Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы
«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
тарих пәнінің мұғалімі
Еселбаева Ардақ Қанатқызы
Сабақтың тақырыбы: § 33. Абылай хан
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Оқушыларға қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан және оның Қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайында түсінік беру. Абылайдың жүргізген саясатының сырын түсіндіру; Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
1.Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды тұлға тәрбиелеу.
2.Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, диалогтық қарым-қатынас құру.
3.Тарихи түсінігі қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге қабілетті, тұлға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар Абылай хан және оның қазақ тарихындағы алатын орны мен ерлік істері жайында біледі.
Абылай ханның жүргізген саясаты туралы мағлұмат алады.
Топтық жұмыс арқылы оқушылар ынтымақтастықта жұмыс жасауды үйренеді.
Бір-біріне құрметпен қарайды.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: топтық ізденіс сабақ
Әдісі: сұрақты ұста әдісі, сызба-кестемен жұмыс, сұрақ-жауап, Кубизм әдісі, постермен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның суреті, Абылай хан туралы слайд, ғаламтордан алынған мәліметтер, АКТ-ны қолдану.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері./ Оқушылар өз есімдерінің 1-ші әрпінен басталатын өз бойындағы қасиеттерді айтады./
Топқа бөлу. /Жануарлардың даусын салу /
II Миға шабуыл. Кубизм ойыны./Үй тапсырмасын сүрау./
1.Жоңғарлар қазақ жеріне не себепті шабуыл жасады?
2.Жоңғар шапқыншылығының зардаптары қандай болды?
3.Кіші жүз не себепті Ресей империясының бодандығын қабылдады?
4.Ресей билігін мойындауда Әбілқайыр қандай мақсат көздеді?
- Әбілқайыр хан туралы не білеміз?
6.Ресейдің отарлау саясатының тереңдей түсуін, қандай жағдайлармен түсіндіруге болады?
III .Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жаза отырып, сабақтың мақсатын оқушыларға айтып беремін. Сонымен қатар сабақтың жоспары тақтаға жазылады.
Сабақтың жоспары.
- Абылайдың ата-тегі, жастық шағы.
- Абылайдың жүргізген саясаты.
- Абылай — қазақтың Ұлы ханы.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушыларға бейнекассетаны қосып «Көшпенділер» киносынан үзінді көрсетемін. Осы кинодағы Мансұр бейнесіне назар аудару тапсырылады.
Содан кейін мынадай сұрақтар қойылады:
- Осы кинодағы Әбілмансұр туралы не білесіңдер?
- Әбілмансұр кинода қандай кейіпкер ретінде көрінеді?
Оқушылар жауабын тыңдап болғаннан кейін жоспар бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Ең алдымен Абылайдың ата-тегіне тоқталамын.Абылайдың шын аты — Әбілмансұр. Арғы аталары әлемге әйгілі Шыңғысхан және оның үлкен Ұлы Жошы хан. Бұлардың тікелей ұрпағы болып табылатын Қазақ хандығының алғаш іргетасын қалаған Әз-Жәнібек те Әбілмансұрдың арғы аталарының бірі. Қазақтың хан тағына тек Шыңғыс ұрпақтары ғана отырды. Оларды төре деп атайды. Міне Әбілмансұр осы төре тұқымынан.
Бұдан әрі Әбілмансұрдың жастайынан жетім қалғанын, Ораз аталықтың көмегімен аман қалып, көшпелі қазақ халқының арасына келіп паналайтыны туралы айтып өтеді.
Одан әрі ретімен жас Сабалақ туралы, оның Абылай атануы жайында оқушыларға түсінік беріп өтемін. Абылай ханның өмірінің соңғы кезімен аяқтаймын.
IV Кестемен жұмыс.
|
- 4.
1.Өмір сүрген жылдары
2.Төле бидің қойған аты?
3.Жекпе –жекке шыққан қалмақ батыры
- Таққа отырған жылы
- 1711 жыл — Әбілмансұр өмірге келді т.б. Осы жерде оқушыларға Абылайдың төңірегіндегі тұлғалар жайында түсінік беру. Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара акын т.б. Бұқар жыраудың Абылайдың өмірін жырлаған жыр жолдарынан үзінді келтіремін.
Ей, Абылай, Абылай,
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай үл едің,
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің,
Абылай атың жоқ еді
Сабалақ атпен жүр едің.
- Жоспарға сай жаңа көрген киномыздан мәліметтер пайдалана отырып, сабақты талдаймыз.
1-топ Абылайдың балалық шағы
2-топ Абылай қолбасшы, саяси қайраткер
3-топ Абылай кезіндегі қазақ хандығы
4-топ Абылай ханның Қалдан Сереннің тұтқынында болғандығы туралы мәлімет
1-топ Білгірлер.
Білгірлер мазмұнын айтып өтеді.Абылайдың азан шақырып қойған аты- Әбілмансұр. Ол 1711 ж Түркістан билеушісі Қанышер Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келеді. Абылай 13 жасында Түркістанда қалмақтар басып алады, Уәли өледі, әкесінің қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылып ол барған жерінде , тегін жасырады. Оған төле би Сабалақ деп ат қояды.
Абылайдың 22 жасында Төле биге сәлем беруге Бөгенбай батыр келеді, ол қалмақтарады барлауға Сабалақты ертіп кетеді. Бөгенбай өте сыншыл жан екен. Сабалаққа батасын беріп, астындағы Нарқызыл деген тұлпарын ұсынып: шырағым-ай, көзің отты бала екенсің, мінеі қазақтағы хан екенсің, жазғы салым қалмаққа аттанамыз, сонда да керек болар жан екенсің! –депті. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Абылайды өзіне шақырып алып: Ел жұртың кім? Туғаның кім? Жөніңді бастан аяқ айтшы жайлап деген. Сонда бала айтты: Қазақ қалмақ ерегесі, мұндайда елдің қозар делебесі, қысылған соң аузыма түсіп, кетті, Атам-Абылай мен бала немересі-деген екен. Ол ел бірлігіне қол жеткізуде, қазақтың күшін біріктіруді, арман етті, сол мақсатына жетті.
2-топ Тапқырлар
- Қоғам қайраткері
- Хан
- Батыр
- Қолбасшы
- Ұйымдастырушы
3-топ Алғырлар. Абылай хан кезіндегі қазақ хандығы.
4-топ. Ептілер. «Даталар сөйлейді» жылдарды оқиғасымен тауып беріңдер.
1711жыл
1730жыл
1726 жыл
1771 жыл
1781жыл
- Осы тақырыпқа байланысты анаграмма шешейік.
НХА — ХАН
ЛТАСНҰ- СҰЛТАН
ҮКРНҮІАСТ- ТҮРКІСТАН
ИУЛӘ — УӘЛИ
АҚЫКЕЗБ -ҚАЗЫБЕК
ҚАСЛБАА -САБАЛАҚ
ЙБЫАЛА -АБЫЛАЙ
АНБӘСРҰМІЛ- ӘБІЛМАНСҰР
VII. Сұрақтар- мен жауаптар:
Топтың аты: | Сұрақтары | Жауаптыры |
Білгірлер | Абылай ханның ата тегін білесің бе? Абылай хан жоңғарларға қарсы ұрыстарда қандай батрлардың көмегімен жеңіске жетіп отырды? | Шыңғысхан-жошы- тоқайтемір-өзтемір қожа-Бәдіғұл-Орыс-Құйыршақ-Барақ-Әз-Жәнібек-Жәдік-Шығай-Есім-Уәлибақы-Қанышер Абылай- Көркем Уәли-Әбілмансұр, Бөгенбай, Қабанбай, Рйымбек. |
Абылайдың ұрпақтарынан кімдерді білесің? | Кенесары хан, сұлтан Шыоқан Уәлиханов тарихшы Бекмахановтар бар. | |
Тапқырлар | «Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет дәрежесіне көтерді » деп айтқан кім? | М.Қозыбаев. |
Абылай хан Әділ атты баласын аманатқа қай елге жіберді? | Қытайға | |
Абылай ханның хандық құрған уақыты? | 1771-1781жж | |
Алғырлар | Абылай хан тарихын алғаш зерттеген қазақ ғалымы кім? | Шоқан Уалиханов |
Абылай ханның негізгі мақсаты қандай болды? | Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау, нығайту, үш жүздің басын біріктіру болды. | |
Абылай неше жасында қару асынып жауға қарсы елін қорғауға аттанды. | 15 жасынан бастап | |
Ептілер | «Хан Абылай атандың
Дүниеден шықпай мінің Алтын тақтың үстінде Үш жбасын құрадың»-деп айтқан кім? |
Бұқар жырау |
Абылай хан қасына топтастырған руханият өкілдері кімдер? | Бұхар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара. |
- Сергіту сәті.
- Сабақты қорыту. Рефлексия. Осы сабақтан не үйрендім, осы сабақ ұнады ма, т.б ойлары туралы стикерге жазып тақтадағы смайлингтерге жапсыру.
- Бағалау: топтық бағалау, критериалды бағалау.
- Үйге тапсырма: Абылай хан жайында шағын әңгіме жазу, оқу.