Басы » Баяндамалар » АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

aiman 123Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

№2 орта мектептің

 «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Азизова Айман Хожагалиевна

АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Бала тәрбиесi – игiлiктiiс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.

Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі. Осы заман талабына сай білім беру жүйесі жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне өзінің басым бағдарын аудара бастады. Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспаса, бұл қасиеттер адам дамуына тек кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жасөспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез-құлықтың болуына әсерін тигізеді.Осыған сәйкес соңғы жылдары «Бөбек» қорының Президенті С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасы —  жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолын көрсетуде.

Бұл бағдарламаның міндеті – баланы рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұнын құрайтын қайырымдылық, сұлулық, достық, бақыт, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарға баулу;
— Балаға өзінің қайталанбайтын жеке ерекшелігін, өзіндік орны бар адам екендігін сезіндіру
— Баланың бойындағы жақсы әдеттерін сақтап, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету;
— Күнделікті бірлесе атқаратын іс-әрекеттер барысында балалардың бойында өзінің құрбыларымен адамгершілік қарым-қатынас жасау, олармен санасу және жанашырлық сезімдерін дамыту;
— Жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық жанды-жансыз дүниенің өмірлік құндылығын түсіну және сезіну;
Жалпы бағдарламаның негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

Мен өз тәжірибемде осы бағдарламаға сай «Өзін-өзі тану»пәнінің әдістерін, мысалы: «Шаттық шеңбері», «Тыңдайық — ойланайық», «Ойнайық», «Сергіту сәті», «әңгімелесейік» деген тәсілдерді қолдана отырып, бала бойына адамгершілік тәрбиесін дамытуға тырысамын.«Шаттық шеңбері» рәсімін өткізу арқылы балалардың қызығушылығын арттыра отырып, сабақты қандай көңіл-күйде орындайтындарын бақылау, ой жүйелілігіне баланың ойын тұрақтандыру, ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік беретін және мұғалім балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады.
«Тыңдайық — ойланайық» атты ұйымдастыру түрі бұл — өмірдегі жағдаяттар, шығармадағы кейіпкерлер мен өмірдегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты салыстыру,ата-бабадан қалған асыл сөздерді түсіндіре отырып балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруге пайдасы өте зор.
Біз жас өскіндерді адамгершілікке бағыттау мақсатында осы пәнде ойындар ұйымдастыру арқылы оларды қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде барлық күш-жігерін жұмсауға, құрбыларына қолғабыс жасауға тәрбиелейміз. Осы арқылы бала өзіне баға берумен қатар белсенділігі де артады.
Сондай-ақ әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті.Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» деген.сөзі осыған дәлел бола алады.Біз, яғни мұғалімдер бала тәрбиесіне оң ықпал жасай отырып, оның табиғатын оятамыз. Баламен жүргізілетін әрбір істі қарапайым, әрі шешімі бар іс деп қарауымыз керек. Әрбір педагог  оқушының балалық шағының қызықты болуын ескергені жөн. Бұл бала бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың бірден-бір жолы. Ш. А. Амонашвилидің « Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды..» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда ұстазға қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат — міндеттердің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, иманды, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу  де қоғам алдындағы борышымыз деп санаймын.
Осы міндеттерді ұрпақ тәрбиелеуде басшылыққа ала отырып,Қаныш Сәтбаевтың «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз сөз жоқ, жеңіске жетесіздер» деген сөзін педагогикалық ұстанымым ретінде қолданамын. Осындай данышпан,ғалым, даналарымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған нақыл сөздері тек қана балаларды ғана емес, бізді де рухани-адамгершілікке жетелейді. «Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *