Салтанат Шалдыбаева
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
1.Тұрақты тіркестер туралы түсінік беру, қолдана білуге үйрету.
2. Оқушылардың тіл байлығын, ақыл-ойын, сана-сезімін дамыту.
3. Оқушаларды мәдениеттілікке, сыпайылыққа үйрету;
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түрлі-түсті стикерлер.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі.
I.Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесіп, кезекші есебін тыңдау.
Оқушыларға екі түсті стикерді үлестіріп 2 топқа бөлу (оқушылар сәйкес түс бойынша өз топтарын тауып алады, топ басшысын өздері тағайындайды).
II. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбын анықтау үшін интерактивті тақтадан сөйлем оқылады, мазмұныны, сөз таптарына талданады.
1.Дәл осылай болады деген Бектің үш ұйықтаса түсіне кірмеген болатын. (ойламаған, күтпеген)
— Сонымен,балалар, бұл сөйлемде екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі бар, бір мағына беретін тұрақты тіркес берілген. Бұл біздің жаңа сабағымыз. Енді сабақтың мақсатын шығарайық (оқушылармен бірге):
— Тұрақты тіркестермен танысу, қолдана алуға үйрену, тіл байлығымызды, ойымызды дамыту, осы тұрақты тіркестерді пайдалана отырып, мәдениетілікке, сыпайылыққа үйренейік.
2.Көзді ашып жұмғанша ауылдан бірақ шықтық.- талдау, тұрақты тіркес ережесін анықтау.
Тұрақты тіркес дегеніміз:
-екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі, бір мағына береді, сыңарларын ауыстыруға болмайды, басқа сөздермен ауыстыруға болмайды, синонимдік, антонимдік баламалары болады; ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы, сөздік қордың, тіл байлығының дамуына ықпал жасайды.
Сергіту кезеңін өткізу.
III.Жаңа тақырыпты игеру:
1-тапсырма: «Баламасын табыңдар»
1-ші топ 2-ші топ
Ат ізін салмау 1. Инедей қадалу
Қол ұшын беру 2. Мұзға отырғызу
Тіс жармау 3. ит тұмсығы өтпейтін
Мойны жар бермеу 4. Жерге кіріп кете жаздау
Төрт көзі түгел 5. Аузын қу шөппен сүрту
Бетінен қақпау 6. Қабырғаңмен кеңес
2- тапсырма: «Суреттер сөйлейді»
Интерактивті тақта арқылы ауыз, мұрын, мұз, жүрек , ит, қоян суреттері көрсетіледі. Сол суретке қарап тұрақты тіркес құрайды және сол сөзді үш тілге аударады.
3- тапсырма: «Оқулықпен жұмыс»
111-жаттығу.
Тұрақты тіркестердің синонимдік, антонимдік баламаларын табу, сөйлем құрау.
4 – тапсырма «Әзіл аралыс сұрақтар» тұрақты тіркестер пайдаланып қай топ тез жауап береді.
1.Адамның төбесі аспанға жете ме?
2.Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
3.Екі аяқ бір етікке сия ма?
4.Адамның қай жерінде нан піседі?
5.Көз сатыла ма? Ол не деген сөз?
6.Адамның аяғы, қолы түрлі-түсті бола ма?
7.Мәселенің қабырғасы бола ма?
8.Жұмыстың аяғы бола ма?
9.Қар жана ма?
5-тапсырма «Тұрақты тіркесті тап»
1 -ші топ
…..нің түгі бар
…..ын шүйіру
…..ын көкке көтеру
…..іне көк ала шыбын үймелету
2-ші топ
…..тай ұшты
…..ыңды балта кеспейді
…..і тоймау
түйе үстінен …..үйту
6- тапсырма «Адасқан сөздер» тұрақты тіркес жасау. Топ басшылары орындайды.
Таяқ |
Шыңқ етер |
Ағаш | |
Соқа | |
Шыбын |
Ауыз |
суалу |
Көз | |
Бет | |
Жер |
Бет |
Шаншылу |
Аяқ | |
Мұрын | |
Бел |
Езу |
құлағында |
Ауыз | |
Тіс | |
Ерін |
IV. Бекіту
Шығармашылық жұмыс
Тұрақты тіркестерді пайдаланып «Сабақта» тақырыбына эссе жазу.
V.Қорытынды:
Сабақты қорытындылай келе, ең көп стикер жинаған топ жеңіске жетеді.
VI.Үйге тапсырма:
А) Тақырыпты оқып келу;
Б) 111- жаттығуды аяқтау.
VII.Оқушыларды бағалау, топ басшыларының көмегімен.