Маймаханова Мөлдір Мейрамханқызының
Қысқа мерзімді жоспар
Пән атауы: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
- Сөз тұлғасының бөлшектерін білу, дара және күрделі сөздердің қалай жасалатынын түсіну;
- Жаңа сөз жасаудағы заңдылықтар мен ережелерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындау және дара және күрделі сөздерді салыстыру, бір – бірінен ажырату;
- Сөз тұлғасынан өткенді жинақтау, бір жүйеге келтіру, тұжырымдау және тіл білімінде алатын орнын бағалау.
Күтілетін нәтиже:
1. Сөз тұлғасының бөлшектерін біледі, дара және күрделі сөздердің қалай жасалатынын түсінеді;
2. Жаңа сөз жасаудағы заңдылықтар мен ережелерді қолдана отырып, тапсырмаларды жеке орындайды және дара және күрделі сөздерді топта салыстырып, бір – бірінен ажыратады;
3. Сөз тұлғасынан өткенді жинақтап, топпен ұжымдаса отырып тұжырымдамалық карта жасайды және тіл білімінде алатын орнын бағалайды.
Стратегиялық іс-әрекеттер: Блум таксаномиясы, жеке, топтық жұмыстар, «Жұқа — қалың сұрақтар», «Топқа бөлу», «Білімді өзара бағалау», «Тапқырлық танытайық», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Блум баспалдығы», «Шығармашылық шарт» стратегиялары
Негізгі идея: Сөз тұлғасы, жаңа сөздер жасау,дара және күрделі сөздер.
Ресурстар мен жабдықтар: Оқулық, интербелсенді тақта, сөз қиындылары, тапсырма парақшалары, тұжырымдамалық карта, Блум баспалдағы, күлегештер, стикерлер.
Уақыт өлшемі |
Жоспар мазмұны |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
Ресурстар |
3 мин |
Ұйымдастыру.
Сергіту сәтін жүргізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. |
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.
Сергіту сәтін ұйымдастырады. Оқушылар назарын сабаққа аударады. |
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Сергіту сәтін жасайды. Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді. |
Тұсаукесер |
6 мин |
Білу, Түсіну
стратегиясы |
|
1. Өздері алған сөздің қандай сөз екенін, жасалу жолын сұрақтарға жауап бере отырып түсіндіреді.
2. Топтарға бөлінеді. |
Сөз қиындылары |
8 мин |
Қолдану
«Білімді өзара тексеру» тәсілі |
96 – жаттығуды түсіндіреді | Тапсырманы орындап, слайдтағы жауабымен жұбын тексереді. | Оқулық |
7 мин |
Талдау
«Тапқырлық танытайық» ойыны |
Төрт топқа әртүрлі тапсырмалар береді, шартын түсіндіреді. | Топтар берілген тапсырманы орындап, Топтар бір – бірін күлегештерді көтеру арқылы бағалайды. | Тапсырма парақшалары
Күлегештер |
12 мин |
Жинақтау
Тұжырымдамалық карта жасау |
Тұжырымдамалық картаның калай жасалатынын түсіндіреді. | Тақырып бойынша топпен ұжымдаса отырып, тұжырымдамалық карта жасайды.
Шапалақ соғу арқылы топтар бір – бірін бағалайды. |
Оқулық, тұжырымдамалық карта |
3 мин | Бағалау | Ортаға сұрақ тастайды. | Сөзжасамның тіл біліміндегі алатын орнын бағалайды. | |
2 мин | Рефлексия | «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын түсіндіреді. | Бүгінгі сабақтың екі ұнаған сәттерін және өз ұсыныстарын білдіреді. | |
3 мин |
Бағалау
«Блум баспалдағы» |
Стикер таратады, блум баспалдағына қалай жабыстыру керектігін айтады. | Блум баспалдағына стикерлерді жабыстыру арқылы өз — өзін бағалайды. | Блум баспалдағы, стикер |
1 мин |
Үйге тапсырма:
«Шығармашылық шарт» әдісі |
Үйге тапсырма беру | Тапсырманы күнделікке жазып алады. | Тұсаукесер |