Басы » Бастауыш сыныптар » Кәне, кім тапқыр!

Кәне, кім тапқыр!

gulnuraШежін орта мектеп-балаб ақшасының
бастауыш сынып мұғалімі
Гүлнұр Салахитденова
Сыныбы: 3 «Б»

Пәні: Логика әлемі
Сабақтың тақырыбы:  «Кәне, кім тапқыр!»
Сабақтың мақсаты: 1. Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау 2.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.3.Оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
                       Психологиялық дайындық
1. Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. “Кім тапқыр?”
ІІІ. Математика мақал-мәтелде
ІV. Жұмбақтағы математика
V. Математикалық сұрақтар
VІ. Логикалық есептер
VІІ. “Тапқыр болсаң, тауып көр” (математикалық бейнелі сөз)
2. «Кім, тапқыр?»
Түзу, нүкте, сәуле
Теңдеу, шаршы, мектеп (артық сөзді тап)
3. «Математика мақал-мәтелде»  (мақалдың жалғасын тап)
 1.Бір тал кессең , ….
2. Жүз теңгең болғанша,…
3.Ер бір рет өледі,
4.Екі жақсы қас болмас,…
1.Бір кісі қазған құдықтан,…
2.Жеті рет өлшеп,…
3. Білекті бірді жығады, …
4.Бір жеңнен қол шығар,…
 
1.Көру зейінін дамытуға жаттығу
Шарты: Шағын өлшемдегі әртүрлі фигурлар тақтаға салынып беті жабылып қойылады. Оқушылар сол фигураларды орнын ауыстырмай ретімен қойып шығулары керек.
Мұғалім:  Мен қазір фигураларды тақтаға саламын. 1,2,3, деп санап мен сендерге тақтадағы фигураларды көрсетемін. Мен беске дейін санап бұл фигураларды қайта жауып қоямын. Сіздердің міндеттеріңіз – фигураларға зейін салып қарап есте сақтау.   Фигураларды есте сақтау
4. «Жұмбақтағы математика»  (жұмбақтар шешу)
     1. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсап бірақ достарым,
Фигура ол негізі,
Дәл жауапты қостадым (шеңбер)
2.Бір кемпір: Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар –
«Қой мұнымыз болмас.
Бұл үй толы кісі болды,
әрі бізден екі есе артық екен,
кетейік»-деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен
ұрылардан осылай аман қалыпты.
Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша?  (10 адам, 5 ұры)
3.Жоқ өзінде қас та, бас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
4. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін білсең санап қой. (17)
5. «Математикалық сұрақтар»
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма
2. 1 сағатта неше минут бар? 60 минут
3. Қосудың нәтижесі қалай аталады?  қосынды
4. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? шаршы
5. Оқу жылының алғашқы айы қандай? қыркүйек
6. Қосуға кері амалды ата.  азайту
7. Аптаның соңғы күні қалай аталады?  жексенбі
8. Бір тәулікте неше сағат бар? 24 сағат
9. 1 дм неше см болады? 10 см
10. 1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл
11. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. 98
12. Периметрді қалай табамыз? Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз
13. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата.  үшбұрыш
14. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.  мм, см, м, дм, км
15. 10 дм неше см бар? 100 см
Сергіту сәті
6. Логикалық — сұрақ тапсырмалар                                                                                              1) Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг)                                             2) Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (  көрші)
3.Бір арбаға жегілген 3 ат 3 км шауып өтті,Сонда әрқайсысы  қанша километр шапты?
4.Төрт кісі пойыздың келуін 3 сағат күтті.Әрқайсысы неше сағат күтті?
5.4 мысықтың 4 балапанға қарағанда  неше аяғы артық?
6.Үш картоп 10 минут піссе,жалғыз картоп неше минут піседі?                                                                          7.Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар? 4 ұл 1қыз
7. «Математикалық  бейнелі сөз» шешу
Екібастұз, алтыбақан                        
8. Сюжетті логикалық есептер
• Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
• Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? (4)
•  Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді — қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай? (Түлкіде сары, қоянда көк, аюда қызыл)

 

 

 

 

 

 

 

 

Ардақ алма ағашынан 9 алмұрт, Гүлдана 12 алмұрт жұлып алды. Қыздардың қайсысы көп алмұрт жинады. (Ешқайсысы алмұрт жинаған жоқ, себебі алма ағашында алмұрт өспейді).
Тәрелкеде 12 жұмыртқа бар. 12 ұлдың бәрі бір-бірден алды бірақ та тәрелкеде 1 жұмыртқа қалды. Қалай?
Оқушылардың біреуі шығып бір мезетте оңқолымен үшбұрыш, сол қолымен шаршы салу керек.
Екіншісі шығып оң қолымен төртбұрыш, сол қолымен дөңгелек салуы керек.
Қорытынды
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Не үйрендік?
Қандай тапсырмалар орындадық?
 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *