Тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп отыр, осының бәрі өткен күрестердің жемісі.
    Міне, балалар, сіздер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыздар. Жақсы оқып, үлгілі тәртіпті, азамат бола білсеңдер — өз еліңді, жеріңді көркейтетін, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек, ұрпақтың ақылшысы, тірегі сіздерсіздер.
Мақтанамын, кең байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңтың көрінсін деп,
Тілерім сол, туған жер, пейілім шын.
Осымен Тәуелсіз еліміздің 19 жылдығына арналған мерекелік шарамыз аяқталды.
Желтосқсан жаңғырығы.
(Тәрбие    сағаты )
Сыныбы:10а     Сынып жетекшісі: Жүсіпова Л
Мақсаты:   Оқушыларға     1986    жылғы    желтоқсан оқиғасының   болу    себептерін,    тәуелсіздіктің қадір-қасиетін   түсіндіру    тәуелсіздікті   бағалай    білуге, елжанды болуға   елінің    тәуелсіздігі    жолында күрескен ерлердің істерін үлгі ете білуге үйрету.
Түрі:  тәрбие сағаты
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе
Қазақ қазақ болғаны өз бас бостандығын, өз еркіндігі мен егемендігін   күшпен де, қанмен де, ашаршылық нәубетпен, небір репрессиялық қуғын-сүргімен де қорғаған.
1986 жылғы 16 желтоқсан- үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің өте қысқа пленумы өтті. Небәрі 18- ақ минут.Осы қысқа уақыт қазақ халқының намысын жерге таптауға жетіп артылады. Жиналғандар дереу Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстанға отыз жылдай басшылық еткен Д.Қонаевті қызметінен алды. Оның орнына саяси бюроның ұсынысы бойынша жіберілген Ньянов партия  ұйымының жетекшісі Колбинді бірауыздан сайлады.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
Ән:»Желтоқсан желі».
1-жүргізуші: 1. Дүрбелең.Алматы қаласы 1986 жылдың 17 желтоқсанында таңғы сағат сегізде Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың 200-300 шамасында еді. Бара-бара қатарлары көбейді. Бәрі де қазақ жастары еді. Олар студент қыз-жігіттер, жас жұмысшылар, оқушылар. Қолдарында «Қазақстанда өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын! Қазақстанды әркімге билетпейміз!» деген ұрандар жазылған.
2-жүргізуші: 2.Дерек. Алаңға 50 мың әскер, 20 мың милиция адамдары, 16000 мың жасақшылар шоғырландырылды. Ал шеруге шыққандардың қатары 10 мыңға жуық. Олар сонда да міз бақпайды,қасқайып сабыр сақтап, талаптарын қоюда.
1-жүргізуші: 3.Тосқауыл. Желтоқсанның 17-сінен 18-не қараған күні алаң айнала қоршауға алынды. Шеруге шыққан жастар үш қатарлы қоршауда қалды. Жасақшылар олармен бетпе-бет келіп, алдында тұрды. Одан кейінгі қатарда милиция, үшінші қатарда әскер.
2-жүргізуші 4.Зобалаңның басы жастардың жүздерінде үрейдің ізі де білінбейді. Бір кезде өрт сөндіретін қан қызыл машиналар көрінді.Олардың жиырма шақтысы іркес-тіркес алаңға ойқастай шығып,олай арындап, былай арындап, жастардың үстіне су шашып, жаңбырдай боратты. Жұрт арлы-берлі қашқалақтап, ілгері-кейінді лықсып тұрып алды, ыдырап тарай қоймады.
1-жүргізуші: 5. Қуғын-сүргін. Милиционерлер әуелі шерудің алдыңғы сапында жүрген қауіпті белсенділерін алып кетіп жатты. Олар келіссөз жүргізетін көш бастаған серкелер еді.
2-жүргізуші: 6.Қанды сойқан. Осылай қақтығыс басталып, арты жуық арада басылмайтын опыр-топырға ұласты. Екі жақты қимыл барған сайын күшейе түсті. Одан ары алаң қанды сойқанға айналады. Қалың қолды қарулы күш қозғалысты басып-шаншып, қарусыз жастарды құмарлана ұрып-соғып, бас жарып,көз шығарып, шаштан жұлып аяқтан сүйреп, өлер халге жеткізіп мертіктірді.
1-жүргізуші: 7. Сұмдық. Қараңғы түскеннен кейін жастарды ығыстыру операциясы басталды. Сойыл, арсылдаған иттер пайдаланды. Жастарды ұрып-соғып, қуып таратқаннан кейін түнгі сағат 2400 алаңдағы қар үстінде 150-ден астам ұл-қыздар соққыға жығылып жатты.
2-жүргізуші: Жанартаулар бұғып жатып, бірақ атылады. Жетпіс жыл бойы қылбырауға маталған қазақ халқында 1986 жылдың желтоқсанында ұлтаннан сұлтан болып,тар жол тайғақ кешуден өтті. Қазақ халқын қорлап, арын аяққа таптап баяғысынша өктемдік еткісі келген, орталықтың оспадар езгісіне бой көрсеткен желтоқсанның сұрқай күйін мәңгі есте қалдыру мақсатында көптеген өлеңдер мен әндер туды емес пе?
1-жүргізуші: Тарихта «Құйын» операциясы мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. 17-25 желтоқсан аралығында ішкі істер бөлімдеріне 83 студент, 1168 жұмысшы, 49 қызметкер, 164 училище оқушысы, 102 жұмыссыз, 1214 комсомол мүшесі, 54 партия мүшесі әкелінді. Ал 1986 жылдың 25 желтоқсанынан 1987 жылғы маусым айының соңына дейін 5327 адам прокуратурада, ал 800 адам Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінде жауапқа тартылды.
Оның ішінде ату жазасынан бастап, жиырмадан бір жылға дейін бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды. Соның бірі «Қазақ халқының қаһарманы» алтын жұлдызды батыры, қыршын кеткен марқұм Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді. Қайрат Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында, Бірлік ауылында дүниеге келген. 1987 ж 23 мамыры мен 14 маусымы аралығында болған Жоғары сот Қайратты ату жазасына кесті. Сәбира Мұхамеджанова өзі тұратын жатақхананың терезесінен секірді. Ләззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжайық ауылында дүниеге келен 16 жасында өмірден озды. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкбеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды.
1986 жылдың 18 желтоқсанында сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Энергетика институтының 2 курс студенті Ербол Спатаев әкелінді, ол есін жимастан қайтыс болады.
Ән: «Елім менің».
2-жүргізуші: Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді   қиып кетті.
Қорытынды.
 Қазақ халқына келген нәубат бұрынғы басшымыз марқұм Д.А.Қонаевтан бастап әрбір қаны қазақ деп соққан азамат басына түсті. Жаңа басшы Колбин Қонаевты есіне алмас, халқы ол кісіні сол қысылтаяң күндері есіне алып іздеді. Не айтар екен, қайда бастамақ деп күткені анық еді.
Мінгенде аты қаракер ма екен, сұр ма екен
Кезікті Наурыз, кешікті менің, нұр көкем
Алатау-атам неге үндемейді, жоқ әлде
Соңы қайырлы боларын біліп тұр ма екен
— деп ақын Е.Раушанов жырлағандай осы сезімдер әуезді «Қара бауыр қасқалдақ» әнімен жалғасын тапты.
Ән: «Қара бауыр қасқалдақ».
Хор:Әнұран.
 Тақырыбы : Асыл сөздің иесі-Абай.
 Сыныбы: 5б        Сынып жетекшісі: Ермағанбетова Р.
 Мақсаты: Қазақтың данышпан ақыны Абай Құнанбаевтың 165 жылдығына байланысты өмір деректерімен таныса отырып, оның өлеңдерін, қара сөздерін аудармаларын, ұрпақтан — ұрпаққа қалдырған өсиеттерін білімдерін нығайту.
Түрі: таным сағаты
Көрнекілігі: суреттер, естеліктер, бүктемелер.
Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Кіріспе:
Ұлы адам –ұлт маңдайына біткен сирек бақыт. Ол 100 немесе 1000 жылда бірақ туады. Солардың бірі қазақтың данышпан ақыны Абай.
Қазақ жерінің данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абай- туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиесі, асқар тауы, ағар бұлағы, ана тілінің шешендік бастауы, қамқор бабасы.
Абай мерейі- халық мерейі боп, Абай биіктеген сайын қазақ та биіктей береді. Сол биіктен көз жазбау біздің парызымыз бен борышымыз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Абай туралы: «Абай біздің ұлттың ұранымыз болу керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды бүкіл әлемге танытамыз. Менің бабаларым мен ертеңгі ұрпағына Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауы тиіс»-деп бағалайды.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жер сусынын қандырған кім?
Өз — өзіне орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ал, Жамбыл бабамыз:
Мұнау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне
Ақыл,қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
-деп жырлағандай Абай атамыз өзінің үміт еткен ұрпақтары туралы толғап, сыр шерткен. Олай болса, Абайдың сара жолымен бүгінгі ұрпақ өнегелі, өнерлі, білімді болары сөзсіз. Осы мақсатта бүгінгі біздің сыныбымызда «Асыл сөздің иесі — Абай» тақырыбында таным сағаты болып отыр.
1.Ой қозғау.

Абай кім?

 

Сұрақтар қою.
1.Абай қай жылы,қашан,қай жерде туды?
2.Ескіше туған жылы қалай аталады?
3.Абайдың шын аты кім?
4.Абайдың әкесінің,шешесінің, әжесінің аты кім?
5.Абай қайда оқып білім алды?
6.«Абай жолы»романын кім жазған?
Сыныпты топқа бөлу:1-топ:«Асыл сөз»
2-топ:«Білім»
3-топ«Өнер»
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Даналықты көздесең.
Жат тоқып ал көңілге- деп сайысымыздың,
1-кезеңі «Таныстыру»
Тарих қана, халық қана туатын,
Алыптардың арқа тұтпас кім атын.
Ұлы арман жырлап үшін қазаққа,
Керек болды Абай сынды ұлы ақын.
2-кезеңі: «Абай өлеңдерін жатқа айту».
Абай жаны- құбылыс мәңгі жұмбақ,
Біздер үшін ұлы Абай биік тұрмақ
Сөздеріңді ұран ғып айт Алашқа
Ұрпақтар жалғасады мәңгі жырлап- дегендей,
3-кезеңі: «Абайдың қара сөздерін айту».
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-деп ақының өзі жырлағандай,
4-кезеңде «Абайдың әнге жазылған өлеңдерін айту».
Балалар, енді Абайды бір қырынан таниық.
Абайдың табиғат лирикасы әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу сырлы жыр жолдары. Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді. Өзінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тірлік-кәсібіне, шаруа жайына көшеді.
5-кезеңде»Абайша жыл мезгілін суреттеу».
Болмасаңда ұқсап бақ- деп Абай атамыздың өзі жырлағандай жыл мезгілін суреттеу.
6-кезеңде:«Өз бұрыштарын таныстыру».
Қорытындылау.
Абайдың туғанына 100 жыл толғанда еліміз жан жарасы мен тән жарасы жаза алмай жабығып тұрды. Ал 165 жыл толғанда туған еліміз көз жасын құрғатып, азаттық туын көтерген, көк байрағы желбіреп, елдігінің еңсесін тіктеген бейбіт күннің шуағына шомылған жүзі жарқын ел болып қарсы алып отырмыз. Осындай егеменді еліміз көркейіп, халқымыз аман болсын деген тілекпен, бүгінгі таным сағатымызды аяқтаймыз.
Тақырыбы:     Салауаттану болашағыңды сәулелендіру.
Сыныбы: 6а        Сынып жетекшісі: Сәрсенбаева Г.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, оның денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігі бағалы байлық екенін түсіндіру, гигиеналық мәдениетті қалыптастыру.
Дамытушылық:   Оқушылардың санасынга ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын түсіндіру, сауатын дамыту.
Тәрбиелік:   Сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, спортпен айналысудың қажет екендігінің маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Көрнекілігі:   Интерактивті тақта
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, топтастыру, жағдаяттар шешу.
Түрі:     Тәрбие сағаты
                         Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Кіріспе
Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы тіршілікте салауатты өмір салтын ұстануда, салауатты өмір кешумен байланысты. Ендеше «Салуаттану болашағыңды сәулелендіру» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін әдеттерден аулақ болуы керек. Оқушыларымыздың білімдері өз ойларын ортаға салуы арқылы «Салауаттану әлеміне» саяхат жасаймыз. Бүгінгі сабағымызда үш топ бөлінген саяхатшылар «Салауаттану әлеміне» сапар шегеді. Әр топ өздерін таныстырады.
«Зиянды заттар» ауылына саяхат
Бұл ауылдан өту шарты: Саяхатшыларға 15 сұрақ беріледі. Сұраққа топ болып жауап берген жағдайда саяхатшылар зиянды заттар ауылынан өтеді. (Әр топқа 5 сұрақтан)
Пайдаланатын жеңілдіктер:
1) 50/50        2) Сабаққа қатысушы қалаған ұстазының көмегі.
1. «Дені саудың-… сау»
а) күн               ә) өзі                  б)жаны                 в) басы
2.Темекі шегушіліктен 1 күнде 68 адам өмірден өтсе, 1 жылда қанша адам өмірімен қоштасады?
а) 40 мың         ә) 15 мың            б) 25 мың         в) 30 мың
3. Темекі өнімдерін сатуға қай жастан бастап, тыйым салған?
А) 18 жас           ә) 16 жас             б) 14 жас          в) 17 жас
4. Адам өміріне зиян емес затты табыңыз?
 а) қымыз          ә) темекі              б) наша            в) арақ
5. Ішімдік ішкен адам қандай ауруға шалдығады?
 а) тұмау      ә) гастрит          б) туберкулез          в) рак
6.Адам шамадан тыс ішімдік ішкенде…
 а) есінен айырылады         ә) ұйқысы келеді
  б) сандырақтайды               в) қарны ашады
7. Темекі шегетін адам ауаға төмендегілердің қайсысын шығармайды ?
 а) амиак        ә) синиль        б) никотин        в) су буы
8. Төмендегі атаулардың қайсысы темекі атауы емес?
   а) Бонд          ә) Гималай          б) Медеу             в) Прима
9. Жасөспірім неліктен темекі шегеді?
 а) еліктеушіліктен                  ә) ауырған соң
 б) бойын өсіру үшін                в) әдемі көріну үшін
10. Темекі шегетін адам қандай ауруға шалдығады ?
 а) бүйрек                            ә) алкоголь
 б) өкпе қабынуы                 в) нашар көру
11. Ішімдік құрамында кездесетін улы зат?
   а) никотин       ә) алкоголь          б) көмірсу          в) ақуыз
12. «Флипп Моррис» компаниясы не өндіреді?
    а) темекі            ә) арақ            б) сусын           в) печенье
13.Темекі, ішімдік, нашаның адам өміріне қандай зияны бар?
    а) қарнын аштырады                 ә) көңілін көтереді
    б) денсаулығын құртады          в) өмірін ұзартады
14. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
   а) спортпен шұғылдану           ә) зиянды әдеттерге бой алдыру
   б) шылым шегу                         в) тазалық сақтау
15.Жақсыдан үйрен жаманнан жирен …
   а) сескен             ә) үйрен            б) құтыл            в) жирен
«Тазалық» ауылына саяхат
Сұрақтарға жауап беру арқылы «Зиянды заттар» ауылынан өтіп, «Тазалық» ауылына келеміз.
«Тазалық» ауылының жас саяхатшыларымызға қояр талабы-олар конверттің ішіндегі жазылған хатқа өз ойларын, көзқарастарын білдіру керек.
    Хат оқылады.
Менің есімім-Мағжан. 6-сыныпта оқимын. Сыныпта тазалықшы қызмет атқарамын. Мен досымның тырнағын алмағанына бірнеше рет ескерту жасадым. Бүгін мектепте оқушылардың тазалығына орай жиын болды. Мен тазалық сақтамаған оқушылардың арасында өз досымды да атап айттым. Жиналыс аяқталысымен досым маған қарамастан бұрылып кетті, яғни ренжіп қалған. Досымның әрекетіне көзқарастарың қалай, өздерің қандай әрекет жасар едіңдер?
 (Оқушылардың пікірі тыңдалады)
Міне спорт ауылына жеттік. Ол үшін біз спорт ауылының, шыңының басына шығуымыз керек. Ол шың «Денсаулық» деп аталады. Кедергілер берілген, сол кедергіден сұрақтарға жауап беру арқылы шыңның басына шығамыз.
«Спорт» ауылына саяхат
1.Денені шынықтыру дегеніміз не?
2. «Ауырып жол іздегенше ауырмайтын жол ізде» деген сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
3.Ұлттық ойындарды ата?
4. Денсаулық туралы мақал-мәтел айт
5.Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?
6. Қызылордалық Бейжің Олимпиадасының алтын медал иегері кім ?
7.Гимнастикалық жаттығуының адам ағзасына тигізер пайдасы қандай?
8.Денсаулық туралы әр топ өлең шығару.
9.Бірінші байлық — …
10. Қоршаған орта тазалығын сақтауға қандай үлес қосар едіңіз?
Қорытынды
Сонымен, балалар, біз бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйреніп көкейімізге тоқыдық деген сенімдіміз. Салауаттануымыз үшін денсаулығымыз мықты болуы қажет. Салауаттылық туралы қорытынды ойымызды ортаға салайық.

Салауаттану

Тренинг :        Кім қаңтар айында туылған?
Мақсаты: Топта жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің көңіл-күйін көтеру, түрлі жағымды қимыл қозғалыстар жасау.
Шарты:
1. Кімнің бойы170 см. Сол орнынан тұрып «Кин Конг» деп айқалайды.
2. Кім қаңтар айында туылған сол орнынан тұрып, билеп береді.
3. Кім таңғы шайын сүтпен ішті, сол партаның астына үңіледі.
4. Кім сабаққа жақсы көңіл-күймен келді, сол адам «қуаныштымын» деп қол шапалақтайды.
 5. Кімнің неше бауыры бар сонша рет орнынан отырып тұрады.
 6. Кім қара киім кисе сол жағындағы көршісіне «мен қандаймын?» деп сұрақ қояды.
 7. Кім осы тәрбие сағатына қатысқанына қуанышты, сол адам «алақай» деп қол шапалақтайды.
                                                      Тәрбие сағаты.
Сыныбы: 4а                Сынып жетекшісі: Прекеева С.
Тақырыбы:        Әдептілік — әдемілік.
Мақсаты:
1) Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрете отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу
 2) Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
 3) Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
 Әдіс – тәсілдері:           сұрақ – жауап,көрініс көрсету.
 Көрнекілігі:                    суреттер, өсиет сөздер, құпия хат.
Сабақтың барысы:                          І.Ұйымдастыру .
                                     (Оқушыларды тәрбие сағатына дайындау).
Әрқайсыларың өз дөңгелектерін алып, артындағы суретке қарап бір – бірлеріңмен қалай амандасу керек екенін көрсету. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әдептілік — әдемілік» деп аталады.
      — Біздің әдептілігіміз неден тұрады?
— Амандасудан.
— Әдептілік деген не?
                                                                           Сәлемдесу
                                                  Жол беру                                          Тәртіптілік

Әдептілік

                               Кешірім сұрау                                                              Рұқсат сұрау
                                 қайырымды,мейірімді                                ата-ананы тыңдау
                                                                         Көмектесу.
—   Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар?
—   Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?
—   Әдептілікті бізге кім үйретеді?         (үлкендерден).
 Сонда балалар адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен.Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым – кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді.
    ІІ.Әдептілік тур. Тақпақ өлеңдер.
   1-оқушы:             Ата-ананың тілегі,
                                Адам болып өскенің.
                                Адалдықтың тірегі,
                                Адал болып өскенің.
 2-оқушы:             Әдептілік дегенің,
                                Әрқашанда керегің.
                                Әсемпаздық дегенің,
                                Әуре, сарсаң әлегің.
 3 – оқушы:          Тәртіпті бала сүйеніш,
                               Төбең бір көкке жетеді.
                               Тәртіпсіз бала күйініш,
                               Төмендеп басың кетеді.
 4 — оқушы:            Кім үлкенді тыңдаса,
                                Кім үлкенді сыйласа,
                                Үлкен болған кезінде
                                Сыйлы болмақ өзі де.
   5- оқушы:            Әдептілік әлемі,
                                Атам маған әманда
                                Кішіпейіл бол деген
                                Ата сөзі санамда
                                Мақтанбауды жөн көрем.
ІІІ.Суретпен жұмыс.
IV. Мектептегі әдептілік.
1) Сабақтан кешікпе, сабақтан себепсіз қалма.
2)           Мектепке келгенде әуелі мұғалімге, содан соң жолдастарыңа сәлем беру.
3) Сыныпқа үлкендер кірсе, бәріміз орнымыздан тұрамыз.
4) Сабақ кезінде тура қарап отыр, сабақ үстінде бір-бірімізге сөйлесуге болмайды.
5) Партаңды дұрыс пайдалан, оған ештеңе жазба.
6) Залда жүгірме т.б
V. «Жалғастыр» ойыны.
                                                         І- топ.
                                             «Не істеуге болмайды?».
1.Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
2.Кішкене баланы жылатуға болмайды.
3.Құстарды атуға болмайды.
4.Қыз баланы ренжітуге болмайды
5.Сабақтан кешігуге болмайды.
                                                        ІІ – топ.
                                               «Не істеу керек?».
1.     Үлкен кісіні — сыйлау керек.
2.     Үлкендердің – тілін алу керек.
3.     Үлкендерге — сәлем беру керек.
4.     Кішілерге қамқор болу керек.
5.     Кітапты жыртпау керек.
VI.Көрініс.
І – топ «Автобустағы бала».
ІІ – топ «Үлкендерді құрметтеу».
VII. Құпия хаттарға жауап.
І –топ.
— Мектептен шығысымен үйге қарай келе жатқаныңда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен не істер едің?
— Үлкен кісіге амандасып жол беремін.
ІІ – топ.
—         Өзіңнен үлкен кісі сөйлесіп отырғанда, не істеу керек?
—         Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.
VIII. Сонымен әдептілік дегеніміз не?
—         Ол адамның жүріс – тұрысы мен өзара қарым –қатынасының ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегендік жатады. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата – анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың.
ІХ. Қорытынды.
Қазақстан – Республикам   менің!
Сыныбы: 3б.          Сынып жетекшісі:   Жаңабаева Г.
Мақсаты: Оқушыларға егемендіктің мәнін түсіндіру. Тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделету. Оқушылардың ойлау қабілетін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамыта отырып, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: буклеттер, суреттер, интерактивті тақта
Әдісі: сұрақ жауап, топтастыру, түсіндіру.
Түрі: Тәрбие сағаты.
Барысы
 I. Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесін даярлап, оқушылар назарын аудару.
 II. Кіріспе бөлімі.
Топастыру. – Қазақстан қандай мемлекет!
                                              Көп ұлтты                          әлемге танымал

Қазақстан

                             Кенге бай                                                                 Тәуелсіз
                                                      еркін                                         әсем
Оқушылар ойын жинақтап, қорыту
III     Негізгі бөлім
 1 жүргізуші: Әйнегі – күн, шатыры аспан
                       Кең дала төсі толқыған егін
                       Көлдері көкке күмістер шашқан
                       Қазақстан республикам менің!
2 жүргізуші: Кемуді білмес кенішті өңір,
 Құрсағы құтты сахара демін
 Перзенті болат, қорғасын, көмір
 Қазақстан республикам менің!
Мұғалім: Біз Қазақстан республикасында тқрамыз. Біздің республикамыз ұлан – байтақ, бай мемлекет. Қазірде біздің мемлекетімізді әлем таныды. Олай болса біз мемлекетіміздің даму, өрендеуіне назар аударайық.
1 бекет. Қазақстан тарихы
1 – оқушы:     Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
2 – оқушы: XVIII-XІX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Көмек күткен Ресей қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан — ғайыр даламыз империя меншігіне айналды.
3 – оқушы: XX ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына қарсылық көрсеткендер оққа ұшты. 1930-32 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9млн халықтың 3млн- ы опат болды.
4 – оқушы: 1937-38 жылдары қазақ халқының зиялы қауым өкілдерін қынадай қырды.
5 – оқушы: 1941-45 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті.
6 – оқушы: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
1 – жүргізуші: Осы құлдық шынжырда мезгілінен бұрін үзген өткір қылыштай болған оқиға 1986 жылдың 16-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының көтерілісі еді. «Мен қазақпын» деген әрбір азамат мұны білуі тиіс.
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік! Ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік. Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді.
1 – жүргізуші: «Желтоқсан ұлт – азаттық көтерілісі» деген атқа ие болған 1986 жылғы жастар мен студенттердің жан кештілігі, бостандық үшін жанын пида еткен жас боздақтардың ерліктері ұмытылмақ емес.
7 – оқушы: 1986 жыл. Желтоқсан. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі Дауылға айналды.
Ән: Желтоқсан желі.
8 – оқушы:           Еркіндікке желтоқсаным бастады,
Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады
86 жаңғырығы жар салып
«Тәуелсіздік» ұлы ұранын тастады
9 – оқушы:           Елемепті қысқы ызғар суықты
Өне бойын жастардың қан жуыпты
Қайрат, Ләззат жас қырандар аяулы
Өз халқының бағы болып туыпты
10 – оқушы:         20 жылдай тәуелсіздік туғалы
Қазақ елі бірлікке бел буғалы
20 жалдай қазақстан халқының
Өз тағдырын өз шешіп тұрғаны
11 – оқушы:          Көгіңде тұр көк байрағың желбіреп
Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп
Әнұранды шарықтата шырқаймыз
Бабаларды еске алып ержүрек
Әнұранды     хормен айту
12-оқушы:   Тәуелсіз аппақ таң атты,
Сейілді көктен бұлтты күн.
Үш ғасыр күткен азаттық
Қазағым үшін құт бүгін.
13-оқушы:   Атыңнан айналайын, егеменді ел
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
2-бекет.Қазақстан елордасы-Астана.
Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы,
Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.
Елордам қалқым үшін ерен бөлек,
Тәуелсіз еліміздің астанасы.
    Астана туралы не білеміз?
1.Қазақстан қашан тәуелсіздік алды?
2.Астана Қазақстанның нешінші астанасы?
3.Елорда ажарын асқақтатар орындар?
4.Астанамыз 10 жасқа қашан толды?
5. Астана туралы өлең шумақтарын жатқа айту.
    3-бекет.Ұлттық рәміздер.
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,
Қазағым сен қашанда тұғырдасың.
1.Елтаңба авторлары кімдер?
2.Тудың авторы кім?
3.Әнұран авторлары кімдер?
4. Еліміздің рәміздері қашан қабылданды?
5.Қазақстанның ұлттық ақшасы қашан айналымға енді?
6.Ата Заңымыз қашан қабылданды?
4-бекет.Қазақстан-ғажапстан.
Сұлу дала менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған ел, тамашасың, көркемсің!
Оқушыларға интерактивті тақтадан суреттерді көрсете отырып өз еліміздің жетістіктері туралы айту.
Атамекен мұражайы, туризмді дамыту, ЕҚЫҰ-ға мүшелік, Астана саммиті туралы айтылды.
    III   Қорытынды.
Тәрбие сағаты
Сыныбы: 2а.   Сынып жетекшісі: Жаңайбекова Ж.
Тақырыбы: Өрлей бер,өркениетке өсер елім!
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік,Отан,желтоқсан,өркениет сөздерінің мағынасын түсіндіру. Мемлекттік рәміздерді құрметтеуге,отанды сүюге, ттілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: инт.тақта
Жүру барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа қажетті заттарды даярлау.
                  2.Ой қозғау.
Әр топ жоқ сөзді орнына қою арқылы өз атын табу.
………….    бәріннен биік екен          ( Отан)
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
16    ……….- тәуелсіздік күні        ( желтоқсан)
16 желтоқсан- Қазақстан республикасының ………… алған күні.
                                                    (тәуелсіздік)
…………. арман қала                   (Астана)
Бағы бір жанған қала.
             3. Мағынаны тану.
 Балалар, алдымызда тәуелсіздік күні келе жатыр Соған байланысты бүгін сыныбыиызда «Өрлей бер өркениетке, өсер елім!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Осы жұмысты ашық деп жариялаймыз.
1. «Отан- менің туған»  жерім   түсініктеме.
 Бүгінгі айтылар ән де, әңгіме де туып-өскен жеріміз-Қаратерең сияқты бірнеше кішкентай отандардан құралған үлкен отанымыз Қазақстан туралы болмақ. Отан адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны Қазақстан республикасы. Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Отанын шексіз сүйіп, оны қасиетті туындай қастерлеу әрбір адамның парызы.
2. «Отан» мәнерлеп оқу.
Бойымда жігер,тұрғанда сенім,
Жалындап өтем,жолыңда сенің.
Өзіңсің мәңгі бақытым барым
Аяулы отан, ардақты елім.
Бойымда қайрат,тұрғанда сенім
Құрбаның болам жолыңда сенің,
Құлпырып мәңгі жасай бер,жаса
Сүйікті отан, сүйікті елім!
3.Тақпақ.
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем
Ағынды өзен, асқар тау ,гүлін сүйем
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем
Бәр жәндігін сүйемін қыбырлаған
Бәрі маған отан деп сыбырлаған
Ән «Қаратереңім» Фотомонтаж. Өлең айтылып жатқанда өзіміздің ауыл суреттері көрсетіледі.
   Отанға , туған жерге, елге, ағайын-туысқа деген сүйіспеншілік сезімнен ерлік туындайды.
1.Желтоқсан туралы түсінік Желтоқсан құрбандары туралы айту.
1986 жылы 16 желтоқсанда Орталық комитеттің пленумы өтіп, 1-ші хатшы Қонаевтың орнына орыс азаматы Колбин сайланды. Бұл шешімге қазақтың қыз, жігіттері жұмысшылар наразылық білдірді. Олар алаңға қолдарындағы плакатта «Қазақстан жасасын!» «Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын!» деген жазулар алып бейбіт шеруге шықты. Шәмшінің Менің Қазақстаным әнін айтқан еді.Жастардың бейбіт шеруін керісінше түсінген басшылар оларды қуып тарату үшін күш көрсетті. Сапер күректер, арнайы әзірленген темір таяқтар, тоқпақтар қолданылды.
         Қаншама адам құрбан болды. Олардың қатарында Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат т.б жастар,студенттер бар еді. Дүниені дүр сілкіндірген 16 желтоқсан ол бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалды. Желтоқсан еліинің болашағы бостандығы,егемендігі үшін болған күрес. Ия, егемендік, теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ.
2.Тақпақ
3.Мәнерлеп оқу.
Әр дәуірде нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын, алтын әні, жас өркені халқымның..
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан.
Өсер ұлдың, қай сәтте де, бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Түсініп терең өмірдің мәнін
Жалынды жастар өздерің бәрің
Беретін бойға күш –қуат, жігер
Шырқайық шаттық Әнұран әнін,- деп  ҚР Әнұранын  шырқайық
Әнұранды айту. Әнұранға фотомонтаж жасалған,автоматты түрде суреттер шығып тұрады.
 Ерліктің, батырлықтың, жүректіліктің нәтижесінде тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендеше тәуелсіздік деген не?
1.Мәнерлеп оқу. «Тәуелсіздік деген не?»
Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр- әнім
Ел іргесі берік болсын – ұраным
Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну
Салт-дәстүрім-қолдан түспес құралым
Тәуелсіздік !
Не деп оны түсіндің
Тәуелсіздік ар – ожданың кісілік
Адамға-адам дос, жолдас, бауыр боп
Ел-жұртыңның алма құнын түсініп
Тәуелсіздік менің байтақ Отаным
Қазақстан менің байтақ аймағым
Тәуелсіздік сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік ақ батасы атаның
Тәуелсіздік жыр-әнім
Көк байрақ,елтаңба,әнұраным
Атыңнан айналайын тәуелсіздік
Өзің едің сөз жетпейтін жыр-әнім
2.Тақпақ
3.Түсінік беру.
     Өткеніміз- бүгінгі тәуелсіз еліміздің іргетасы. Бұл күндері сүйікті еліміз, сүйікті Қазақстанымыздың экономикасының өркендеуі, әл-ауқатымыздың артуы жөнінен көптеген елдердің алдында абыройын асқақтатып отырған осы тәуелсіздігіміздің арқасы. Елімізді небір қиыншылықтан алып шығып, елді бәсекеге мейлінше қабілетті алдыңғы саптағы елу елдің қатарына қосуға Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бастаған ел ағаларының, іскер азаматтардың, халқымыздың арқасы. Аспанымыз ашық, бейбітшілік, тыныштық болып, егемегді елдігіміз, тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын!
«Қазағым менің» әнін айту.
    Енді біз тәуелсіз,еркін елміз. Осы тәуелсіздігіміздің бір айғағы Астана қаласы. Астана күннен күнге құлпырып, жаңарып келе жатыр. Осы жөнінде оқушылардың сөзін тыңдайық.
2.Тақпақ
«Өркениетке ұмтылған Менің Қазақстаным» түсінік беру. Слайд көрсету.
Астана саммиті, Қысқы Азия ойындары туралы айту.
Қорытынды.
4 топқа топтама толтырту.
1- топ: «Отан» сөзіне
2- топ: «Желтоқсан» сөзіне
3- топ «Тәуелсіздік» сөзіне
4- топ: «Астана» сөзіне
Атады алдан әлі талай таң күліп,
Жүректерге арман отын жандырып.
Қазақстан біздің туған ұлы Отан,
Жайнай бер, сен, жайнай бер,сен мәңгілік!- деп ақын жырлағандай еліміз тыныш, аспанымыз ашық, тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тақырыбы: Ас атасы – нан.
Сыныбы: 3в.     Сынып жетекшісі: Ібайдуллаева Г.
Мақсаты: Оқушыларға нанды қалай қадірлеу керек екенін ұғындыру, күз байлығы туралы түсінік беру. Жыл мезгілдері туралы білімдерін арттыру. Табиғатты сүюге, еңбекті, еңбек адамын қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көктемгі және күзгі егіс кезеңдерін көрсететін суреттер, нақыл сөздер.
Нақыл сөздер:
1. Алтын, күміс тас екен,
    Арпа, бидай тас екен.
2. Нан — өмір өзегі, тіршілік тірегі.
3. Ас атаулының асқары – нан.
4. Нан – байлықтың басы.
1-жүргізуші: Тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ас атасы – нан». Нанды қалай қадірлеу керек екеніне тоқталмас бұрін нанның дастарханға қалай келгенін білейік.
1-оқушы: Әуелі жердің құнарлылығын зерттейді.
2-оқушы: Көктем басталысымен трактормен жер жыртып, тұқым себеді.
3-оқушы: Диқандар егіс алқабын алты ай баптап күтеді.
4-оқушы: Еккеннен кейін бидайдың тұқымы көктеп шығады.
5-оқушы: Жер бетіне шыққан соң бірінші жапырақ сала бастайды.
6-оқушы: Жаңа сабақтар шығады, олар түптенеді. Сабақтар ұшы масақтанады. Ол дән салғаннан кейін піседі.
7-оқушы: Дәнді баптап күзде орады.
8-оқушы: Күзге қарай диқандар өздерінің дала кемелерін астық теңізіне шығарады. Егін орағы басталады.
Бұл не деген керемет,
Астық жерде тік тұрып.
Қас қаққанша сыпырып,
Машинаға тұтылады.
Бастырылады, еленеді,
Өзі – шалғы, өзі – орақ.
Өзі – күрек, өзі – қап,
Ал қаптай бер, дән дайын.
Ән; «Қырманға кел, қалқатай».
«Дақылдар жыры». Бес оқушы шығады.
Бидай: Нан атасы – бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын.
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Арпа: Күміс мұртты арпамын,
Ырыс – құтты арпамын.
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.
Тары:   Ақ, қарамын, сарымын,
Мен атақты тарымын.
Еңбегіңнің жаз бойғы
Қайтарамын қарымын.
Сұлы:    Мен сұлымын, шырағым,
Барлық малға ұнадым.
Ауырлаған басымды,
Көтере алмай тұрамын.
Күріш:  Күнге ғашық күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Аңқам кеуіп тұрған соң,
Ала жаздай су іштім.
Хормен: Бидай, арпа, тары бар,
Сұлы, күріш бәрі бар.
Әне жырлап барады,
Әнге құлақ салыңдар.
9-оқушы:    Жоқ болып, жел аптап
                      Болса да күн ыстық.
                      Егінді ел баптап,
                      Таппайды тыныштық.
Ән: «Менің Қазақстаным».
10-оқушы: Нан — өмірөзегі, тіршілік тірегі. Нанна күшті тағам жоғы бәрімізге аян. Ас атаулының асқары – нан. Бір жүз грамм нанды ғана алайық. Құрамында 7 гр белок, 0,9 гр май, 220 гр жылу бар екен.
11-оқушы: Нан! Нан! Нан!
                     Нансыз жасар қандай жан!
                     Тұрмын қарап көз алмай
                     Толқындаған бидайдан.
12-оқушы:  Нан! Нан! Нан!
                      Артықсың сен алтыннан.
                      Айналайын халқымнан.
                      Ел емеспіз ешқашан,
                       Қабының түбі сарқылған.
13-оқушы: Кеше ғана ен далада жайқалып өскен алтын дән бүгін наубайқанада іскер апайлар мен ағайлардың қолдарынан ақ нанға айналып жатыр.
14-оқушы: Көрдің бе жас ұлан
                     Жеткенше нан саған.
Көп адам әр күнде
Еңбегін жұмсаған
Нан үшін күресте
Ерлігін асырған.
Халық ер емес пе?
Ойланшы, жас ұлан!
15-оқушы: Әр диқан бір дәнді ысырап етпеу үшін барлық күш-жігерін салып күндіз-түні еңбек етіп жүргенде нанды қадірлемеуге болмайды.
16-оқушы: Қазақ халқы өте ерте заманнан бері нанды айрықша қатты қадірлеген. Дастарқан жайғанда да нанды бірінші әкеліп қояды, әуелі наннан ауыз тиеді.
17-оқушы: Ежелден келе жатса да ешқашан ескірмейтін бір ғажап байлық бар. Ол – нан, ол – дән. Байлықтың бастысы қазынаның асылы сол. Нан – ел ырысы, өмір өзегі, тіршілік тірегі. Наннан асқан құдырет жоқ!
18-оқушы: Ет жеп, май жұтқанмен де нансыз дастарқанның сәні, астың дәмі жоқ.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Нан — өмір өзегі, тіршілік тірегі. Нансыз біз бір күнде өмір сүре алмаймыз. Сондықтан да, балалар, нанды қадірлеп құрметтейік.
Ән: «Отаным».
Тақырыбы: Желтоқсан алауы-тәуелсіздік бастауы.
Сыныбы: 8б       Сынып жетекшісі: Дүйсенғалиева Н
Мақсаты:
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Елі үшін, халқы үшін құрбан болған жастардың өмірімен таныстыру.
Көрнекілігі:     Интерактивті тақта, буклет, нақыл сөздер.
Түрі: Тәрбие сағаты
                Жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі
1.Көрнекіліктермен таныстыру.
2.Әдеби монтаж
3.Қорытынды
 Тәрбие сағатының жүргізілуі
1.Жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!   Сіздермен бірге сонау 1986 жылғы 16-шы желтоқсан күніне еске ала отырып, «Желтоқсанн алауы-тәуелсіздік бастауы»  атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз.
Сол бір сәтте бұлт торлауы аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді,
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
Кіріспе
Мұғалім сөзі
Міне балалар, біздің қазақ азаматтары ағаларың, апаларың елі  үшін, халық үшін қалай күрескенін көріп отырсыңдар. Сол 1986 жылы 16 желтоқсанды өзінің батылдығы, жігерлігі үшін, Отан сүйгіштігі үшін, небір жастар Алматыда алаңға шығып, өз өмірін қиды. Алаңға шыққан жастар да, жұмыстан қайтқан жұмысшылар да,барлығы жұмыстан, оқу орнынан босатылып қалды. Ауылдан барған небір жастарымыз, тәуелсіздік жолында құрбан болды. Атап айтсақ: Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков, С.Мұхамеджанова, Е. Спатаев т.б
Міне, балалар біздің тәуелсіз мемлекет болуымызға бірден-бір себебін тигізген «Желтоқсан оқиғасы»
 Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
 Асау аттай өз тізгінін бермеді.
 Қарағымның алтын,басын иілтіп
 Талай дұшпан, төрімізге төрлеуі
 Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
 Жұртым менің не қиындық көрмеді?
 Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
 Сан перзентін қара жерге жерледі.
 Орыны ағалардың бізбен болсын,
 Сәбилер ағалардың жолын қусын
 Бір минут үнсіздікпен еске алайық
 Әруағы ағалардың риза болсын.
(Бір минут үнсіздік)
Жүргізуші
Салынып үміт көгінің асқар бағы
Қазағымның мұң болып,асты арманы
Тұрған шақта еліме ұран болды,
Есенғали ағаның «Қасқалдағы»
Ән:   Қожахметов Б
Ой толғау «Эссе жазу» стратегиясы (5 минут)
«Мен Қайраттай бола аламын ба?»
Жүргізуші
Міне, осы күні Қайрат ағамыздың құрметіне арнап,көшелерге аты берілген. Жетісай қаласындағы орталық мәдени демалыс паркіне «Қайрат Рысқұлбеков» есімі берілді.
Алматы, Семей қаласындағы орталық үлкен көшелердің бірі «Қайрат Рысқұлбеков» есімімен аталады.
Арнау:   Қ.Рысқұлбековке        Дәндібаева А
Жүргізуші:
Бауыр десе езіліп елжіредің
Таза бұлақ сияқты мөлдір едің,
Күйі өзің боп кеудемнің туған жыры
Тәуелсіздік туындай желбіредің.
Байқоңырға бұл қазақ зорға ұшқан,
Ал Семей у ішіп ауа құшқан.
Азаттықтың алғашқы құрбандығы,
Азаттықтың алғашқы қарлығашы,
Болған саған қарыздар Қазақстан!
Тұрса да биік өр басым,
Қазаққа бақыт орнасын!
Сексен алтыншы жылдағыдай
Желтоқсан желі болмасын.
Хор:     «Желтоқсан желі»
Мұғалім
Оқушыларға алдын-ала берілген тапсырма.
«Менің қолым жетпейтін хат», «Тәуелсіз -Қазақстан» деген тақырыппен өз ойын білдіріп, шығарма жазу.
1 жүргізуші:
Тәуелсіздік алған елім Қазақстан тірегім,
Әрқашанда елім менің-деп соғады жүрегім
Ата-баба армандаған азаттыққа,
Ахмет, Сәкен, Мағжанымды,
Қыл бұғаудан алдық біз.
19 жыл бопты, міне егемендік алғалы.
Топтастыру
                                                            Алматы              Қайрат               Тәуелсіздік

