Назгүл Қожабекова деген филолог көптен бері айта алмай жүрген ойымды айтқан екен. Өкінішті.
Бүгін Kanat Tassibekovтың кітабының тұсаукесеріне барғам. Сол кезде бір ой келіп, кешке қызымның кітабын алып қарадым. Шынымен. Қазақ мектебінің екінші сыныбында оқитын бала орыс мектебінің оқушыларына арналған орыс тілі оқулығымен оқиды екен. Былтыр да әліппемен қатар букварьды оқып шыққан. Ал орыс мектептеріндегі қазақ тілі оқулықтары арнайы жазылатыны тағы белгілі. Сондай-ақ, қазақ мектептеріндегі орыс тілі сабағы орыс тілінде, орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабағы тағы орыс тілінде жүреді.
Филфакта оқыдық қой, «орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімі» деген мамандық көрдім де, «қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі мұғалімі» деген мамандық көрген жоқпын.
Жай, ойға келгені ғой.
P.S. Осы біраз уақыт бақылап келемін. Орыс мектептеріндегі қазақ тілінің оқытылу деңгейі, шет тілін оқыту деңгейінен төмен. Оған бір курстарда көзім жеткен.
Назгүл Қожабекованың фейсбуктегі парақшасынан алынды