Хасихан Бабек
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Еңбек өтілі – 7 жыл
Санаты – 2
«Макин №5 орта мектебі» КММ
Тақырыбы: Ұлттық ойындар.
Мақсаты:
- Қазақ халықының ұлттық ойындаы туралы түсінік беру, үйрету
- Денсаулықтарын нығайту, денесін шынықтыру. Өз денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, әдемі, тиімді орындауға үйрету.
- Ептілік, күштілік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.
- Адамгершілікке, алғырлыққа, белсенділікке, ұйымшыл болуға тәрбиелеу
- Сабақтың түрі: ойын сабағы
Қолданылатын әдістер: әңгіме, сұрақ-жауап
Өткізілетін орын: спорт алаңы
Сабаққа қолданылатын құралдар: көз байлайтын орамал, құл салынған қалташа, түйілген орамал, ысқырық т.б
Сабақтың барысы:
- 1. Кіріспе-дайындық бөлімі.
- 1. Ұйымдастыру. Сапқа тұрғызу. Ойындардың аттарын атап, ережелерімен таныстырып, ойынға әзірлеу. Алғашқы бой жазу жаттығуларын орындату. Оқушылардың дене құрылысын икемдеп, негізгі ойынға әзірлеу.
2. Негізгі бөлім (30 минут)
Оқушыларды екі топқа бөлу. Ойындарды үйрету. Ойын ережесін түсіндіру.
1) «Соқыр теке» ойыны
Ойыншылар:
Соқыр теке бақ,бақ
Біз айтамыз тақпақ
Мықты болсаң, кәнеки
Бірімізді тап, тап
Соқыр теке:
Мен текемін бақ, бақ
Қимылдаңдар сақ, сақ
Ал ұстадым мінеки
Шығып кеті-ау қап,қап
2) «Теңге алу» ойыны
3) «Көтермек» ойыны
4) «Оқтау тартыс» ойыны Таяқшаны тарту
5) «Жаяу көкпар» ойыны 2 жұп, бірі ат, бірі атқа мінген
6) «Орамал тастамақ » ойыны
3.Қорытынды бөлім. (5 минут)
Белсені қимылдап кейін денені салқындатып, жай жүріп, жеңіл жаттығуларын орындау.
Ойындарды қорытындылау.
Белсенді қатысқан топты және жеке оқушыларды атап өту
Марапаттау.