Желтоқсан желі

                                                          Алаң                                                          1986 ж
                                                                   Ләззат          Бостандық      Сабира
                                                       Дәметкен шешесі          Ақын             Нағашыбай әкесі

Қайрат

                                                               Батыл                                                  Ержүрек
                                                                Алматыда оқыды              Желтоқсан құрбаны
   Викториналық сұрақтар
1.1986 жылы желтоқсанда қазақ жастарының бой көтеруі?
2.Желтоқсан оқиғасы қашан, қай қалада болды?
3.Желтоқсан құрбандарынан кімдерді білесіңдер?
4.Жастардың ереуіліне байланысты қандай өлеңдер шықты?
   1 жүргізуші:
«Мен -қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен, мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім»
-деп Жұбан ағамыз жырлағандай,сіздер де азат елдің білікті,білімді, жігерлі, зиялы азаматы болыңыздар деп, тәрбие сағатымызды «Қазақстан» әнімен аяқтаймыз.
Жеке қарым-қатынастағы әдептілік
Сыныбы: 11а        Сынып жетекшісі: Құлдиярова Г.
     Мақсаты: Адамдар арасындағы жеке қарым-қатынастардағы әдептілік туралы ұғым қалыптастыру. Болашақ отбасын құрудағы, ата-анамен, жар таңдауда, оқушы мен мұғалім арасындағы әдептілік ұғымдарына үйрету.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үнқағаз, т.б.
Түрі:             Тәрбие сағаты.
Әдісі :           Ой толғау, көрініс, мәтін-сұрақ, болжау, іздену, т.б.
         Барысы:        1. Ұйымдастыру кезеңі .
                      2. Кіріспе сөз –    Сынып жетекші.
Рухтың мекені- адамның жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, ар — намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы осы рухтан туындайды. Күн- адамның рухы болса, сәулесі — оның ақылы. Рухани ақылды адам ең алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл болады.
Ата-ана әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы-Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата — ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатында адам өмірінің мәні мен қарым-қатынасы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзін перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.
      3. Ана жайындағы аңыз. ( Ақұштап Бақтыгереева)
      … Ананың кезі бар ма кекті болған,
      Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
      Ұмтылса топырақта жатқан жүрек:
      «Құлыным, байқасаңшы !»- депті оған…
4.      Көрініс:
                «Ата- ананың қарызын,
                  Өтеу сенің парызың».
5.      Мәтін –сұрақ.
Жаздың әдемі бір күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі егілген ағашты көреді. Әр түрлі болып өскен ағаштарды көріп баласы: «Әке мына ағаш неліктен тіп — тік ? Ана біреуі неліктен қисық біткен ?» деп сұрайды.
Сұрақ :
Әкесі не деп жауап берді деп ойлайсыңдар ?
        6.     Тәрбиелік мәні неде? (Ой толғау)
1). «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін!»
2). «Ана сүтін анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың»- деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
3) «Дүниеде жойылмайтын үш нәрсе бар: ол- ананың ақ сүті, ақынның сөзі, күннің нұры»,- дегені неліктен ?
        7.   Көрініс: «Ұстаздардың оқушылармен сырласу сәті»
        8.   Көрініс: «Адамның анасы »
        Қорытынды: «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде».
        9.Ән шашу «Ана туралы жыр» —   Сағиданова Нұргүл.
        10. Шығармашылық жұмыс: «Армандаймын сәби шақтағы күндерді», «Ол- сыныптың анасы», «Дос көңілі- шарайна».
       11.Ән шашу : «Анашым- әкем»   — Ақшатаев Берекет.
                               «Әке туралы жыр» — Абылайқызы Жазира.
                               «Ұстазым» — Әбілқасымова Ақнұр.
                               «Алғашқы махаббат» -Баймағанбетов Айдар.
       12. Болжау әдісі ( мінездеме беру)

Мінезі

Себебі

           Ана – бала
           Ұстаз- оқушы
           Бозбала-бойжеткен.
       13.Қорытынды сөз
Кім болам?
(тәрбие сағаты)
Сыныбы: 3а      Сынып жетекшісі:   Батаманова Р.
Мақсаты:
1.      Оқушыларды келешекте қалаған мамандығының қыр – сырын білуге үйрету.
2.      Мамандық туралы түсінігін дамыту.
3.      Мамандық иесі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әр мамандық суреттері, А.Құнанбаев суреттері
Әдісі: ой қозғау, талдау
Барысы
1.      Кіріспе.
     1 жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні балқытқан жұмысшы да, егін салған диқаншы да, мал бағып терін төккен шопан да, күш биігінен әр өткен ғарышкер де бәрі бәрі ұстаздан білім — тәлім алған.
     2 жүргізуші: Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
1 жүргізуші: Абай Құнанбаева 165- жыл
2 жүргізуші: Абай атамыз айтқандай:
Әсмепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.
Монтаж
 Дәрігер: Мен дәрігер боламын
               Үлкеннің де баланың
                Қиналғанда қасына
                Бірінші боп барамын
Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған
                 Жүректе сыр жаттаған
                 Жан тәнімен сақтаған
                 Ұшқыш болғым келеді
Инженер: Мен инженер боламын
                  Жерден алтын табамын
                  Жолын қуған әйгілі
                  Академик ағаның
 Ақын:      Ал мен ақын боламын
                 Сусылдаған қаламым
                 Адамдардың жүрегін
                 Жырмен жаулап аламын
 Аграном: Нан беремін баршаға
                 Жер маманы болам мен
                 Барып жүрмін бақшаға
                Аграном ағаммен
Мұғалім: Мен үлкейіп өсіп толамын
                Сонда өзіміздің осы ауылдың
                Бөбектерін оқытып үйретіп
                Мұғалима боламын
Милиция: Ел деп соққан жүрегі
                 Ұлы Отанның түлегі
                 Милиция қорғаным
                 Тыным таппай жүреді
Ән: «Ұстазым»
Топқа бөліну:
I топ: Дәрігер
II топ: Мұғалім
III топ: Егінші
II.«Менің ата-анамның мамандығы»
(оқушылар шығармашылығы)
III. Әр топтың тақпағы, көрінісі.
I топ: Дәрігер мен ауру
II топ:Ұстаз бен оқушы
III топ: Егінші мен бала
IV. Сергіту: «Әр заттың иесін тап»
V. Ауылдың мақтаныштары
VI.Қорытынды: Абай «Ғылым таппай мақтанба»
                                                 Еркінова Х
           Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
«Жүректерде Желтоқсан, жаңғырады мәңгілік»
Сыныбы: 9б       Сынып жетекшісі: Жақсыбаева Г
Мақсаты:
1)Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы жалпы мағлұмат беру, білімдерін арттыру.
2)Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3)Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, топтық, СТО бағдарламасының стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, буклеттер, интерактивті тақта.
 Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Кіріспе
— Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді ата – бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандап, аңсап өткен «Тәуелсіздік» мерекесімен құттықтаймыз. Әрине, бұл күнге оңай қол жеткізген жоқпыз. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермелді, талай қиындықты бастан кешірдік. Алайда еш мойымай күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Бүгін біздің сыныбымызда өткелі отырған «Жүректерде Желтоқсан, жаңғырады мәңгілік» атты тәрбие сағатымыз, тәуелсіздіктің қайнар көзі болған «Желтоқсан құрбандарына» арналмақшы. Енді кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
1)1723 ж «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
2)1925-33 ж.ж Голащекиннің «Кіші Октябрь» саясаты
3)1937 ж асыра сілтеушілік
4)1941-45 ж.ж Ұлы Отан соғысы
5)1986 ж Желтоқсан оқиғасы
Көркемсөз: «Ызғарлы Желтоқсан» Абзалова К
                     «Желтоқсан тағлымы» Шынтаева Ф
Қане, балалар, орнымыздан тік тұрып, Желтоқсан құрбандарын бір минут еске алайық.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды «Атажұрт» танымдық ойыны түрінде өткізбекшіміз. Ойын шартымен таныстырып өтейін:
1. «Қанат қақты»
2. «Самғау»
3. «Шарықтау»
4. «Шырқау»
5. «Жерұйық»
Ойынға «Жаңғырық», «Шындық» және «Азаттық» топтары қатысып отыр. Сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстырып өтейін:
1.
2
3.
Сайыскерлеріміз дайын болса сайысымызды бастаймыз.
І тур: «Қанат қақты»
Бұл турда топ басшыларына 3 сұрақтан сұрақ қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 500 ұпай деп есептеледі
«Жаңғырық» тобының сұрақтары:
1. Қазақ жастары тоталитарлық режимге ашақ қарсылық көрсеткен күн? (1986ж 16-желтоқсан)
2. Қ. Рысқұлбеков қай жылы дүниеге келді? (1966ж)
3. Қ.Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы» атағы қай жылы берілді? (1996ж)
«Шындық» тобының сұрақтары:
1. 17- желтоқсан қандай күн болып жарияланды? (Демократиялық жаңару күні)
2. Қ. Рысқұлбеков қай жылы дүниеден өтті? (1988ж)
3. Алматының бас алаңында дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасына биыл неше жыл? (24 жыл)
«Азаттық» тобының сұрақтары:
1. Қайрат неше жасында дүниеден өтті? (22 жасында)
2. Желтоқсан оқиғасы туралы комиссияның неше томдық материалдары әзірленді? (24 томдық)
3. Қай жылы Қ.Рысқұлбеков ақталды? (1992 ж)
ІІ тур «Самғау»
Қай топтың ұпай саны көп болса , сол топ ойынды бірінші болып бастайды. Әр топқа екі сұрақтан беріледі. Уақыты 1 минут. Бұл турда қосымша көмек алуға және нар тәуекел жасауға болады. Ұпай саны 2000, қосымша көмек алса 1000 ұпай кемиді.
Тапсырма:
1.1986 ж 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты.
Сұрақ: Төтенше өткен пленум неше минутта аяқталды? (18 минутта)
Қосымша көмек: Бұл пленумда Д. Қонаевтың орнына Қазақстан КОК бірінші хатшысы болып, Ресейден келген Г. В.Кольбин сайланды.
2.Аңғал сеніммен шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «конрреволюционерлер емес еді. Олардың ойы олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында қалқаны, бір қолында шоқпары бар қарулы, сақадай сайәскерлер қарсы алды. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбырақат, аңғал, алаңсыз еді
Сұрақ: Жастар шеруін қуғындау үшін астыртын құрылған оперативті жоспар қалай аталады? («Құйын -86»)
Қосымша көмек: Бұл операция «демократияны дүркіретіп тарату, «ығыстыру – итеріп тастау» операциясы емес. Бұл ойластырылған билік басындағылардың барша сатысымен келісіліп жасалған мемлекеттік дәрежедегі әскери — саяси жоба.
3.1990 ж 24- қыркүйекте Қазақ КСР Жоғара Кеңесі Президумы «Алматы қаласындағы 1986 ж 17-18 желтоқсанда болған оқиғасына байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөніндегі комиссияның тұжырымдары мен ұстанымдары туралы» қаулы қабылданды. Қаулыда жастардың «Алматыда болған бой көрсетуі ұлтшылдық сипат алмағанын және бастапқы сатысында заңға қайшы сипатта болмағанын» атап өтті.
Сұрақ: «Желтоқсан -1986» ісі бойынша Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президумы құрған арнайы комиссияның төрағасы кім? (М. Шаханов)
Қосымша көмек: Ол кісі «Сенім патшалығы» кітабының авторы.
4.«Қазақстан Президедумының арнайы жарлығымен мемлекеттің ең жоғары наградасы «Халық қаһарманы» атағы берілгеннен кейін Қ. Рысқұлбековтың тағдырына, өмірбаяны мен туып — өскен ортасына, болмыс – бітіміне жұрттың ерекше назары ауа бастады. Өзі саусақпен санарлықтай аз ғана батырларымыз болса, солардың ортасындағы ең жасы Қайрат екен, ендеше ол туралы елдің білгісі келіп, құмартуы да орынды.» Қайрат жөніндегі осы жолдар авторы, Желтоқсан оқиғасын зерттеуге ат салысқан белгілі журналист.
Сұрақ: 1994 ж жарық көрген «Қайсар рухты қазақ» атты кітаптың авторы кім? (Қайыммұнар Табей)
Қосымша көмек: Ол кісі «Егемен Қазақстан» газеті құқық бөлімінің редакторы болып қызмет еткен, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлықтарының лауреаты.
5.Халық жасақшысы Савищкийдің өліміне байланыстыжәне 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне байланысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.
Сұрақ: Жалған жаланың құрбаны болған Желтоқсаншы кім? (Қ. Рысқұлбеков)
Қосымша көмек: Ол небәрі 22 жыл ғана өмір сүрді.
6.Тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16-желтоқсанында, таңертеңгі сағат 10-де Республиканы үздіксіз басқарып келген Д. А. Қонаев орнынан түсірілді.
Сұрақ: Д.Қонаевтың орнына билік басына кімді отырғызбақшы болды? (Г. Кольбин)
Қосымша көмек: Ұлты – орыс.
ІІІ тур : «Шарықтау»
Әрбір тарихи кезең дәуір белесінде өз үнін, өз жырын, өз әуенін қалдырып отырады. Бұл әндер де сол Желтоқсан оқиғасының боздақтарына арналған. Ұпай саны: 3000
1. «Қарабауыр қасқалдақ» ән жолының авторы кім?
(Сөзі: Е.Раушанов, әні: Оспанов)
2. «Желтоқсан желі» әнінің авторы кім? (Әбиірбек Тінәлі)
3.«Желтоқсан тағлымы» әнінің авторы кім? (М.Шаханов)
Ұпайы аз бір топ ойыннан шығарылады.
                                 ІV тур «Шырқау»
Әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Ұпайы аз топ ойынды бастайды. Қосымша көмек, нартәуекел жасауға болады. Ұпай – 2000.
1.Қ.Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы» атағын беру туралыжарлық қай жылы берілді? (1996ж.9.ХІІ)
2.Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың арқасында ата — бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған арманына қол жеткіздік. Ол арманымыз не еді? (Тәуелсіздік)
3.Желтоқсан оқиғасында намыс үшін халқы үшін жанын қиған Ақжазықтың аруы кім? (Л. Асанова )
4.Желтоқсанның аққан жұлдызы, жас сұңқар , ең қатал жаза ату жазасына іліккендердің бірі кім еді? (Қ.Рысқұлбеков)
5. Қ. Рысқұлбеков қай қалада, қашан дүниеден өтті?
(Семей түрмесінде,1988 ж, 21-мамыр)
6.Қ.Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы» атағымен бірге қандай айрықша ерекшелік белгісі берілді? («Алтын жұлдыз»)
Ұпайы аз бір топ ойыннан шығарылады
V тур : «Жерұйық»
Бұл турды тек жеңген топ қана жалғастырады. Бұл турды ойнамауларына да болады. Ойнап және дұрыс жауап берсе төрт турдан жинаған ұпайлары екі еселенеді. Дұрыс жауап бермесе екі есе кемиді.
Тапсырма: Ол Алматы, 1986 ж Желтоқсан оқиғасына ыстық ықыласын білдіріп, ол туралы «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегіндебылай деп сыр шертеді: «1986 ж Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімінің қорлануына жол берілмейтінін өз халқының атынан ашық дәлелдеді.
Сұрақ: Бұл еңбектің авторы кім? (Н.Ә. Назарбаев)
Көркемсөз: «Тәуелсіздік толғауы».
Жеңген топты марапаттау.
Қорытындылау.
Сыныбы:7 б
Сынып жетекшісі: Сармырзаева Д
Тақырыбы: «Көк байрағы желбіреп, Тәуелсіздік таңыатты»
Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, тілді, елді терең білуге, адамгершілікке, имандылыққа, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Түрі: Тәрбие сағаты
Әдісі: СТО бағдарламасының стратегиялары
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Кіріспе
Азат өлкем күлімдеген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата – бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлістан
Хор: «Күн дидарлы Қазақстан»
Қызығушылықты ояту .
1.Қазақстан қандай мемлекет? (Құқықты, зайырлы, көп ұлтты, бір тұтас, әлеуметті, егеменді, тәуелсіз)
2.Қазақстан елі қандай қасиеттерімен айбатты және айбынды? (Әнұран, елтаңба, туымен)
— Олай болса, бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. 1991 жылы иісі қазақ тәуелсіздіке қолы жетіп, шаттыққа бөленді. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымалел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамызтөрімізде ілулі тұр.
Мағынаны тану
1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар!
2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығына арналған «Көк байрағы желбіреп, Тәуелсіздік таңы атты» тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
1- жүргізуші: Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз! Неге соншама қастерлі ұғым?!
2- жүргізуші: «Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап, жаңа Қазақстан еңсесін асқақтата, барған сайын нық сеніммен алға басып келеді…» деген болатын Н.Ә Назарбаев
1- жүргізуші:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
2-жүргізуші: «Бүгінгі бақытты өміріміз үшін қан төгіп құрбан болған боздақтарымыз мәңгі есімізде. Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен әкелер мен ағалар және де апаларымызға басымызды иеміз! (1 минут еске аламыз)
1-оқушы:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
2-оқушы:
Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
3- оқушы:
Қазақстан – байтақ елім, Отаным,
Самалыңды балдай тәтті жұтамын.
Тәуелсіздік берік болсын мәңгілік,
Әрқашанда сені мақтан тұтамын.
4- оқушы:
Мәңгі жасай берсін менің қазағым,
Оңға бассын арманың мен талабың.
Бейбітшілік нұрын шашыпдалама,
Туың менен жығылмасын қыраның.
Хор: «Атамекен»
Жылдар сөйлейді.
5- оқушы:
Жоғалтқан небір асыл даналарын,
Тыңдамай ешбір пенде дала зарын.
Жүргенде тәуелсіздік таңы атты,
Армандаған талай жыл бабаларым.
6-оқушы:
Өтті талай қиындық азапты күн,
Бұрын төрге шығарды қазақты кім?
Егеменді ел болып желбіреді,
Аспанымда көк байрақ — азаттығым
1.Таныстыру
2.Ілеспе сұрақтар:
І топ: «Алғырлар»
ІІ топ: «Батырлар»
ІІІ топ : «Тапқырлар»
І топтың тапсырмасы:
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, өрлікпенен өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді,
Ту болмады дегенге?
Сұрақ:Қ.Р.Мемлекеттік Туының авторы кім?
(Ш. О. Ниязбеков)
Ту неліктен көк түсті?
ІІ топтың тапсырмасы:
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса елтаңба?
Сұрақ: Қ.Р.мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім?
(Ж. Мәлібекұлы, Ш.Уәлиханов)
Елтаңбаны бейнелеу.
ІІІ топтың тапсырмасы:
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағыннан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар, Болмаған, — деп — Әнұран?!
Сұрақ: Қ.Р Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазған, әнін жазған кім?
   (Сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н.Назарбаев, әні: Ш. Қалдаяқов)
Поэзия минуты: «Тәуелсіздік, тыныштық ел ұланы»
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі
Ой толғанысы.
І топ:
Біз кімбіз? (Топтастыру)
(Білімге құштар жастармыз, тәуелсіз елдің ұланымыз, біз бақыттымыз, еңбекқор жастармыз, сан мамандықты игеретін мамандық иегеріміз, спортты сүйетін салауатты өмір салтын сақтайтын дені сау жастармыз)
ІІ топ: «Тәуелсіздік» бес жолды өлең құрастыру
ІІІ топ: «Көк байрағы желбіреп, тәуелсіздік таңы атты» эссе жазу
Қорытынды.
Жыр ғұмыр, жан азығым, әнұраным,
Мен сені естімесем сағынамын
Алтынға айырбастамас ата –анамдай
Туғалы сенсің менің танығаным.
Шексіз көк аспанды жамылады,
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі,
Бірігіп бір жүректен шырқайтұғын,
Әнұран — Мемлекеттің халық әні.
Хор: Қ.Р мемлекеттік Әнұраны
— Міне, балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты екен. Ата заңымыз бен елдігіміз көрінеді. Осындай ержүрек, бауырмал, қонақжай халықтың ұрпағы екендеріңді мақтанышпен айтуға болады. Олай болса, көк аспанымызда көк байрағымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз айбынымызды асыра берсін дейік!

Ғарыш әлемінің игерілгеніне – 50 жыл

 

Рақымова Қалима Атбайларқызы,

                                           физика пәні мұғалімі,

                                                           №10 мектеп –гимнгазиясының

 

Осыдан  50 жыл бұрын қазақ жерінен ел тарихында алғаш рет адамзат  ғарышқа     ұшты.
Юрий Гагариннің ғарышқа көтерілуі бүкіл әлемдік даму үдерісіне игі ықпал еткені баршаға аян. Сол күннен бастап, 12 сәуір — Космонавтика күні ретінде аталып келеді. Міне Ғарыш ғасырының басталғанына жарты ғасыр толады  Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың басқаруымен Астанада «Қазақстанның ғарышты игеру дәуірі: қазіргі жағдайы, стратегия, инновациялар» атты тақырыпта       конференция т.б игі шаралар өз жалғасын табуда.
Бүгінгі күні ғарыш технологиялары ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. Осы уақытта орбитада мыңдаған жер серіктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға ұшып, ол жақтың топырақ құрамын жерге жеткізді. Сондай-ақ бірнеше аппарат күн жүйесінің аймағынан шығып,  әлемдік өркениет үшін қызмет етіп жатыр. Содан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан, адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы, әлемдік қауымдастық ғарышсыз болашақты елестете алмайтындай күйге жетті. Өйткені қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты. Космонавтика біз үшін ұлттық мақтанышқа айналатын нысан ғана емес, ол біздің азаматтарымыздың өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құрал болып қана қоймай, өскелең ұрпақты өз елінің патриоты ретінде тербиелеуге негіз болары сөзсіз. Тәрбиелі ұрпақ — болашақ ел тірегі болар азамат. Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда мектептегі тәрбиелік іс-шаралардың маңызы зор. Осы орайда Астана қаласының бірқатар мектептерінде ғарыш әлемінің игерілуінің 50 жылдығына орай жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Жаңа мектеп өмірінің қызу тіршілігіне белсене кіріскен оқушылар мен мұғалімдер мектептің туын жоғары ұстауға тырысты. Олардың қатарына №61ОМ- Қасымова Қ.Ш, №38 МЛ- Дүйсенбина.Г.Қ,  №7- Жандаева Б.К, т.б физика пәндерінің мұғалімдерін жатқызуға болады. Намысты қолдан бермейтін білімді жастарымыз бен білікті ұстаздарымыз түрлі байқауларға қатысып, мектеп қоржынын жүлделі орындармен толтырған дарынды жастарымыз да жетерлік. «Ғарыш әлемі», «Тоқтар — тұңғыш ғарышкер»,«Үшөлшемді кеңістік» тақырыбында өткен сынып сағаттарында  аталған мектеп оқушылары тұңғыш ғарышкер Ю.А. Гагаринннің, тұңғыш қазақ ғарышкеріТ. Әубәкіровтің, Т. Мұсабаевің өмір жолы мен ерлік істерімен танысты. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен космодромның жұмысына слайд-презентациялар арқылы сырттай саяхат жасады. Ғарыш және ғарышкерлер туралы өлеңдер оқыды. «Ғалам және мен» тақырыбындағы өздерінің жазған мақалаларын ортаға салды. Тәжірибе алмасу мақсатында ашық сынып сағатына мектептің жас мұғалімдері қатысты. Ғарыш  әлемін  көру  үшін   табиғаттың тылсым сырларын, кеңістіктіктің шетсіз, шексіз,үшөлшемді т.б қасиеттерін  оқушылар білуі қажет.  Зымыранмен  ұшып    барған  ғарышкерлер  ғарыш  әлеміндегі  өзгерістерді  суретке түсіріп, ондағы   ауа мен  топырақты  зерттейді, ал осы зерттеулердің адамзат үшін қаншалықты маңызды, ғылым мен техниканың өрлеуіне қаншалықты әсері мен ықпалы бар екендігі бүгінгі күннің күн тәртібіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті ел азаматтарын қалыптастыруда салауатты өмір салтын ұстанатын дені сау ұрпақ керек екені мәлім. Жаңа білім ошақтарында талап пен талантты жетілдіру мақсатында айтулы мерейтойға арналған түрлі үйірме сабақтары, конференциялар, жүргізілуде. Оның айғағы ретінде  «Қазақстанның бүгіні мен ертеңі», «Мен-болашақ ғарышкермін » атты оқушылар арасында жас шығармашылар сайысы жарияланды. Ғалам  құпияларын  оқып  білуге шақыру, өз елін, жерін  сүюге  қадірлеуге, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу, болашақтың бағдары, келешектің жарқын бейнесі болмақ.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *