Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Сындарлы оқыту – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытады, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Мұғалім сындарлы оқыту арқылы оқушылардың қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол — білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым — қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады.