Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев

i (1)Ерейментау ауданы
Еркіншілік орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Салкынбаева Айгерим Ануарбековна
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев

Сабақтың мақсаты:

Білімдік – ақын шығармасын сезіне оқу , жаттау.Есте сақтау, мәнерлеп оқу қабілеттерін жетілдіру.

Дамытушылық- сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Өлең құрылысын талдауға жаттықтыру.

Тәрбиелік – ақын шығармаларын оқи отырып, туған елді , жерді сүюге тәрбиелеу.Лириканы, поэзияны сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Іздену

Көрнекілігі: Мұқағали портреті, Мұқағалидың шығармалар жинағы.

Эпиграф: «Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым .

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын»

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Кіріспе

Мұғалім: Ойың, қырың, Отанын түрленгенде ,

Жан – жағыңды жақұттай гүл көмгендей,

Жар салмайсың, неге сен, қарсы алмайсың?

Анда – санда аулыңа бір келгенде,- деп бүгін бізге қонаққа арманшыл ақын, сыршыл ақын, өмірді , елін,жерін сүйген ақын – Мұқағали Мақатаев келіпті. Азамат жөнін сұрау – салтымыз, ендеше ақын аға анкета толтырсын. « Менің анкетам» рөлмен орындалады.

  • Жақсы, рахмет!
  • Ендеше ақынға « Қош келіпсіз!» демекпіз.

Біз өткен сабақта М.Мақатаев өмірі жайлы білген едік, жаңа өздерін де куә  болдыңдар. Олай болса , Мұқағали кім? ( ассоциациа жасау)

Балалар, бізді « Мұқағали әлемі» шақырады. Ол әлемге кірмес бұрын мына қақпалар есігін ашу керек. Әр қақпа тапсырмасын орындағанда ғана бізге жол ашылады. ( сөздердің лексикалық  мағынасын анықтау).

  1. Тас қақпа сұрағы: « Күпі деген не ?
  2. Темір қақпа сұрағы: « Көген деген не?
  3. Күміс қақпа сұрағы: « Желі деген не?
  4. Алтын қақпа сұрағы: « Шәйі деген не?

( сөздер ақын өлеңінен алынған)

Қақпалар біртіндеп ашылып болғанда , астында « Мұқағали әлемі» деген сөз қалады

Көрдіңдер ме, бізді « Мұқағали әлемі» тосып отыр.

 

1 тапсырма: ( үй тапсырмасы. Өлеңді мәнерлеп жатқа айту)

1 топ: « Қайырлы түн»

2 топ: « Қара өлең»

3 топ: « Елім барда»

4 топ: « Аспан – мынау,мынау – бақ»

 

2 тапсырма: Осы өлеңдері бойынша дайындалып келген тапсырмаларын қорғау.

1 топ: « Тілегіміз- бейбітшілік»  тақырыбына шығарма.

2 топ: « Өнер алды қызыл тіл» мақал- мәтел

3 топ: « Туған ел, Отан» туралы сөзжұмбақ.

4 топ: « Табиғат – алтын бесік» сурет салу.

 

3 тапсырма: Әр топ өз өлеңдерін құрылысына талдау ( неше шұмақ, неше тармақ, неше буын, қандай ұйқас)

 

4 тапсырма: Өлеңнен айшықты сқздерді табу. ( Теңеу, метафора,эпитет, кейіптеу)

 

Иә, балалар сендер Мұқағали ақын жанын түсініп, шығармасын талдап  жатырсыңдар. Ақын ешқашан өзінің осындай ақын екеніне мақтанбайды, ол өнерді кімнен үйреніп, кімнен алдым дейді? ( эпиграфқа оралу ). Сол себепті бабаларына алғыс айтып өткен ғой.

« Бабаларым , рахмет сендерге!» ( үнтаспадан тыңдау).

Енді бүгін ақын – қонаққа арнап бес жол өлең құрастырайық.

Кім?

Кімнің?

Қандай?

Не істеді?

Түйін.

Сабақты бекіту, бағалау

Үйге тапсырма: Мен Мұқағалиді жақсы көремін» эссе

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *