Басы » Кембридж бағдарламасы » Рең мәнін тудырушы жұрнақтар

Рең мәнін тудырушы жұрнақтар

Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп- балабақшасы
Ержанова Мейрамгул Нуримгалиевна
Рең мәнін тудырушы жұрнақтар

 

 

 

Сабақ №

 

 

 

 

Күні:

 

 

 

 

Сынып: 8

 

 

 

Пән: Қазақ тілі

 

 

 

Пән мұғалімі: Ержанова М.Н

Тақырыбы: Рең мәнін  тудырушы жұрнақтар.
Мақсаты: зат есімдердің жасалу жолдарын меңгерту,оқушылардың өздеріне ережелерді шығарту арқылы ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге баулу.
Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші: Зат есімнің жасалу жолдарын меңгерген, өздері ережелерді шығара алады.
Жұмыс түрі: Топтық Модуль:СТО, ДО,Қалай оқу керектігін үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ
Мұғалімнің жазбалары:                                                                        Әдісі: Сұрақ-жауап, Миға шабуыл, топтастыру , Инсерт т.б

 

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін нәтиже Ресурстар
1 Ұйымдастыру Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.Оқушылардың бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен, қызығушылықпен қатысуына ықпал ету мақсатында тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қосып зат есімдерді тауып көрсетіңдер. Кім шапшаң?
А Д А М Д О Л І
Т А Й Б И Р А Л
А Р М А Н А Е Г
Қ А С Л Н Қ О Е
М Л Е С І И Ш К. Оқушыларды туған айларына қарай екі топқа бөлемін.Топ ережесін сақтап отыруларын ескерту.
әр оқушы тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қосып зат есімдерді тауып аитуға тырысады.Бағалау парақшасымен танысады Көңілдері көтеріледі

 

 

Сабақ кезеңдерімен танысады

Топ ережесі
2 «Миға шабуыл»
  1. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
    2. Зат есімнің қандай түрлері бар?
    3. Туынды, күрделі зат есімдер қалай жасалады?
    4. Деректі, дерексіз зат есім деген не?
    5. Зат есім тудырушы жұрнақтарды ата?
Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді. Өз ойларын айтады. Диалог орнайды. Бағалау парағы
3 Қызығушылық ояту  (Интербелсенді тақта арқылы жаңа сабақты түсіндіремін)

Оқушылардың ойларын жинақтап, толықтырып жаңа сабақты түсіндіру.

Мысалдар келтіре отырып, рең мәнін тудырушы жұрнақтармен таныстыру.

Рең мәнін тудырушы жұрнақтар:

-й:  аға+й, әке+й т.б.

-еке,-ке,-қа,-а,-е: ағ+еке, Мұ+қа т.б.

-тай: әке+тай, аға+тай т.б.

-жан: аға+жан, апа+жан т.б.

-шақ,-шек: құлын+шақ т.б.

-шық,-шік: төбе+шік т.б.

-ша,-ше : сандық+ша т.б.

-ш,-ыш,-іш: қалқа+ш т.б.

-сымақ,-екеш: бастық+сымақ т.б.
 

Зат есімнің рең мәнін тудырушы жұрнақтарға мысал келтіреді. Зат есімнің рең мәнін тудырушы жұрнақтарды біледі. Интербелсенді тақта
4 «Мағынаны тану»

Жаттығулармен жұмыс

Тапсырмалар

 

І топ

  1. Ойын: «Тізбектен шығып қалма». Зат атауларын жалғастыру

2.Рең мәнін тудырушы жұрнақтардың әрқайсысына бір-бір сөйлем ойлап жазу.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ топ

  1. Адасқан зат есімдерді лайықты сөзбен тіркестір:

Мысал:  Өнерпаз,сөйлем,түйінді,бала, жасанды,жазушы, басыңқы, әнші, әуесқой, сөз,атақты көл.

  1. Бір сын есімге бірнеше зат есім жаз.

Үлгі:

Қызық

 

 

 

І топ мүшелері 1-ші тапсырма бойыншабірінен соң бірі зат атауларын жалғастырады.

2 –ші тапсырма бойынша рең мәнін тудырушы жұрнақтардың әрқайсысына мысал келтіреді.

 

ІІ топ Берілген зат есімдерден қатыстық сын есімдер жасайды.

Топ ережелеріне сүйенеді

 

 

Топпен жұмыс жасайды, рең мәнін тудырушы жұрнақтарды жетік меңгереді.

Оқулық

 

Бағалау парақшалары

 

5 Білім тексеру

 

  1. Зат есім дегеніміз не?
    А) қимылды білдіреді
    Б) заттың сынын білдіреді
    В) заттың атын білдіреді
    2. Көптік жалғаулы зат есімді тап
    А) ағаштар
    Б) оқушы
    В) батыр
    3. Туынды зат есімді тап?
    А) тау
    Б) қала
    В) малшы
    4. Жалқы есімді тап?
    А) Алматы
    Б) Журнал
    В) Аға
    5. Дерексіз зат есімді тап?
    А) қалам
    Б) кітап
    В) ой
    6. Зат есім тобын тап?
    А) орман, тау
    Б) үлкен, ащы
    В) өседі, ұшады
2 топ та берілген тақырыптар  бойынша топпен жұмыс жасайды. Әр топ берілген сұрақтарға жеке жауап береді Маркер

Постер стикер

Бағалау парақшалары

6 Рефлексия Кестені толтыру мақсатын түсіндіремін «ИНСЕРТ» әдісі бойынша сызбаны толтырады.

«Мен қандаймын?» ойыны арқылы әр оқушы өзінің қандай екенін айтады.

«Білемін, білдім, білгім келеді» деген сөздерге жауап алынады.

Өздерінің жақсы қасиеттерін айтады(жақт ы,жақсыз және толымды, толымсыз сөйлемдерді қатыстыра отырып)

Кеспе қағаздар
9 Үйге тапсырма  Көркем әдебиеттен рең мәнін тудырушы жұрнақтары бар зат есімдерге мысал жазып келу. Көркем әдебиеттен рең мәнін тудырушы жұрнақтары бар зат есімдерге мысал келтіреді. Рең мәнін тудырушы жұрнақтарды ажырата алады. Оқушы дәптері
10 Бағалау Бағалау әр тапсырмадан соң  бағаланып отырады Топ басшылары топ мүшелерін әр тапсырмадан кейін бағалап отырады, соңында қорытынды бағасын шығарады Қалыптастырушы баға мен жиынтық баға қолданылады, әділ қоюға тырысады Бағалау парақшалары әр топқа

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *