Басы » Математика » Қызықты математика

Қызықты математика

Наурзалиева Улбике Абдикадировна-

математика пәнінің мұғалімі

Қаскелең қосалқы мектеп –интернаты

 Тақырыбы: Қызықты математика

 Сыныбы: 5- сынып
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Өзін — өзі бақылауға, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын  тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ – жауап
Түрі: зергерлік сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы:
І. Кіріспе
Жүргізуші: Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!
— Салеметсіздер ме, құрметті ұстаздар , қымбатты  оқушылар! «Қызықты математика» зергерлік сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысқа әр сыныптан бес оқушыдан  қатысып отыр.   Сайыскерлердің жауаптарын саралап отыру үшін әділқазылар алқасын сайлайық.
/әділ қазылар алқасы сайланады/
1. Сайысқа  қатысатын  топпен таныстыру:
5 «а» сынып – «Дөңгелек»
5 «б» сынып – «Шаршы»
2. Сайыс шарттарымен таныстыру:
1 – айналым «Бәйге»
2 – айналым «Көкпар».
3 – айналым «Жорға».
4 – айналым « Кім жылдам?»

-Әр айналымдағы  дұрыс жауаптар  5 балдық ұпаймен бағаланады.
ІІ. Негізгі бөлім.                                                                                                                                                1 – айналым «Бәйге»

1-топ – «Дөңгелек» 2 топ – «Шаршы»
1 — жұмбақ:
«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(5 торғай)
2 — жұмбақ:
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

 

3 — жұмбақ:
11 түйе, 5  жылқы.
2 сиыр,  1 ешкі
2 қоян, 3  түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

1 — жұмбақ:
Алты  алманың  екеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

2- жұмбақ:
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

 

3 — жұмбақ:
Қолымда  55  алма
5 — ін бердім апама,
5 — ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

 

( Әділ қазылар алқасы 1 айналымның қорытындысын шығарады)

2 – айналым «Көкпар»
Сұрақтар екі топқа беріледі, кім бірінші дұрыс жауап береді, соған ұпай беріледі :

  1. 1 дм — де неше см бар?
    2. 1 см артық па, әлде 1 дм артық па?
    3. Жұп сандарды ата.
  2. Тақ сандарды ата.
    5. Бес бұрыш неше кесінділерден тұрады?
    6. 1 сағатта қанша минут бар?
    7. Азайтуды қай амалмен  тексереді?
    8.  Масса өлшем  бірліктерін ата.
    9.  Ұзындық  өлшем  бірліктерін ата.
    10. Уақыт  өлшем  бірліктерін  ата.
    11. Көбейту амалының компоненттерін ата.
    12. Бөлу амалының компоненттерін ата.
    13. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді? /көбейтіндінің/
  3. Көбейтуді қалай тексеруге болады?
    15. Бөлуді қалай тексеруге болады?
    16. Жақшасыз өрнектерде алдымен қандай амалдар орындалады?
    17.Кез келген санды қандай санға көбейткенде сол санның өзі шығады?/1 — ге/
    18. Кез келген санды қандай санға көбейткенде нөл шығады? /0 — ге/

( Әділ қазылар алқасы 2 айналымның қорытындысын шығарады)

 

 3 – айналым .  «Жорға»

Қандай  геометриялық фигуралардан  «Ұшақ» пен «Паровоз» құрастырылған?

Тапсырма:

 

Cабақты толық жүктеп алыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *