Басы » Бастауыш сыныптар » Жазбаша қосу және азайту

Жазбаша қосу және азайту

+-ШҚО, Катонқарағай ауданы, «Топқайың орта мектебі» КММ.

Бастауыш сынып мұғалімі Аскабилова К.К.

Математика

Сабақтың тақырыбы:   Жазбаша қосу және азайту.

Мақсаты:  1. Оқушылар сандарды жазбаша қосу және азайту дағдыларын жинақтап  қорытындылау.

  1. Өз бетімен түсініп, қатесіз есептеп, әдемі сауатты жазуға төселдіру, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  2. Алға қойған мақсатқа жетуге, ойшылдыққа, шапшаңдыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дамытпалы саяхат сабақ.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырма.

Көрнекілігі:   Интерактивті тақта, таратпа топшамалар, оқулық.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Кіріспе:

Мен үшін әрқайсыңның орның бөлек,

Бейне бір сендер жеміс, мен бәйтерек.

Бүгінгі сабағымыз сәтті өтуге,

Ұшқыр ой, ашық көңіл, білім керек.

Сабақтың ұраны: Қайталау- білім анасы

Оқушылар екі топқа бөлінген. Таныстыру.

І топ «Болашақ»

Ұраны: Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ.

ІІ топ « Достық»

Ұраны:  Егеменді елдің тірегі-оқу мен білім.

Бүгінгі сабағымызда Астанаға саяхат жасаймыз.

Жол жүру бағытымыз:    Топқайың – Өскемен – Астана

Саяхатқа шықпас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық.  Астанаға ару үшін көлік керек. Бізде екі көлік түрі бар (ұшақ және пойыз). Екеуінің қайсысына билет ұтып аламыз, сонымен барамыз. Билетті ұтып алу үшін мына тапсырманы ауызша орындаймыз. Ендеше іске сәт.

І топ

76-34=42

20+60=80

85-32=53

26+22=48

42+35=77

34+25=59

37+41=78

64-32=32

15+15=30

35+5=40

ІІ топ

94-52=42

56-24=32

20+30=50

78-36=42

31+42=73

81+17=98

63+32=95

45-23=22

12+12=24

45-5=40

 

Астанаға тез жететін болдық, билетті ұшаққа ұтып алдық. Ұшақта ішіміз пыспас үшін сұрақ –жауап ойынын ойнайық.

І топ

  1. Екі таңбалы сандарды қосу ережесін айт.
  2. Тік төртбұрыш дегеніміз не?
  3. Периметр дегеніміз не?

ІІ топ

  1. Екі таңбалы сандарды азайту ережесін айт.
  2. Шаршы дегеніміз не?
  3. Есеп деген не?

Міне балалар Астанаға да келіп жеттік. Жол ұсқаушы қалаған жерімізге апарады, егер де тапсырмаларды дұрыс орындасақ.

Ендеше келесі тапсырма.

І топ ІІ топ
47+53=100

100-47=53

70-24=46

55+45=100

100-45=55

80-68=12

29+71=100

100-71=29

90-23=67

65+21=86

86-21=65

89-25=64

54+46=100

100-54=46

70-34=36

41+59=100

100-59=41

60-32=28

38+62=100

100-38=62

80-36=44

20+10=30

30-10=20

50+10=60

Тапсырманы орындадық. Көтеріңкі көңіл-күймен Астаналық циркке келдік.  Астаналық цирк өзіндік сәулетімен қала келбетіне ерекше сән беріп тұр. Астаналық цирк 2005 жылы 14 желтоқсенда ашылды.

Келесі аралап барар жеріміз Думан ойын-сауық орталығы. Ол үшін келесі тапсырманы орындауымыз керек.

Теңдеу шешу.

І топ

а+7=57                   48+а=74

36-а=30                  92-а=42

ІІ топ

82-а=80                а+52=86

8+а=38                  а-16=68

Міне ойын-сауық орталығы. Мұнда 3Д кинотеатры «Джунгли» аттракционы, сонымен қатар қонақ үй кешені бар ғажайып окенанариум. Окенанариумде 2000-нан астам теңіз кереметтері, теңіз жұлдыздары, акулалар, түрлі-түсті балықтар өмір сүреді.

Келесі барар жеріміз Назарбаев Университеті. Ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек. Оқулықпен жұмыс. 161 бет №4 есептің (а,ә).

Міне тапсырманы бәріміз орындадық. Назарбаев Университеті ҚР-ғы халықаралық дәрежедегі бірінші университет. Президенттің айтуы бойынша осы оқу орнын аяқтаған студент дипломы халықаралық стандартқа сай болады.

Келесі барар жеріміз Хан шатыры. Ол жерге бару үшін де тапсырма орындаймыз.

Өрнектің мәнін тап.

І топ

а+(6+2)             а=30

46+а+3              а=4

ІІ топ

а+(8-5)                а=50

30+а+8                а=10

Міне Хан шатырына да келіп жеттік. Әлемде теңдесі жоқ «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы. Ғимаратың алып шатырының ұзындығы 150 метр. Мұнда бірнеше ботаникалық бақтары, жасанды жағажайы, толқынды бассейндері бар. Сауда орындары, қонақ үйлер, дәмханалар бар.

Келесі барар жеріміз Бейбітшілік пен келісім сарайы. Ол жерге бару тапсырмалары мынандай.

І топ

Қабырғалары 2 см, 4 см болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.

ІІ топ

Қабырғалары 5 см болатын шаршының периметрін тап.

Тапсырманы орындадық. Көздеген жерімізге де келдік. Бұл әлемдік дәстүрлі дінднр көшбасшыларының конгресін өткізу мақсатында жасалған. Бейбітшілік пен келісім сарайының ең биігінде «Бесік» залы бар. Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерін әйнек мұнарадағы 130 көгершін бейнелеген.

Келесі барар жеріміз бүкіл дүние жүзіне әйгілі тәуелсіз еліміздің символнына айналған «Бәйтерек» ғимаратына барамыз. Оған кіру үшін билет аламыз. Ол үшін мына тапсырмаларды орындайық.

Өрнектерді салыстыру.

І топ

54+36 O 18+42

90-24 O 60+12

ІІ топ

36+12 O 45+14

50-11 O 40+21

Міне билет сатып алдық. Бәйтеректі аралап қайттық.

Сабақ аяқталды сау болыңыздар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *