Қ. Байсейітов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Қаратал ауданы,Қанабек аулы.
Сабақтың тақырыбы: «Құдық қазу—Еңсептің ата кәсібі» (Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» хикаяты бойынша)
Сабақтың мақсаты:а) білімділік: оқушылардың Әбіш Кекілбаевтың өмірімен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету.
«Шыңырау» хикаяты жайлы, құдық қазу—Енсептің ата кәсібі екендігі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке,сауапты іс жасауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ой талқы», іздену , сөздікпен жұмыс.
Сабақта қолдынылған технология: Сын тұрғысынан ойлау жүйесінің элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер.
Пән аралық байланыс: география,Ата кәсіпті дамыту.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, өтілу барысын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасы:
1.Әбіш Кекілбаевтың өмірі, шығармашылығы
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі – Маңғыстаудағы әйгілі құдықшылар өмірінен жазылған шығармасы.Повесть 1982 жылы жарыққа шықты.Жазушы Маңғыстаудағы құдықтардың тереңдігіне байланысты түрліше аталатынына тоқталған: «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінде екі құлаштан асқанды құдық,ал бес құлаштан асқан құдықтарды шыңырау дейді.Құдық суын қолдап,ал шыңырау суын тек шығырмен ғана тартатынын ескерген.
Повестке басты негіз болған-ел аузындағы «Ақотты нар» аңызы.
Қашаннан халқымыздың материалдық игілік көзі – тіршілік тұтқасы – су көздері болған. Шөл даладағы бірден-бір су көзі құдық, құдықшылық кәсіпке байланысты жазылған «Шыңырау» повесіне арқау болған аңыздар және «Аңыздың ақыры» романдағы кейбір аңыз ел аузынан жиналып, көркемдік шешімі тұрғысынан сөз етілген. Аңыздың бірнеше нұсқасы ел аузынан жиналып,екшеле салыстырылып, жазушының көркемдік шешімімен қорытылған.
- Қызығушылықты ояту сатысы.Ой қозғау. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызамын.Әр топқа сұрақтар жазылған кеспе қағазды таратамын.
- 1. Құдық қазу кәсібі туралы не білесіңдер? Үзінді идеясы не?
- Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады?
- Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды?
- Еңсептің ерен еңбегі елге қандай жақсылық әкелді?
- Берілген жоспар бойынша мәтінді баяндап шығу.
- Еңсептің соңғы құдығы. Байсал байдың құдығы. Ішке бүккен сыр.
- Құдық шегендеу. Болжам. Көк қиыршық.
- Құдықшы ауылы. Ата кәсіп. Қараш әулеті
- Жеті қат жер асты. Саңылаулы жоқ қара түнек. Қыл арқан.
- Түксиген сыз қабырға. Емен күбі. Тұңғиық ойлар.
- Оқыс дыбыс. Суыл.
- Үміт жетегі. Тасқа соғылған маңдай. Еңсепті өзінен басқа ешкім естіген жоқ.
- Маңына ел жоламаған қанды құдық- «Еңсеп өлген».
- Мағынаны ажырату.
Сөзмаржан. Жазушы-журналист Ә.Спановтың «Маңғыстаулықтардың суға қатысты сөздігі» мақаласына сүйене отырып, шығармадағы құдықшылық кәсіпке байланысты қолданылған сөздерге түсініктеме.
Әйкел— арабтың ортасы ойық, дөңгелек деген сөзі.
Шығыр – биіктігі кісі бойындай, не одан сәл ұзын, аша ағаштың айыр басының арасына көлденең доғалақ орнатқан құрал.
Шығыр бала- көлік үстінде (ат не түйе)тұрып , құдықтан шығырды тартатын адам.
Шығыр айыр – мықты тақтай ағаштан жасалған жоғарғы жағында екі ашасы бар, Ұзындығы 1,5-2 метр шамалас құрал.
Қоңырдаң — сай бойына ағын сулардың жиналатын орны.
Тасқақ – таулы жерлерде жауын, қар суы тұрып қалатын ойық.
Тұран – асты тастақты су жиналатын орын.
Қорабасы – Шыңырау құдықтардың ең алғашқы суы қордаланып, мол жиналып тұрған кезі (Келесі күні ондай мол су жиналмайды).
VII.Топтастыру стратегиясы бойынша Еңсепке мінездеме.
Еңсеп |
Еңбексүйгіш Ата кәсіпті дамытушы
Құдықшы Төзімді
VIII.Таным дерек. «Шыңырау» повесіндегі жиынтық бейнеге басты негіз болған Маңғыстауда өзінің өлмес, өшпес қолтаңбасын қалдырған әйгілі құдықшы-Қараш Бейнеубай Құлшарұлы.
Қараш Бейнеубай Құлшарұлы – шебер, аты аңызға айналған құдақшы. Ол 1864 жылы туған. Бабық руының ғұламасы Таймас ишанның шәкірті болған. Қай жерде су шығатынын білген керемет құдықшы, талай елдің шөлін қандырып, сауабын алған ерекше қабілетті, көріпкел адам болыпты. Маңғыстау ойы, Үстірт үстіндегі мол сулы жиырымға жуық құдықтардың қазушысы. Оның революциядан бұрынғы «Қараш қазған» аталған құдығы әлі бар.
Интербелсенді тақтадан бейне суреттерге назар аударамыз.
1.Таспен шегенделген шыңырау құдық.
2.Бекет атаның мал суарған құдығы
IX.Ой түйіндеу.Білімді бекіту.
1.Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» хикаяты бізді қандай қасиеттерге тәрбиелейді?
2.Қазақстанда ауыз су мәселесі қандай дәрежеде?
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: «Құдық қазу – үлкен сауап іс» ой толғау.
Өте жақсы сабақ. Рахмет Жанар апай!
еңсеп ке минездеме бере аласыздар ма срочно керек ед
и шегенге
Нақты осы қудық өнері жайлы шыгарма бар ма? 6-7 сынып маглумат немесе ертегі аныз бола береді тек шынырау болмасын ?