Атырау облысы
Атырау қаласы
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін №7 орта мектеп
Махсотова Гүлжанар Серікқызы
Сабақтың тақырыбы: «Салыстыру»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өрнекті өрнекпен салыстыруға,салыстыру нәтижелерін
яғни теңдіктер мен теңсіздіктерді дұрыс жазуды және оқуды үйрету.
Дамытушылық: Шапшаң есептеуге,тез ойлауға баулу,ой-өрісін кеңейту
Тәрбиелілік: Ұжымдыққа,ептілікке,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,өздік жұмыс
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Көрнекілігі: тиін суреті,оқулық,шарлар,геометриялық фигуралар,
Цифрлар
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
1-дегенім- жаман баға
Алады оны жаман бала
2-дегенім-нашар баға
Інішегім нашарлама
3-дегенім-орта баға
Сапасы оның орта баға
4-дегенім-жақсы баға
Алады оны жақсы бала
5-дегенім-үздік баға
Оқимыз тек үздік қана.