Маймаханова Мөлдір Мейрамханқызының
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Тіркесті сөздер
Сабақтың мақсаты:
Оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, күрделі сөздердің бір түрі тіркесті сөздер туралы мағлұмат беру, топта және өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
— Оқуға деген қызығушылығы артады;
— тіркесті сөздер туралы мағлұмат алады;
— мәтінмен, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады;
— топпен және өз бетінше жұмыс жасауға қалыптасады.
Стратегиялық іс-әрекеттер: «Уақыт шеңбері» , «Ойлан. Бірік. Бөліс», «Миға шабуыл», «Тендер», «Константинополь», «Кәдімгі керемет», «Бағдаршам» стратегиясы, жеке, топтық жұмыстар, рефлексия.
Негізгі идея: Тіркесті сөздер, олардың жасалуы, басқа күрделі сөздерден ерекшелігі.
Ресурстар мен жабдықтар: Оқулық, интербелсенді тақта, кәмпиттер, доп, конверт, бағдаршам белгілері, күлегештер, математикалық фигуралар, кесте.
Уақыт өлшемі |
Жоспар мазмұны |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
Ресурстар |
3 мин |
Кіріспе
Сыныпта психологиялық ахуал тудыру. Сергіту сәтін жүргізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. |
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.
Сергіту сәтін ұйымдастырады. Оқушылар назарын сабаққа аударады. |
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Сергіту сәтін жасайды. Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді. |
Тұсаукесер
бейнеролик |
3 мин |
Топқа бөлу
стратегиясы |
Кәмпиттер ұсынады | Кәмпиттердің түстеріне қарай топқа бөлінеді. | Кәмпиттер |
8 мин |
Үй тапсырмасын сұрау
«Уақыт шеңбері» стартегиясы |
Оқушыларға шеңбер құрғызады. Доп беру арқылы сұрақ қояды. Дұрыс жауап берген оқушыларға күлегештер беріп отырады. | Оқушылар доп арқылы сұрақтар қояды, жауап берді. | Доп |
2 мин |
Көшбасшыны таңдау. Сағат тілімен санау арқылы 4 оқушыны топ көшбасшысы ретінде таңдау | Санау арқылы 7 санына түскен оқушыларды топ көшбасшысы ретінде тағайындайды | Көшбасшы топ мүшелерін ролдерге бөледі | |
4 мин |
Қызығушылығын ояту.
«Адасқан әріптер» ойыны арқылы тақырыпты ашады. Мақсатын қояды.
|
Адасқан әріптер салынған конвертті топ алдына таратады | Әріптерден тіркесті сөздер құрап шығады, тақырыпты айқындайды.
Сабақтың мақсатын өздері қояды. |
Конверт |
10 |
Негізгі бөлім
Жаңа сабақ 1. Мәтінмен жұмыс «Ойлан. Бірік. Бөліс» стратегиясы
|
Оқулықпен жұмыс | Мәтінді жеке – жеке оқиды, жұппен талқылайды, топта білгендерімен бөліседі. | Оқулық |
2. Мәтінді талқылау
«Миға шабуыл» стратегиясы |
1 – 7-ге дейінгі санды таңдайды.
Оқушыларды математикалық фигуралар арқылы бағалау |
Сол санға түскен оқушы мәтінді талқылап басқаларға түсіндіреді. | Оқулық | |
4 | Жаттығу орындау
1. «Жеке жұмыс» 2. «Константино — поль» ойыны |
1. 93- жаттығуды жеке орындауға береді.
2. Тапсырманы ерте аяқтаған оқушыларға қосымша жұмыс береді. Тапсырма: Сабақтың тірек сөзінен көп қысқа сөздер құрастыру |
1. Жаттығуды жеке орындап, интербелсенді тақтадағы жауабымен өз — өзін тексеріп бағалайды.
2. Негізігі сөзден барынша көп қысқа сөздер құрайды. |
Оқулық, слайд |
5 | Қорытынды
«Тендер» әдісі |
Топтарға тапсырманы түсіндіреді, бағалаушы комиссиямен таныстырады. | Тапсырманы орындайды, кезекпен комиссия алдына орындалған жұмысты апарады. Комиссия қай топтың жұмысы «үздік» деп тапса, сол топ «жеңімпаз» болады. | Оқулық |
2 |
Бағалау
«Бағдаршам» стратегиясы |
Бағдаршам белгілерін таратады | Бағдаршам арқылы сабақты, өзін бағалайды.
|
Бағдаршам белгілері |
3 |
Рефлексия
|
Стикер таратады
|
Стикерге рефлексия жазып, кестеге жабыстырады. | Кесте |
1 |
Үйге тапсырма:
«Кәдімгі керемет» әдісі |
Үйге тапсырма беру | Кезекші оқушы хат таратады. Хатта жазылған тапсырманы үйге орындауға алады. | Конверттегі хаттар |
[bws_related_posts]