Басы » Кембридж бағдарламасы » ТӨЛ СӨЗ БЕН АВТОР СӨЗІ

ТӨЛ СӨЗ БЕН АВТОР СӨЗІ

BKOaigulАхметова Айгуль Кошеновна ,

 Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы  Ақтау орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

8-сынып,   қазақ тілі.Сабақтың тақырыбы: ТӨЛ СӨЗ БЕН АВТОР СӨЗІ

  Сабақтың мақсаты: білімділік – төл сөз бен автор сөзі, төлеу сөз  туралы білімдерін кеңейту, орын тәртібі мен тыныс белгілерін меңгерту, төл сөз бен автор сөзін ажырата білуге дағдыландыру; дамытушылығы — оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, пәнге деген қызығушылығын, сөйлем құрауын дамыту; тәрбиелік – отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, еңбекке, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу, ана тіліне деген сүйіспеншілігін  арттыру

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игеру

Сабақ әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру,  талдау, деңгейлік

Көрнекілігі: тірек-сызба, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы. 

Ұйымдастыру.

1Үй тапсырмасы: Төл сөз бен төлеу сөз туралы жалпы түсінік. 232-жаттығу Кестемен жұмыс. Әдеби шығармадан немесе өз ойларынан бірнеше мысал келтіру.

Төл сөз

Сөйлеушінің біреудің сөзін бұлжытпай, еш  өзгеріс жасамай, үтір , нүктесіне дейін сол күйінде қолдануы

Төлеу  сөз

Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы ойын,  мазмұнын ғана сақтап айтуы

Автор сөзі

Осы екеуін де басқаға жеткізіп, түсіндіріп беретін сөз

Өнер алды – қызыл тіл Өнер алды қызыл тіл екендігін айтқан халық данышпан ғой. Деді халық

Жаңа сабақ.Психологиялық дайындық

                                                                                                Ана тілі – асылдардың таза асылы,

                                                                                           Болайық әрқашанда жанашыры.

Сөздерің болсын тайдың таңбасындай,

                                                                                                 Өзеннің толқындаған арнасындай.

                                                                                         Еліңнің асыра бер абыройын,

Абай мен Мұхтарлардың жалғасындай.

А.Баймышев

Білім.2.Төл сөз бен автор сөзі  туралы мағлұмат.

Мысалдар Сызба-кестелер
1. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», — дейді Ахмет Байтұрсынов. «——————», -……….. .
2.Міржақып Дулатов Ахмет Байтұрсынов шығармалары  туралы  былай деді:

«Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,

Сөзі – алтын, мағынасы —  меруерттей.»

……….. : «.—————».
3. «Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім,

— деп өз тіліне аяныш білдіре  отырып, Мағжан Жұмабаев сүйсіне  былай дейді:- Таза , терең, өткір, күшті, кең тілім!»

«———— , — ………. . ————.»
4. Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…,»- деп айтты өзінің мақаласында.  …………. : « ————- ,» — …………. .
5.Жүсіпбек Аймауытов:   «  Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы,-дей келе,- өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.»-дейді. ……….. : «———,-  ………, — ———» .
6.Елбасы өз жолдауында қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі қажеттігін баса айтты. ……….. ………….. ……….. …. .

3.Осы мысалдарға қарап отырып ереже шығарту.

Төл сөз

Сөйлеуші өз сөзінде  басқа адамның айтқан сөзін өзгертпей , сол айтылған күйде беруін төл сөз деп атаймыз

Автор сөзі

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі  автор сөзі деп аталады

Төлеу  сөз

Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтуын төлеу сөз деп атайды

 

Түсіну

4.  Төл сөз бен автор сөзінің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

  1. Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл    дейді  Махмұд Қашқари
  2. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
    дейді сөз зергері Ғабит Мүсірепов
  3. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов   Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма –дейді.
  4. 4.       Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл   деді жазушы  Әбіш Кекілбай

Қолдану
5.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.

1. «Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын.»-дейді Жүсіп Баласағұн

2. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз”,- деді Елбасы.

6. «Кім тез оқи алады?»Тақтада жазылған сөйлем  сөздері орындары ауысып келген, оларды тиісті тәртібіне келтіріп, сөйлемді кім тез тауып оқи алады? Дұрыс жауабын дәптерге жазып, сөйлемді төл сөзге айналдырып , орын тәртібін ауызша айту.

1.Айтыңдаршы қалдырған деуге өлмейтұғын бола  артына ма сөз өлді.                    (Жауабы: «Өлді деуге бола ма , айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»-дейді    Абай)

  1. 2.   Қазақ гауһары ішіндегі тілінің түрік тілі  (Жауабы: «Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі»,-деді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы)

7. Төл сөз бен автор сөзін тауып, орын тәртібінің сызбасын көрсетіндер.Айрықша берілген сөздердің үш тілдегі аудармасын айтыңдар.

  1. «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ», — деді Абай.     Өнер-искусство-art
  2. Мағжан Жұмабаев қазақ тілі туралы: «Таза, терең, өткір, күшті,кең тілім!»- деп айтқан.                                                                              тіл-язык-language
  3. Жүсіп Баласағұн: «Адамға екі нәрсе тірек, тегі:Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»,- дейді                                                                              Жүрек – сердце-  heart
  4. «Тіл – елшінің қылышы,- деді Жүсіп Баласағұн ,- тіл қылыштан да өткір.»                                                                                    Қылыш – мечь-sword
  5. «Қасиетін сезем деп ана тілдің,
    Қауырсыны қалмады қанатымның» – деп Мұқағали Мақатаев жырлаған.                                                                                                  Ана – мать – mother

8.Оқулықпен жұмыс: 234-жаттығу «Күнделікті оқиғалар » тақырыбында төл сөз бен автор сөзіне мысал болатын шағын диалогты  мәтін құрау.

Талдау.

9. Семантикалық карта.

Сөйлемдер Төл сөз Төлеу сөз Автор сөзі
«Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт»
деп Халел Досмұхамедұлы айтқан.
деп үміт артады  Ахмет Жұбанов
«Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті… Біздің қазақ жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын»
Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл екендігін  Ахмет Йүгінеки бабамыз айтып өткен.
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі болатындығын Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан.

 

Жинақтау.11. Бекіту сұрақтары Сұрақтарға жауап бере отырып, суретке қарап тірек-сызба бойынша сөйлем құру.

  1. Төл сөз дегеніміз не?Автор сөзі дегеніміз не?
  2. Төл сөзді төлеу сөзге қалай айналдыруға болады?
  3. Төл сөзге қакндай тыныс белгілері қойылады?
  4. Төл сөз бен автор сөзінің айырмашылығы неде?
  5.  «Де» етістігі қалай түрленеді?
  6. Біреудің сөзі қалай беріледі?

12.Блок-сызба

ІҮ. Үйге тапсырма:

 Мүмкіндік  деңгей:235    — жаттығуды орындау

Зерттеушілік  деңгей : Тіл туралы ұлт жанашырларының сөздерін теріп келу.

Міндетті  деңгей: :   236- жаттығуды орындау

Шығармашылық деңгей:  Мемлекеттік тіліміздің қазіргі жағдайы қандай? Болашағы қандай?  (ойтолғау, өлең)

Бағалау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *