Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімібЖұбанова Жұлдыз
Пәні: физика және астрономия
Сабақтың тақырыбы: Электр құбылыстары
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша қайталауға есептер шығару және әр түрлі тапсырмалар орындау.
2.Тәрбиелік: Оқушыларға өтілген тақырыптар бойынша тереңірек есептер шығару арқылы ой – өрістерін дамыту.
3.Дамытушылық: Жауапкершілікке, ойын тұжырымдай білуге, дәйекті баяндай білуге баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, деңгейлеп есептер шығару
Жаңа технология: деңгейлеп оқыту
Көрнекілігі: слайд, карточка, магнит тастар, электроскоп
Сабақтың құрылымы:
І . Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Сөз жұмбақ» (үй тапсырмасын сұрау).
ІІІ. Қайталау сабағы
- Семантикалық карта толтыру
- Формулаларды қорытып шығару (топтастыру әдісі)
- Деңгейлік есептер шығару
- «Кім жылдам» кесте толтыру
ІV. Қорытынды (ББҮ әдісі)
- Үй тапсырмасын беру.
VІ. Бағалау.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) оқушылармен сәлемдесу
Ә) Оқушыларды түгендеу
Б) Оқушылардың оқу құралдарын қадағалау
Д) Оқушыларды екі топқа бөлу (аттас және әр аттас зарядтар болып 2 топқа бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасы
- Сөз жұмбақ
а | б | в | г | д | ж | з | к | е | п | с | р | ||
1 | В | ||||||||||||
2 | Э | О | Т | М | |||||||||
3 | К | Г | Л | Л | З | Ф | Е | А | |||||
4 | У | Р | Е | Ь | А | А | Р | К | |||||
5 | Э | Л | Е | К | Т | Р | Ө | Р | І | С | І | ||
6 | Л | О | К | Т | Я | Т | А | С | В | ||||
7 | Е | Н | Р | Д | К | Д | Е | ||||||
8 | К | О | І | Л | |||||||||
9 | Т | С | З | Л | |||||||||
10 | Р | К | Г | ||||||||||
11 | О | О | І | ||||||||||
12 | Н | п | Ш | ||||||||||
- Янтарь грек тілінен аударғанда қандай мағына береді. 5а-12а
- Француз ғалымы 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу заңын ашқан ғалым? 3б-7б
- Электроскоп мағынасы «электрді көремін» деген мағынаны береді. Қай елдің сөзінен аударылған? 3в-6в
- Электрленуді байқауға арналған құрал? 2г- 12г
- Потенциалдар айрымының бірлігі Джолульдің Кулонға қатынасы болады. Бұл бірлік не деп аталады?1д-5д
- q әрпі қандай шама? 3ж-7ж
- Зарядтар еркін қозғала алатын заттарды не деп атайды? 5к -12к
- Электрсыйымдылығының өлшем бірлігі? 3е – 7е
- «-» таңбасы қандай заряд? 2п-6п
- «Электр өрісі» ұғымын ағылшын ғалымдары Фарадей және кім деген ғалым ашты? 2с-9с
ІІІ. Практикалық сабақ
- Семантикалық карта толтыру.
Физикалық шама | Белгілеуі | Өлшем бірлігі | Тұрақты шамасы |
Заряд | q | Кл | |
Электрон заряд | e | Кл | -1,6 |
Коэффициент | k | 9 | |
Арақашықтық | r | ||
Күш | F | ||
Электр тұрақтысы | 8,85 | ||
Кернеулік | Е | ||
Өрістің потенциалы | В | ||
Потенциалдық энергия | Eп1 — Eп2 | Дж | |
Электрсыйымдылығы | C | Ф |
- Формулаларды қорытып шығару
- E =
- Деңгейлік есептер шығару
І деңгей.
№1. Өрістің қандай да бір нүктесінде, 2*10-9 Кл зарядқа 4*10-7 Н күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңдар.
№2. Сутегі атомындағы электрон мен ядроның ара қашықтығы 0,5*10-8 см болса, әр заряд 1,6*10-19 Кл. Олардың өзара әсерлесу күшін анықтаңдар.
ІІ. деңгей.
№1. Өткізгішке 1*10-8 Кл заряд беріп, оны 100 В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің электр сыйымдылығы нешеге тең?
№2. Мектеп конденсаторының ең үлкен сыйымдылығы 5,8*10-5 Ф. Оны 50 В –қа тең тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосқанда онда қандай заряд жинақталады?
- «Кім жылдам» кесте толтыру
Электр зарядтарын өткізу қабілеттілігіне қарай заттар шартты түрде 2 – ге бөлінеді. Элекроскоп арқылы болат шеге, жібек мата, мыс сым, пластмасса сызғыш, ағаш сызғыш, алюминий қасық, бор, қалам өзегі, ләстек мата, немесетерінің қайсысы электр тогын өткізетін заттар, қайсысы диэлектриктер екенін зерттеңдер.
Өткізгіштер | Диэлектриктер |
12
3 4 5 6 |
12
3 4 5 6 |
- Қорытынды.
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
- Бағалау
- Үйге тапсырма
Қайталау.
Тарауға тест тапсырмаларын құру.