Ж Жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанова Гүлсім Бисенбаевна.
Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар.
Сабақтың мақаты:1.Оқушыларға тақырып туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың ойлау,сөйлеу,есте сақтау қабілет-
терін дамыта отырып,шапшаңдыққа,ұйымшыл-
дыққа пәндерді байланыстыра білуге баулу.
3.Оқушыларды достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ, жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.
- Жаңа сабақ өту.
Пәндермен байланысы: ана тілі, қазақ тілі,математика,дене шынықтыру,дүниетану,бейнелеу өнері,өзін-өзі тану.
Шаттық шеңбер жасау: Татуласу.
Әкел досым қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет кәне, соныңды.
Баққа бірге кірейік,
Татулықтың белгісі.
Кел қосылып күлейік,
Бәріміз бірге жүрейік.
Балалар ,біз сабақты бастамас бұрын мен сендерге сұрақтар берейін.
- Дос дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Достар қандай болу керек?
4.Адал достық дегеніді қалай түсінеіңдер?
5.Амал достық дегеніді қалай түсінеіңдер?
6.Достық туралы мақал-мәтелдер айтайық?
Жарайсыңдар балалар олай болса мен сендерге бір ертегі оқып берейін.
Көктем келді, күн жылынып,табиғат әсем күйге енді.Дала гүлге бөленді. Шалғынға құмырсқа келді.
Құмырсқа келіп жайбарақат отырса жаңбыр жауады,сол жерде саңырауқұлақ бар екен, сол жерде оған құмырсқа паналайды.
Құмырсқа саңырауқұлақтың панасында отыса сол жерге көбелек келеді.Көбелек құмырсқадан пана сұрайды.Құмырсқа көбелекке тапсырма береді. Егер шешек көбелек жаңбырдан пана табады.Біз оған көбелекке көмек берейік.
Жарайсыңдар балалар. Енді математикада логикалық есептер шешейік.
1.Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала б ар. (6 бала)
2.Екі әкесі, екі баласы үш алманы бөліп жеді.Алма қалай бөлінді?
(атасы, баласы,немересі)
- 5жұмыртқа 12 минута піседі. 10 жұмыртқа ше?
(12 минут)
Құмысқа көбелекті саңырауқұлақ астына паналатты. Көбелек құмырсқаға да сендерге де рахмет айттолы.
Сол жерге торғай келіп құмырсқадан пана сұрайды. Құмырсқа торғайға сұрақтар береді. Біз торғайға көмек берейік.
Ребуты шешу
1.Жүз елу. 2.Бал арасы. 3.Таяуда.
Ребустың жауабына сөйлем құрау.
2.Берілген сөздерден я әрпін табу.
1 2 3
Торғайға құмырсқа пана береді. Торғай сендерге рахмет айтты. Балалар енді сол жерге қоян келді. Құмырсқа қоянға тапсырма берді. Біз қоянға көмек берейік.
1.Математикадан тапсыларма орындайық.
1.(10-6)+1= (7+2)+4= (6+4)-3=
(10+4)-6= (10-2)-2= 4+(7-3)=
2.Асанда 5 доп Қызыл гүл 6 Данада 10 шар
Маратта 7 доп Көк гүл 5 Анарда 3 шар
Барлығы-? Барлығы-? Барлығы-?
Балалар енді құмырсқа қоянға ана тілінен тапсырма беріпті,біз қоянға көмек берейік.
1.Ф. Оңғарсынованың « Білім керек бәріне» өлеңін жатқа айту.
2.Ә.Дүйсенбаевтың « Ақылшы мұғалім» өлеңін жатқа айту.
3.А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңін жатқа айту.
Қоянға құмырсқа пана барді. Қоян бізге рахмет айтты.
Сол жерге түлкі келеді. Құмырсқа түлкіге де тапсырма берді. Балалар біз түлкіге көмек берейік.
Дүниетанудан тапсырма беріпті:
- Адам сусыз қанша күн өмір сүреді?
2Адам ауасыз қанша күн өмір сүреді?
3.Адамға ең қажетті нәрселер?
4.Нан туралы тақпақ айт?
5.Көкжиек дегеніміз не ?
6.Тұсбағарды кім қолданады?
7.Сурет дегеніміз не ?
8.Сұлба дегеніміз не ?
- Маштаб дегеніміз не ?
10.Ауаның қасиеті қандай?
11.Топырақ дегеніміз не ?
12.Топырақтың түрлері қандай?
13.Жапырақ күзде неге түседі ?
14.Өсімдік не керек?
- Өсімдік нешеге бөлінеді?
Балалар енді біз дене шынықтыру жаттығулар жасап жіберейік.
Екі қолдың тұсында,
Екі қолды бүгіңдер.
Қолды созып алдыға,
Пойыз құсап жүріңдер.
2 тапсырма.
Дауысты дыбыс қанша?
Дауыссыз дыбыс қанша?
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді
Енді балалар бәріміз күннің суретін салайық.
Міне жаңбыр басылды,аспан шайдай ашылды.Достар саңырауқұлақ астынан шықты. Бір-біріне қарасты,таңдана былай таласты.Біз бәріміз бір саңырауқұлаққа сыйдық, оның себебі біз достармыз ,көңіл сыйса бәрі сыйады.Балалар мен сендерге тапсырма берейін. Мына қима қағаздардың артында сөздер бар соны біріктіріп оқиық.
Біздер тапқыр достар
Бәрі:
Достар біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Жақсылыққа бақытқа,
Талаптан әр уақытта.
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ.
Енді балалар біз қайтадан шеңбер құрайық, бір-бірімізге тілектер айтайық.
Балалар біз бүгін не істедік? Саяхатха шықтық жолда достарға көмек бердік. Сабақ ұнады ма?
Біз өмірде де адамдарға көмек берейік, достар
Сабақтың соңы.