Қызылорда қаласы
№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей
Физика пәнінің мұғалімі Сейдалиева Фариза Нұрланқызы
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: «Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін негіздеу, жинақтау
2. Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс дағдысын арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру
3. Дамытушылық: Дамытушылық қабілетін арттыру, ізденімпаздыққа баулу
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, есептер шығару, топпен жұмыс
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакат, слайд. Көрнекі формулалар, сызбалар. Үлестірме материалдар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Ой-толғаныс
V. Деңгейлік тапсырмалар
VІ. Сабақты бекіту.
VІІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Топқа бөлу фишка арқылы
ІІ. Үй тапсырмасы( 5 минут): Үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сұрақ- жауап түрінде жүргізіледі, есептер тақтаға шығарылады.
Ш. Жаңа сабақ. Сұрақ-жауап (7 минут)
1. Заттың агрегаттық күйлері дегеніміз
Зат үш күйде болады: қатты; сұйық ; газ тәрізді. Бұл күйлер агрегаттық күйлер деп аталады. Бір заттың өзі жағдайларға байланысты әр түрлі агрегаттық күйде бірдей болады.
2. Балқу және балқу температурасы дегеніміз
Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі балқу деп аталады. Заттың балқу кезіндегі температурасын заттың балқу температурасы деп аталады.
3. Заттың қатаюы дегеніміз
Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесін қатаю немесе кристалдану дейді. Зат қай температурада балқыса , сол температурада қатаяды.
4. Қайнау және қайнау температурасы дегеніміз?
Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.
5. Конденсация дегеніміз?
Будың сұйыққа айналу құбылысы.
6. Қаныққан бу және қанықпаған бу дегеніміз
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу, өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған бу деп айтады
7. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз?
Ауадағы су буы Р қысымының берілген температурадағы қаныққан будың Рқ қысымына қатынасының пайызбен өрнектелетін шамасын ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды
8. Жылу мөлшері дегеніміз?
Жылу берілу кезіндегі ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін жылу мөлшері деп айтамыз.
9. Меншікті балқу жылуы дегеніміз?
1 кг кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін жұмсалатын Q жылу мөлшерін осы заттың меншікті балқу жылуы деп атайды және λ әрпімен белгілейді
10. Меншікті булану жылуы дегеніміз?
Меншікті булану жылуы (r) деп сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
IV. Ой-толғаныс (13 минут): Әр топқа балқу, қатаю, булану тақырыбында постер салу тапсырмасы беріледі. Постерді құруға 7 минут қорғауға 6 минут беріледі.
V. Деңгейлік есептер шығару(5 минут):
1 топ.
І – деңгей
1. Массасы 15 кг антрацит жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте. (q = 3,4∙107 Дж/кг)
Берілгені: Шешуі:
m = 15 кг Q = qm; Q = 15 кг *3,4*107 Дж/кг = 510*106 Дж
q = 3,4∙107 Дж/кг Жауабы: Q = 510*106 Дж = 510 МДж.
Q=?
ІІ – деңгей
2. Көлемі 2 л керосин жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте ( p = 800 кг/м3: q= 4,6*107 Дж/кг)
Берілгені: Шешуі:
V = 2л Q = qm; m = p∙V = q∙p∙V;
p = 800 кг/м3: Q = 800 кг/ м3 ∙0,002 м3 *4,6*107 Дж/кг = 73,6∙106 Дж
Q=? Жауабы: Q= 73,6*106 Дж =73,6 МДж
ІІI – деңгей
3. Массасы 300кг темірді 20 0 С –ден 40 0 с –ге дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады ? Дененің ішкі энергиясы қалай өзгереді ? с= 460 Дж/кг0 С
Бер : m = 300 кг Шешуі : Q = cm(t2 – t 1 )
t 1 = 20 0 С Q = 460 Дж/(кг*0 С) ∙ 300 кг ∙ (40 0 С -20 0 С) =
t 2 = 40 0 С =2760000 Дж
с = 460 Дж/(кг*0 С)
т/к: Q = ? Ж: Q = 2760000 Дж; дененің ішкі энергиясы артады.
2 топ
І – деңгей
1. Егер массасы 10кг ағаш көмір жанғанда 340 МДж энергия бөлінетін болса, онда оның меншікті жану жылуы неге тең?
Берілгені: Шешуі:
m = 10 кг Q = qm; q = Q/m; q = 340 МДж/10 кг
Q = 340 МДж q = 34 МДж/кг;
q — ?
ІІ – деңгей
2. 15С – та суды 100С – қа дейін қыздырғанда, оның ішкі энергиясы 178,8 кДж – ге артты. Судың массасын анықта?
Берілгені: Шешуі:
t 1 = 15С Q = cm (t 2 – t 1);
t 2 = 100С m = Q/с (t 2 – t 1)
Q = 178, 8 кДж m = 0,5 кг
C = 4200 Дж/кгС
m — ?
ІІI – деңгей
100 0 С-тан 10 0 С-қа дейін салқындатылған массасы 5 кг су қанша энергия мөлшерін бөледі ? с = 4200 Дж/(кг*0 С)
Бер : m = 5 кг Шешуі : Q = cm(t2 – t 1 )
t 1 = 100 0 С Q 2 = 4200 Дж/(кг*0 С) ∙ 5 кг ∙ (100 0 С -10 0 С) =
t 2 = 10 0 С = 1890000 Дж
с = 4200 Дж/(кг*0 С)
т/к: Q = ? Ж: Q = 1890000 Дж
3 топ
І – деңгей
2. 2100 Дж жылу жұмсап , массасы қанша суды 20 0 С –ге жылытуға болады ?
с= 4200 Дж/кг 0С ;
Бер : Q = 2100 Дж Шешуі : Q = c m t
t = 20 0 С m = Q/ c t = 2100Дж/ (4200 Дж/(кг*0 С)∙ 20 0 С )
с = 4200 Дж/(кг*0 С) = 0,025 кг= 25 г
т/к: m = ? Жауабы: m = 25 г
IІ – деңгей
20 кг тас көмір жанғанда , қанша жылу бөлінеді ?q = 2,7 ∙ 10 7 Дж/кг
Бер : m = 20 кг Шешуі : Q =qm
q = 2,9 ∙ 10 7 Дж/кг Q =2,7 ∙ 10 7 Дж/кг ∙ 20 кг =5,4 ∙ 10 8 Дж т/к: Q = ? Ж: Q = 5,4∙ 10 8 Дж
ІIІ – деңгей
Стакандағы 250 г қайнаған су 14 0 С –дейін суығанда қандай жылу мөлшері бөлінеді? с= 4200 Дж/кг 0С ;
Бер : m = 250 г= 0,250 кг Шешуі : Q = cm(t2 – t 1 )
t 1 = 100 0 С Q 2 = 4200 Дж/(кг*0 С) ∙0,250 кг ∙ (100 0 С -14 0 С) =
t 2 = 14 0 С = 90300 Дж = 90,300 кДж
с = 4200 Дж/(кг*0 С)
т/к: Q = ? Жауабы: Q = 90,300 кДж
VІ. Сабақты бекіту. 3 топқа тест тапсырмалары беріледі
VІI. Үйге тапсырма: «Аморфты және кристалл денелер» тақырыбында мәліметтер жинау