Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Өскемен экономика — қаржы колледжі
Байзаурова Назгуль Мейрамгазыевна
Сабақ тақырыбы:§ 5.3 Радиоактивтілік. α-,β-,γ- сәулеленуі. Радиоактивті ыдырау заңы.
Сабақ мақсаты:
- Оқушыларға радиоактивтілік, радиоактивті ыдырау, ығысу ережелері, радиактивті ыдырау заңы, ыдырау тұрақтысының мағынасы, жартылай ыдырау периоды, радиоактивті изотоптың активтігі туралы түсінік беру.
- Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, есеп шығару, дәріс.
Пәнаралық байланыс: математика, химия пәні.
Әдебиеттер: Туякбаев С., Тынтаева Ш., Бақынова Ж. Физика 11 сыныпқа арналған оқулық;
Рымкевич А.П. есептер жинағы.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, презентация,видеоматериал, тесттік бағдарлама.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин
Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар. Топта кім кезекші? Бүгінгі сабақта кім жоқ?
Сабаққа оқу құралдарымыз дайын ба?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 30 мин
- Эрудит. Анықтама, формула, тұрақты шамаларды қайталау.
- Экспресс тест. Тест тапсырмаларын орындау.
Бәйге. Есеп шығару.
ІІІ. Жаңа сабақ. 25 мин
1886 ж Беккерель уран тұздарының люминесценциясын зерттеу барысында уран тұздары қағаз, ағаш, жұқа металл пластиналары арқылы өтетін белігісіз сәуле шығаратынын байқады.
1898 ж. Мария Складовская-Кюри уран рудаларын зерттеп, полоний, радийді тапты.
1908 ж. Резерфорд спектрлік анализ әдісімен радонды ашты.
|
Өздігінен сәуле шығаратын химиялық элемент радиоактивті, ал сәуле шығару процесін радиоактивтік деп атайды.
Радиоактивті ыдырау түрлері:
α – ыдырау
Өздігінен ыдырау процесінде α бөлшектер ядродан ұшып шықса, оны α – ыдырау деп атайды.
Х –аналық ядроның белігісі
Ү – туынды ядроның таңбасы
α – сәуленің:
- Өтімділігі төмен
- Қалың қағазда жұтылады
- Иондаушы қабілеті жоғары
- Энергиясын тез жоғалтады
Бета –ыдырау.
- β –бөлшекті өтімділігі жоғары
- ауадағы еркін жүру жолының ұзындығы 1 м
- Қалыңдығы 1 мм мыс қабатынан өте алмайды
Гамма-ыдырау
1900 ж. Виллард.
- Магнит өрісінде ауытқымайды.
- Заряды жоқ
- Толқын ұзындығы өте қысқа
- Өтімділік қабілеті жоғары
- Аудағы еркін жүру жолының ұзындығы 120 м
Уақыт бірлігі ішінде ядроның ыдырау ықтималдығын ыдырау тұрақтысы деп атайды.
λ – ыдырау тұрақтысы
dN=-λ·N·dt
dN-ыдырайтын ядролар саны
N – ыдырамаған ядролар саны
dt –өте аз уақыт аралығы
Ыдырмаған ядролар санының уақытқа тәуелділігі
Радиоактивті ыдырау заңы.
1902ж. Резерфорд, Содди
е – натурал логарифм негізі, е=2,718…
t – ыдырау уақыты
N0 – бастапқы уақыт мезетіндегі ядролар саны
N – t уақыт ішіндегі ыдырамай қалған ядролардың саны
λ — ыдырау тұрақтысы [с-1]
Радиоактивті ядролар санының жартысы ыдырайтын уақыт аралығын жартылай ыдырау периоды деп атайды.
Т1/2 – жартылай ыдырау периоды.
Ядроның орташа өмір сүру уақыты жартылай ыдырау периодына тең.
Уақыт бірлігі ішінде ыдырайтын ядролар санымен анықталатын шаманы радиоактивті заттың активтілігі деп атайды.
1 беккерель –уақыт бірлігі 1 с ішінде бір ыдырау болатын радиоактивті препараттың активтілігі.
Өлшем бірлігі – беккерель [Бк].
- Есеп шығару 15 мин.
- Пысықтау. 6 мин
Тест тапсырмасын орындау. Компьютерлік бағдарламада.
VІ. Үйге тапсырма. 3 мин
- 8.4. Табиғи радиоактивтілік.
- 8.5.Радиоактивті ыдырау заңы. №8.5.5, №8.5.6, №8.5.7.
- 8.12. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану. Оқу, мазмұндау, конспект жасау.
VІІ. Қорытындылау. Рефлексия. Бағалау. 8 мин
өте жақсы слайд
өте жақсы