Қос сөздер

Маймаханова Мөлдір Мейрамханқызының

Қысқа мерзімді жоспар

Пән атауы: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

Сабақтың мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлату, жұптық, топтық жұмысты ұйымдастыру  арқылы тақырыпты меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

— Ынтымақтастық армосферасын қалыптастырады;

— сыни тұрғыдан  ойлауы дамиды;

— жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, қос сөздер туралы мағлұмат алады.

Стратегиялық іс-әрекеттер: «Сөздер тізбегі»,  «Ыстық орындық» , «Миға шабуыл», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Мозаика», «Детальдарды қосу»  стратегиялары, топпен, жұппен жұмыс, рефлексия, бағалау.

Ресурстар мен жабдықтар: Оқулық, интербелсенді тақта, ыстық орындық, ақшалар, сөзжұмбақ пен ребустар, күлегештер, қорап, стикерлер.

Негізгі идея: Қос сөздер, олардың жасалуы, ерекшелігі.

 

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалім

 іс-әрекеті

Оқушы

іс-әрекеті

Ресурстар

3 минут Кіріспе

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру

«Сөздер тізбегі» ойынын жүргізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.

«Сөздер  тізбегі» ойынының ережесін түсіндіреді.

Оқушылар назарын сабаққа аударады.

Сәлемдеседі.

«Сөздер тізбегі» ойынын ойнайды.

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Тұсаукесер
5 минут Үй тапсырмасын сұрау

«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы сұрау

 

Оқушыларға сұрақтарды слайдтан көрсетіп тұрады.

 

Оқушылар   берілген сұрақтарға жауап берді Ыстық орындық, слайд
2 минут Топқа бөлу

Қораптан ақша түрлерін алу

Қораптан ақша түрлерін ұсынады. Ақша түріне қарай топқа бөлінеді. Ақшалар
5 минут «Миға шабуыл»

Тақырыпты ашу, мақсатын қою.

Ребустар мен сөзжұмбақтарды топтарға таратады. Ребустар мен сөзжұмбақтарды шешіп, тақырыпты айқындайды, сабақтың мақсатын қояды. Сөзжұмбақтар, ребустар
2 минут Көшбасшыны таңдау

Сабақ басталмай тұрып орындықтың артына сары түсті стикер жабыстыру.

Сары түсті стикер арқылы топ көшбасшыларын таңдау Көшбасшы топ мүшелерін рөлдерге бөледі. Стикер
7 мин Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс

«Көршіңе әңгімелеп бер» стратегиясы

Жаңа тақырып мәтінін жеке оқып, сосын жұппен және топпен талқылауға береді. Мәтінді жеке оқиды, жұппен және топпен талқылайды. Оқулық
5 минут «Детальдарды қосу» стратегиясы

Мәтінді талқылау

 

Бағыт – бағдар  береді.

Баяндамашыны күлегешпен бағалайды.

Топтардың баяндамашылары тақырып бойынша түйінді сөзді айтып шығады.  
10 минут «Мозаика» стратегиясы арқылы тапсырмаларды орындау

Оқулықтағы жаттығу жұмыстары

Топтарға тапсырма жазылған таратпаларды береді. Берілген тапсырмаларды жеке орындайды, сұрақ бойынша топтарға жиналады, сол топта қайта талқылайды, одан өз топтарына оралады. Таратпалар, слайд
2 минут Бағалау Оқушыларды смайликпен бағалайды Шапалақ ұру арқылы сабақты бағалайды Смайликтер, шапалақ ұру
3 минут Рефлексия

Түрлі түсті қорап

Оқушылардың сабақтың соңында нені үйренгенін анықтайды Стикерді  кері байланыс жазып, қорапқа жапсырады Стикер, қорап
1 минут Үйге тапсырма:

74 – жаттығу.

Қос сөздердің түрлері туралы ізденіп келу.

Үйге тапсырма беру Үйге берілген  тапсырманы күнделікке жазады Тұсаукесер
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *