Басы » Математика » Білімді тиянақтау (Презентация)

Білімді тиянақтау (Презентация)

Жамбыл облысы
Тараз қаласы
№ 29 Ю.Гагарин орта мектебі
Жанабаева Айшолпан Мырзабаевна

Сабақтың тақырыбы:Білімді тиянақтау

Мақсаты:

    1. Есептерді түрлендіру арқылы оқушылардың білімдерін тиянақтау
    2. Оқушылардың байқампаздық қабілеті математикалық ой-өрісін,логикалық математикалық тілін дамыту
    3. Оқытудың табиғатпен байланысын,математиканы оқып үйренуге қызығушылығын арттыру.

 

Міндеттері.

  1. Тез есептеу дағдысын дамыту
  2. Ойын арқылы белсенділігін арттыру
  3. Көп таңбалы сандарды ауызша және жазбаша көбейту мен бөлуді жете меңгерту

Методикалық әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,көрсету,сұрақ-жауап,оқу,жазу

Көрнекіліктер: интерактивті тақта

Сабақтың типі: ойын сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Сабаққа дайындығын тексеру.Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар, бүгінгі сабақта кім жоқ?

-Үйге қандай тапсырма берілді? (№6 тапсырма және №7 ә) тапсырмасы)

-Ал, № 6 тапсырманы кім оқиды? (9158+68968=78126  189689-69976=119713  583012+567+230058=813637)  және (5 ж 8 ай = 68ай    1 ай 2 тәул. =  32 тәул. немесе 33 тәул.    185 мин =  3 сағ 5 мин)

-Барлығыңда осылай шықты ма?

Енді сабағымызды ары қарай жалғастыра берейік.Дәптерге бүгінгі күн мен сынып жұмысын жазып алайық.Мынаған қараңдаршы , қандай санды жазсақ екен? 6253 осы санды көркемдеп жазыңдар.

-Бізге қонақ келген екен. Оның қай қонақ екенін білу үшін мына сандарды кему ретімен санап шығайық.

20   902   439   418   608   813   1

Қ     К       Б      А       Л      Ө    А

902   813     608    439   418    20    1

К       Ө         Л      Б       А       Қ    А

-Бізге қонаққа Крези фрок атты көлбақа келіпті.ал көлбақа қайда мекен етеді? Әрине суда.Біздің қонағымыздың кітабын су түбіне алып кетті.біз оған көмектесейік. Су түбі әрине қорқынышты ғой , бірақ біз математикадан мықты екенімізді көрсетейік.Алдымен бізге берілген тапсырма арифметикалық диктант екен. .Соны тез есептеп шығайық.

120 санын 4 есе арттыр. (480)

4573-ті 500-ге кеміт  (4073)

240 тонна 2 тоннадан неше есе артық? (120)

Бір жылдағы ай санын апта күніне көбейт (84)

2 центнердер 30 килограмды азайт  (170)

Ұзындығы 50 см , ені 32 см болатын орындықдық бетінің ауданын тап   (1600)

-Сендердің жауаптарың қалай шықты  екен? Тексерейік. Енді кітапты іздеуге шығамыз.Су асты әлемінде қайдай жануарлардың тіршілік ететінін білесіңдер ма?(балалар жауабы)

-мынаған қараңдар алдымыздан сегізаяқ шықты . Сегізаяқтар-таңғажайып мақұлық.Олардың аяқтары басынан өсіп шығады.Оның тапсырмасын қарайық:25*40/100*36/90*36+56*25 = 5000

-Дұрыс орындадыңдар.Ал енді ары қарай жүреміз.Ойпырмай,мынау су тасбақасы ғой.Оның да бізге арнаған тапсырмасы бар,соны шығарайық.Тасбақа сауытындағы өрнектерді тез есептеп шығайық.қане тақтаға кім шығады?.Мәнін тасбақа сауытына жазып шығамыз. (оқушыларды шығару)

-Балалар,үлкен теңіздер мен мұхиттарда кедір-бұдырлы тастар көп кездеседі.Солардың үстіне шығып біз кішкене ғана демалып алайық.Ал тыңдаңдар:

-Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды.Неше түйеқұс қалды?     (түйеқұс ұшпайды)

-Бір топ үйрек ұшып келе жатты.Біреуі алдында,екеуі артында, екеуі алдында, біреуі артында,біреуі екеуінің ортасында.Барлығы қанша үйрек ұшты?    (3 үйрек)

-Төрт қайың қатар өсіп тұр,

Әрбір қайыңда 4-4-тен бұтақ бар.

Әрбір бұтақта 4-4-тен алма бар,

Барлық алма саны қанша?     (қайыңда алма өспейді)

Мына сандарға қарайық: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Осылардың қосындысы көп пе, көбейтіндісі көп пе?  (қосындысы)

-Су астында жыртқыш балықтар да кездеседі.Соның бірі акула.Оның бізге дайындаған тапсырмасы бар,соны есептеп шығарып,ары қарай жүрелік. Есептің берілгенін оқу.сұрақтар қою:

  1. Есепте не туралы айтылған?

2.Бізге не белгілі?

3.Алдымен нені тауып алуымыз керек?

4.Содан кейін нені табамыз?

№3 есепті шығару:

Жиналды – 1 т 4 ц 56 кг қызанақ           1 т 4 ц 56 кг-1456 кг

Салынды- 1 — ? кг                                     1456/4=364    1456-364=1092

4

Салу керек-? кг                                          Жауабы. 1092 кг

-Өлшем бірлігіне назар аударайық .Ірірек бірліктерді кішірек бірлікке алмастырамыз.содан кейін барып амалды орындаймыз.Тақтаға кім шығады?

-Осы есептің ә) бөлігіне қарайық .Бұнда да есептің берілгені ұқсас.Айырмашылығы есептің шешуін теңдеу құру арқылы шығару керек. Тақтаға кім шығады?

Жинады -1 т 4 ц 56 кг

Салды – 364 кг

Салу керек -? кг

Шешуі . 364+х=1456                             х=1092

х=1456-364                             364+1092 =1456

-Суда акула жүр,тез жылжып жүзейік. Келесі тапсырмамыз периметрі 8 см-ге тең болатын екі тіктөртбұрыш сызамыз.Қабырғаларының ұзындықтыры қанша деп ойлайсыңдар?  (4 см және 2 см, 2 см және 4 см)

-мына балықшаларға сызған тіктөртбұрыштарымыздың периметрі мен ауданын есептеп,жазып көрсетейік.

-Балықтар Крези форктың кітабы жатқан жері мен сейфті біледі.біз олардың тапсырмасын орындасақ, онда кітапты алып кете аламыз.

-Мына өрнектер нені білдіреді ? а) 4*ь   ә) ь*ь

-Әрине, алдындағы өрнек шаршының периметрін табуға болатын болса, ал соңғысы шаршының ауданын есептеп табуымызға болады.Осы өрнектерді пайдалана отырып, мына сызбаны толтырып жібереміз.

-Шамаларды тез есептеп береміз:

11 сағ 18 мин-5 сағ35 мин=6 сағ 43 мин

5 сағ 26 мин+3 сағ 44 мин =  9 сағ 10 мин

6 тәул. 11 сағ-5 тәул. 18 сағ=  17 сағ

-Біз кітапты алуға жақын қалдық қой деймін .Логикалық тапсырманы орындап жіберейік.Бұл жерде бізге өрнектер берілген, тек амал таңбаларын дұрыс тапсақ,онда сейфтың кодын біліп,біз ол сейфті аша аламыз және кітапты алып кетеміз. Ол үшін жұлдызшалардың орнына тиісті амал таңбасын қоямыз.

25567*23000=2567

4 т * 3600 кг=400 кгн

18 ай=1 жыл * 6 ай

30040 * 6008 = 24302

5 кг 400 г * 4 кг 100 г = 1 кг 300 г

(62874 -59208) * 0 = 3666

-Біз кітапты алдық.Бізге Крези форк рақметін айтып жатыр.бүгінгі сабаққа тамаша қатыстыңдар.сендерге көп рахмет. Ал енді үйге тапсырманы алыңдар. Үйге № 3 есептің б)  және № 6 2 бағаны . Оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *