Басы » География » Сулы-батпақты жерлер. Қорғалжын мемлекеттiк қорығы. Теңiз-Қорғалжын көлдер жүйесi

Сулы-батпақты жерлер. Қорғалжын мемлекеттiк қорығы. Теңiз-Қорғалжын көлдер жүйесi

Ақмола обл, Қорғалжын ауд, Шалқар ОМ
география пәнінің мұғалімі
Мұхатова Қаршыға Көшербайқызы

Сабақтың тақырыбы: Сулы-батпақты жерлер. Қорғалжын мемлекеттiк қорығы. Теңiз-Қорғалжын көлдер жүйесi.
Сабақтың бiлiмдiлiк мақсаты: Оқушыларға Қорғалжын мемлекеттiк қорығының Қазақстан картасында орналасуы.  Сулы-батпақты жерге жату себептерiн түсiндiру. Физикалық-географиялық орналасу ерекшелiгi. Онда мекендейтiн аң, құстар, өсiмдiк жайлы мәлiмет беру. Қорықтың территориясындағы  су жүйелерiнiң және су құрамын түсiндiру.
Тәрбиелiк мақсаты: Оқушыларды өз бетiнше жұмыс iстеуге, зерттеуге, қоршаған ортаны бақылауға, ұйымшылдыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу. Ұлттық және экологиялық тәрбие беру.
Дамытушылық мақсаты:Табиғатта күнделiктi қоршаған ортаға байланысты суреттер, карталар, нақты мысалдар мен оқушылардың көру, есте сақтау, ойлау, есту қабiлеттерiн дамыту көзқарасын, дүниетанымын кеңiту.
Сабаққа қажеттi құралдар: компьютер, интерактивтi тақта, атластар, карталар.

Сабақтың жоспары:

  1. Қорғалжын қорығының физикалық-географиялық орналасуы елдің тарихы және этникалық құрамы.
  2. Климаты
  3. Топырағы
  4. Өзендері, көлдері
  5. Өсімдік әлемі
  6. Жануарлар дүниесі

Сабақтың барысы: жаңа сабақ

Сабақтың түрi: топпен жұмыс және зерттеу жұмыстары  сыныптағы оқушыларды мына бағытта топтастыру:

I.  топ  өлкетанушы

II.  топ климатолог;

III.  топ сутанушы

IV. топ топырақтанушы

V. топ өсімдіктанушы

VI. топ жануартанушы

Әр топ өздерiне байланысты тапсырманы алу арқылы Қорғалжын мемлекеттiк қорығын  зерттеу жұмыстарын” жүргiзедi. Әр топ “зерттеу” арқылы қорық жайлы мәлiметтердi анықтайды.

I топ Өлкетанушы.

Тапсырма территорияның физикалық-географиялық орналасуы, халықтың этникалық құрамы, тарихи дамуы туралы мәліметтерді анықтау.

Территория 4954 және 50059′ с.е., 67053′ және 71001′ ш.б  орналасқан.

S= 543,171 мың га.

Солтүстiгiнде Ақмола облысы, батысында Қостанай облысының  оңтүстiгiнде Қарағанды облысы және Мұзбел қыраты шектесiп жатыр.

Территория негiзiнен Теңiз ойпаты және жазық жерлерде орналасқан және ұсақ шоқылар. Ұсақ шоқылар батыс және оңтүстiк шығыс бөлiгiнде кеңеседi. Бұл жер полезой және төрттiк дәуiрде, солтүстiк және оңтүстiк шығысында қыратты жазықтар кездеседi.

Халқы: 4316 адам 1кв км 1,2 адам. Әйелдер жынысын 45% құрайды. Елдi мекеннiң табиғи қозғалысы бойынша туу көрсеткiшi орташа. 9 жаңа туған нәрестеге 1000 адамнан келедi. Қазiргi уақытта туу жоғарылады.. Әйелдер 2260 адам. Ерлер 2205 адамнан келедi. Тек Қорғалжын аудан басында.

Халықтың көшi –қоны бiр жылда шамамен 1000 адамнан 32,5 адам басқа жерлерге қоныс аударған. Қазiргi уақытта халықтың келуi көп байқалады. Ертеден археологтарды, зерттеушiлердi қызықтырған бұл жер адамның өмiр сүруiне көп арқау болған. Неолит дәуiрiнде Сарыарқаның ең қызықты бiр бұрышы едi. Нұра өзенiнiң беткейiнде қазiргi уақытта құнды қорғандар, мазарлар орын алған.

18-19 ғасырларда бұл жерге қазақтар қоныс аудара бастаған. Қорғалжын елi жермен, мал өсiрумен айналысып, колхоз, совхоздар құра бастаған. 1928 жылы Ақмола  округы пайда болды.

Ұлттық құрамы: қазақтар -96%, орыстар -1%, қалғаны басқа ұлт өкілдері

II топ Климатолог

Тапсырма: Территорияның  жауын-шашын мөлшерін қыс айы мен жаз айларының орташа температурасын және себебін түсіндіру.

Климат. Территорияныңсолтүстiгiнен оңтүстiгiне қарай жауын-шашын мөлшерiнiң түсуi азаяды. Климат шұғыл континенттi. Себебi Еуразия материгiнiң iшкi бөлiгiнде орналасқандықтан. Жазы ыстық құрғақ, қыста қар аз мөлшерде түседi. Сондықтан жаз қуаңшылық, қыс боранды, жаңа дауылдар көп болады. Қаңтар айының орташа t-170, шiлдеде +200.

Абсалюттiк  t-450, жазда  +410.  Жауын-шашын мөлшерi 290-2’50, оңтүстiкте 200мм. Жауын-шашын бiркелкi түспейдi, булану коэфицентi жоғары, әсiресе қуаңшылық жылдары. Қысы ұзақ, қар 140-150 күнге дейiн жатады. Қалыңдығы 20-25см. Көктем қысқа 1-1,5 ай, кей күндерi аязды күндер әсiресе мамыр айында болды. Күз қысқа жаңбырлы ауа t күрт төмендеп, ерте қыстың түсуi байқалады. Құрғақ климат қатты және құрғақ жерлерге әкеледi. Желдiң соғуы көбiне оңтүстiк батыстан, жылдамдығы 30м/сек. Ылғалдылығы 65%.

III топ Сутанушы.

Тапсырма: Өзендер мен көлдерді анықтау және қандай су жүйесіне енеді?

Сутанушы . Негiзгi көлдерi ағынсыз Теңiз бассейiнiне жатады. Тек қана солтүстiк батыс дала өзендерi Терiсаққан көлiмен қатар келiп, Нұра Құланөтпес және 20 шақты ұсақ өзендер кездеседi. Климат құрғақ болғандықтан су аңғарларында су аз. Құрғақ жылдары Нұра өзенiнiң арнасы суға толмай тұрады. Одан басқа 60 тұщы және бiрнеше ащы көлдер бар. Судың құрамы хлорлы және сульфатты хлорлы. Көптеген тұщы көлдер Нұра өзенiнiң етегiн бойлай орналасқан. Үлкен жазықта Қорғалжын көлiнiң өздiгiнен сулы алқапты. Қорғалжын көлi және бiрнеше шағын шығанақтарға бөлiнген. Ең iрiлерi, яғни iрi көлдерi Сұлтанкелдi, Есей, Қоқай, Жаманкөл. Қорғалжын көлiнен шығысқа қарай Бiртабан-Шалқар көлдерi жүйесi орналасқан. Оның iшiнде iрi көлдерi Көктал, Шалқар, Шалқар солтүстiк шығысқа қарай Ұялы көлдер жүйесi. Оған кiретiндер Жыландышалқар, Ұялы шалқар, Жәнібекшалқар

Қорғалжын қорығының территориясында орналасқан ең үлкен көл Теңiз. Көлемi 1136 –1590км2, жағалауы –500км, тереңдiгi –6,7м. Тұйық көлдер жүйесiне жатады, Нұра, Құланөтпес өзендерiнiң суымен қоректенедi. Көлдегi судың булануы өте жоғары, 60 астам кiшi және үлкен аралдан тұрады, Оңтүстiк батысында Теңiз көлiне Керей Қыпшақ шағын көлдерi ұласады, жазда олар қатты кеуiп қалады.

Теңiз-Қорғалжын көлдер жүйесiне Нұра өзенiнiң ағынында толысады, ең ағынды Қоқай көлдердiң бiрi Есей. Асаубалық 4г/л.

Теңiздiң минералдығы 40,8 г/л, шығысында Нұра өзен  ағынуны байланысты тұщылау. Көл сулары ауыр метадармен, әсiресе мырыш, сынып, марганецпен ластанған. Асаубалық, Есей, Қоқай көлдерi 2-4 есе фтор 1-2,5 есе байқалады.

IV. топ Топырақтанушы.

Тапсырма: территориядағы топырақтың құрамын анықтау.

Солтүстiгiнен оңтүстiгiне қарай каштанды, қоңыр және сұр каштанды топырақ.

Қоңыр каштанды топырақ солтүстiктi алады. Сондықтан бұл жерлер жайыдымды жерлерге жайлы.

Каштанды топырақ ең көп таралған. Әсiресе ұсақ шоқыларда. Ұсақ тастар араласа кездеседi.

Сұр каштанды топырақ шөлдi далаларда оңтүстiк-батыс жерлерде орналасқан. Теңiз көлiнiң батыс бөлiгiнде сазды топырақ, шөптер мен сазды аралас топырақ жайылған. Осы топыраққа байланысты өсiмдiктер әлемi кең таралған.

V. топ Өсімдіктанушы

Тапсырма: Территориядағы өсімдік құрамын және Қазақстанның Қызыл Кітабына енген өсімдіктерге қысқаша сипаттама беру.

Өсiмдiктер. Бұл территорияда 6 түрлi өсiмдiк жүйесi кездеседi. Дала өсiмдiгi, шөлдi жер өсiмдiгi, бұталы өсiмдiктер, шөптесiн өсiмдiктер, өсiмдiктер. Өсiмдiктердiң әр түрлiлiгi бiрнешеден топыраққа, екiншiден  климатқа байланысты.

Дала өсiмдiгiне ксерофиттер, суыққа төзiмдi  астық тұқымдас өсiмдiктер орын алған. Бұл өсiмдiк (астық тұқымдас, селеу, тюльпан, шеренка, таза аппақ қызғалдақтан сары, қызыл т.б.) түстерiне дейiн кездеседi. Сары қызғалдақтар (лютик, ирис)

Шөлдi жерлерде жусандар, соленка, жалбыз, қына  т.с.

Бұталы өсiмдiктер: тобылғы, итмұрын, сасыр.

Сазды батпақты жерлерде: қамыс, қоға, рогоз т.с.

Суларда: жiп тәрiздi балдырлар, балдырлар.

Өсiмдiктер әлемi әр түрлiлiгi сонша 511 түрлi өсiмдер 270 түрге, 70 туысқа бiрiккенi өте бай фаунаға дәлел. Өсiмдiктердiң 5 түрi Қызыл Кiтапқа енгiзiлген. Ең көп таралған өсiмдiк түрлерi қашқаргүлдер түрi 84, жалбыздың43 түрi, қырыққабат 39 түрi, қалампыр тәрiздi 20 түрлерi.

Осылардың iшiнде 2 түрлi қызғалдақ, шренка қызғалдақ, понюкши қызғалдығы жабайы әдемi түрге жатады. Осы қызғалдақ түрлерi селекцияның құнды қоры және Голландияның ХVI ғ қызғалдақтардың осыдан шыққанының дәлелi. Сирек кездесетiн су өсiмдiгi ақ тұңғиық өсiмдiгi.

V топ  Жануартанушы.

Жануарлар әлемi. Осы территорияда 5 түрлi су жануары және бауырмен жорғалаушылар, қос мекендiлер, құстар, сүтқоректiлер орын алған.

Балықтың 17 түрi ол туысқа бiрiккен. Ерекше қорғауға алынған ихтиофауна, яғни балық түрi кездеспейдi.

Бауырмен жорғалаушының 4 түрi кесертке, түрлi түстi ящурка,  теңбiл жорғалаушы, дала  жыланы. Ол ерекше қорғауға алынған.

Қос мекендiлердiң 2 түрi. Жасыл бақа (жаба) өткiр тұмсықты бақа.

Құстар 340 түрлi құстар мекендейдi. Оның 126 –сы ұя басады. 40 түрi Қазақстанның Қызыл Кiтабына 26түрi Халықаралық Тiзiмге алынған. Теңiз көлiнiң аумағына, судың байлығына қараса 15 млн құстарды асырауға  мүмкiндiгi бар.

Су құстарының iшiнде солтүстiкте ұя басуға арнайы Теңiз-Қорғалжын көлiне келетiн ерекше құстың бiрi қоқиқаз.

Қоқиқаз түрi қызғылт, бойы 1,5м, тұмсығы имиген, мекиенi екеуi 2-3 жұмыртқаны кезектесiп басады. Ұясы доға тәрiздес,  су көп келетін жылы биіктеу етіп салады. Су аз өте төменге салады. Жақсы, жайлы жылдары 50 000-60 000 қоқиқаз ұшып келеді.

