№14 мектеп-гимназиясының
математика пәнінің мұғалімі
Мамбетов Айдар Турдалиевич
Пән: геометрия
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы.
Мақсаты:
Оқушыларда үшбұрыштың бұрыштарының арасындағы қатынас туралы ұғым қалыптастыру. Міндеттері: білімділік: үшбұрыштың бұрыштарының арасындағы қатынас туралы түсінік беру,осы теореманы пайдаланып есеп шығаруды үйрету; Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын,өз білімі мен күшіне сенімділікке, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушының өзін-өі бақылау ,өз бетімен жұмыс жасау ,атқарылған жұмысты талдау қабілетін дамыту Күтілетін нәтиже: Білімі: үшб-ш бұрыштарының арасындағы қатынас туралы ұғым,теореманы есеп шығаруда талдай отырып пайдалана алатын болады; Біліктілігі:алған білімін сабақ барысында пайдалануды,есеп шығаруды белгілі тәртіппен орындауды игереді; Қабілеті:тапсырманың мазмұнын толық түсініп,оны орындауда өз пікірін айтады,ұқыптылыққа, өз жұмысына дұрыс талап қоюға және баға беруге үйренеді. |
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру
Көрнекі құралдар: компьютер; презентация;оқулықтар мен оқу құралдары.
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Күтілетін нәтиже |
Түсіндіру тәсілдері мен формалары |
Сабақты ұйымдас-тыру |
1.Оқушыларды түгелдеу 2.Оқу құралын тексеру 3.Үй тапсырмасын тексеру |
Сабаққа белсенді қатысуға дайындалады. |
Мұғаліммен, оқушылармен өзара қатнас жасауды жоспарлайды,білімге деген ынтасы артады |
|
Білсенділік |
Жаңа тақырыпты игеру үшін өткен тақырыптағы негізгі ұғымдарды қайталау арналған сұрақтар: №1. Сызбадағы бұрыштардың шамасын табыңдар. Слайд 2 №2. __ В бұрышының шамасын табыңдар Слайд 3 |
Тапсырманы орындап, дұрыс жауапты табады |
Параллель түзу- лердің қасиет -терін қайталап, жаңа тақырып ты игеруді жоспарлау,өз білімін бағалау. |
Жеке және топтық жұмыс |
Жаңа тақы- рыпты иге- руді талап ететін мәсе лені қою
|
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қандай?Ол барлық үшбұрыштар үшін бірдей бола ма? Слайд 4 Практикалық жұмыс Слайд 5 Үшбұрыштың ішкі бұрыштары -ның қосындысы туралы әртүрлі пікірлер айту. |
Тақырыпты белгілеп, оның мақсатын анықтайды, дәптерге үшбұрыштың сызбасын салады . Мақсат: үшбұрыштың ішкі бұрыштарының шамасы туралы пікірді қалыптасты -ру. Салынған үшбұрыш тар -дың шамаларын өлшеп, кесте ні толтыру, нәтижелер туралы пікір айту. |
Ауызша өз беті — мен пікір айту, тақырыпты игерудегі мақ -сатты анық -тау және пікір таласу жүрі -туге белсенді қатысу. |
Жұптық жұмыс |
Оқушылар-дың «жаңа білімді» игеруі барысында орындалған амалдар мен қойылған мақсатты салыстыру, оқу үрдісін реттеу |
Ішкі айқыш бұрыштардың қасиеттерін пайдаланып,ішкі бұрыштардың қосындысы 180° болатынын көрсету Ішкі бұрыштардың қосындысы туралы тореманы келтіру және дәлелдеу Слайд 6 |
Сызба бойынша әртүрлі үшбұрыштарды салыстырып қорытынды жасайды. Дәптерге сызбаны салып, теореманың дәлелдеуін жа зып алады. |
Тақырыпқа қызы ғушылық,өз әрекетін салыс- тыру, баға беру |
Жұптық жұмыс |
Алған білімді пайдалану |
Ауызша тапсырмаларды орындау: 1.Екі бұрышы бойынша 3ші бұрыштың шамасын тап Слайд 7 2.Үшбұрыштың белгісіз бұрыштарының шамаларын табыңдар. Слайд 8 №3.Теңбүйірлі үшбұрыштың бұрыштың бұрыштырының шамасын табыңдар: а) табанындағы бұрышы төбесін дегі бұрышынан 2 есе үлкен. Шешуі: ∠В- төбесі, ∠Ажәне ∠С- табанындағы бұрыштар, АВ=ВС ∠В=х, онда ∠А=∠С=2х. ∠А +∠В+∠С=180°, х+2х+2х=180, х=36°,онда ∠В=36°, ∠А=∠С=72°. Жауабы: ∠А=72°;∠В=36°;∠С=72°. №4.Бір бұрышы 40°-қа тең болған теңбүйірлі үшбұрыштың қалған бұрыштарының шамасын табыңдар.Шешу тәсілдері:а) 40°. 1жағдай:табанындағы бұрышы40 онда 180°-(40°+40°)=100° 2жағдай:төбесіндегі бұрышы 40° онда (180° — 40°):2=70°. Жауабы: 40°; 40° және100° немесе 40°;70° және 70°. |
Тапсырмаларды орындап, дұрыс жауаптарды беру Сызбамен жұмыс, бұрыштар дың шамасын табу Бір оқұшы тапсырманы тақтада орындап,түсінік береді,қалғандар жазып алады |
Тақырыпқа қызы ғушылық,өзбетімен жұмыс жа -сауға бейімдік Өзгенің пікірін тыңдауқойылған тапсырманы орындай және түсіндіре білу |
Жеке және топтық жұмыс |
Өзіндік жұмыс (өзін-өзі бағалау) |
Берілген үшбұрыштардың бұрыштарының шамасын табыңдар.Слайд 9 Тапсырманы орындау, берілген критерий бойынша өзін-өзі бағалау Слайд 10 |
Тапсырманы орындайды, дұрыстығын тексереді |
Дұрысбағалауды қалыптастыру. Өз бетімен есеп тің орындалуын талдау қажет болғанда өзгеріс енгізуді білу. |
Жеке жұмыс |
Домашнее задание |
Үй тапсырмасына түсінік береді Үй тапсырмасы: § оқу, № (а,ә); № (б,в).Слайд 11 |
Тапсырманы жазып алады |
||
Сабақты қорыту Рефлексия |
Сабаққа қойылған міндетті еске түсіріп,оның оқушы тарапынан орындалуын бағалайды |
Алған білімін,өз еңбегін бағалау |
Практикалық жұмыс «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы»
Мақсаты: ішкі бұрыштарының қосындысы туралы гипотеза қалыптастыру.
Нұсқау : 1.Нәтижелерді кестеге енгізу. 2.Гипотезаны келтіріп шығару
∠ 1 |
∠ 2 |
∠ 3 |
∠ 1 + ∠ 2 + ∠ 3 |
|
1 |
||||
2 |
||||
3 |
||||
4 |
||||
5 |
[bws_related_posts]
Бұл жерден презентация көшірілмей ме?