Бұйра бірқазан— ірі (13кг-ға дейін, қанатының құлашы 270-320см), ақшыл, қауырсындары біршама сұрлау құс. Басындағы қауырсындары «бұйра», ол ұзын қауырсындардың оралуынан пайда болған және тұмсығы қызғылт, ал күйттеу кезінде мүлдем қызыл болады. Қызғылт бірқазаннан  ерекшелігі- қауырсынында қызғылт рең болмайды, мөлшері біршама үлкен және басында «бұйра» қауырсындар болады, қанаттарының астыңғы жағы күңгірт түстен, қанатының ұшы, ашық түске (қолтығы) дейін өзгереді.

Олар тұздылығы және өсімдік  жабындысы әртүрлі суқоймаларында көлдерде, ішкі теңіздерде, өзен атырауларында тіршілік етеді. Шоғырларда бірнеше ондаған, кейде жүздеген жұптар болады, қызғылт бірқазандармен, суқұзғындары және басқа да су құстарымен бірігіп шоғыр құрайды. Ұяда бар-жоғы 2-4 жұмыртқа болады, шайқауға бір айдан аса уақыт өтеді.

Сұңқылдақ аққу – бұл ірі (ұзындығы 160см-ге жетеді, 7-10, кей жағдайларда13 кг болатын, қанатының құлашы 1,5м-дей) аппақ қардай құс, мойны ұзын әрі әсем, ұқсас шиқылдақ аққуға қарағанда мойнын тік ұстайды. Тұмсығы сары, ұшы (танауына дейін) қара, горизоньаль бағытта ұстайды, сұңқылдаған сияқты күңіренген дыбыс шығарады.

Ұясын қамыс пен қоға өскен жықпылдарда немесе үлкен массивтерде, жиі қимасы 1,5-3 м-ге жететін қалқып жүзетін аралдарда салады. Ұяда 3-7 сұр немесе ақ жұмыртқа болады, оларды негізінен аналық қаз 35-40 күн шайқайды.

Тарғақ –орташа денелі (180-200г) дала шалшықшы құсы, дене бітімі қызғышқа ұқсас. Жалпы реңі ақшыл, қоңыр-сұр, тек басының үсті мен көзі арқылы жолақ өтеді, ал олардың арасындағы қасы-аппақ. Төсінің артқы бөлімі қара, құрсағы қызғылттау, құйрықасты –ақ болып келеді.

Құрғақ қысқа шөпті, көбіне мал таптаған даланы ұнатады. Топтары сирек орналасып, ұялайды. 4 шұбар жұмыртқа болады, оны аналығы жердегі шұңқыорға салады, аналығы мен аталығы кезектесіп 3 апта шайқайды. Балапандары ширақ, мамығы кепкен соң ұяны тастауға дайын тұрады. 4 аптадан кейін қанатына қонады. Тарғақтар насекомдармен, соның ішінде көкқасқа шегіртке, бізтұмсық қоңыз және ауылшаруашылығының басқа зиянкестерімен қоректеніп пайда келтіретіні сөзсіз

Қарабай. Барлық материктерде тіршілік етеді. Еуразияның оңтүстігінде кездеседі. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген. Біршама ірі (50см дейін- қанат құлашы 1м жуық) Қауырсынының жалпы түсі қызғылт қоңыр; арқасы, құйрық түсі және иығы қара. Металл сияқты жасыл-күлгін реңді. Оның ең басты ерекшелігі төмен қарай иілген ұзын (15см) тұмсығы

 

Қортынды: сонымен оқушылар сендермен Қорғалжын қорығын зерттеу арқылы, әрине әдейілеп дайындалған атлас, карта, қосымша әдебиеттер арқылы сонымен сендерге қоса айтқанда

  1. Қорықты неге сулы-батпақты аймаққа жатқызған?
  2. Қанша құс мекендейді?
  3. Қаншасы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген?
  4. Неге территория қорғауға алынған?

 

Қолданылған әдебиеттер:

Иващенко А.А., Ковшарь В.А., Ф.Ф.Карков

Маңызды биологиялық түрлері атласы : Коваль И.А., Мусабаев Х.Ш., Кертешев Т.С., Рачковская Е.И., Ерохров С.Н., Карагулова Ж.А.

Сулы –батпақты жерлердің атласы: Тим Э.М. , Люфт Л, Гён Ш.

Қорғалжын аймағының мектептеріне арналған экологиялық әдістемелік Наурызбаева Ж, Омарбекова А, О.Кошкина

Құстардың таңғажайып әлемін ашыңыз. Ш.И. Маштаева, К.С.Тұрсынбаева

«Қазақстанның су әлемі» А.А.Иващенко, С.А.,Потапенко

Қазақстанның сулы-батпақты жерлерінің өсімдіктері

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *