Дос сөзі

janarҚызылорда облысы

Жаңакорған ауданы

Негізгі білім беретін №221

Аққұм мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Каимова Жанар

 

Пәні:    Әдебиеттік оқулық Сыныбы:  3
Сабақтың  тақырыбы: Дос сөзі
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты:  Нығмет Ғабдуллиннің өмірбаянымен танысады. «Дос сөзі» әңгімесінің мазмұнын  түсінеді, ақпарат алады.  Достардың  өзара ренжісуі туралы  әңгіме барысында білетін болады.

 

Күтілетін нәтиже: Нығмет Ғабдуллиннің бірнеше шығармаларымен танысатын  болады.  Достардың бір –біріне айтылған сыни көз-қарастарын  дұрыс қабылдау  керек  екенін түсінеді.  Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді.
Негізгі идеялар:  Сынып оқушыларының арасында да Нұрлан сияқты достарының кемшілігін дұрыстап, досының жасап жүрген іс-әрекеті теріс екендігін ұғындыратын  достардың болуы керек екенін   түсінетін болады.
Тапсырмалар:
  1. «Миға шабуыл » видеоролик сұрақ – жауап  АКТ  пайдалану
  2. Жұптық жұмыс «мәтінмен жұмыс»
  3. Топтық жұмыс «мақал сөздің – мәйегі» сайысы
  4. Жеке жұмыс «Блум гүлі» ой толғаныс

І. Ұйымдастыру кезеңі:  2 минут

 Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу,  назарын сабаққа аудару , жұпқа  бөлу.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Үй тапсырмасын шолу жасау.

ІІ .Талқылау үшін сұрақтар беріледі «Миға шабуыл» видеоролик көрсету   (3минут)

  1. Көріп отырған Видеороликтен нені түсіндіңдер?

Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.

  1. Олай болса бүгінгі өтілетін жаңа сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?

 

Мадақтау

Ендеше біз бүгін  Нығмет Ғабдуллиннің «Дос сөзі» әңгімесі  тақырыбында  жаңа сабақ өтеміз.

Нығмет Ғабдуллиннің өмірі мен шығармаларымен танысатын боламыз.

ІІІ Жаңа сабақ  (3минут)

 Мұғалім:  Нығмет  Ғабдуллин (26.12.1927жылы Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылында дүниеге келген,  11.07.2005 жылы  78 жасында  өмірден озды.) Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері (1998жыл).  Менің достарым, Жаңа таны отыр, Құрбылар әңгімелер. Өмір, қымбатсың маған  повесть  жинақтары бар.

ІҮ . Жұптық жұмыс (мәтінмен жұмыс жасайды) 20 минут

1- жұп.  Мәтінді талдау.

2-жұп. Мәтін бойынша постер қорғайды.

3-жұп. Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.

                         

Екі жұлдыз, бір ұсыныс  арқылы  формативті бағалау

Ү. Сергіту сәті  3 минут

АКТ-ны пайдалану  музыка ойналады, оқушылар тақырыпқа сәйкес

Жігіттер квартетінің  орындауындағы  «Жан досым» әнін орындайды

ҮІ. Топтық жұмыс   «Мақал сөздің — мәйегі» сайысы (8минут)

Әр топ мәтінге сәйкес келетін  мақал – мәтелдер айтады.

 

Басбармақ   арқылы формативті  бағалау

ҮІІ Жеке жұмыс « Блум гүлі» (Ой толғаныс)  5 минут

Оқушылар  өздерің  Нұрлан мен Әсеттің орнында болғанда не істер едіңдер? — деген сұраққа өз ойларын жазады.

 

Смайлик арқылы формативті бағалау

ҮІІІ : Кейінгі    оқу :  Дос сөзі

ІХ  Кейінгі тапсырма:  Өз бойыңда қандай жағымсыз қылықтар бар деп  ойлайсың? Кірпінің суретін салып,  оның алып бара жатқан алмаларына жазып қой. Қанша алма бос қалды? Өз бетіңше талдау жаса. Қорытынды пікіріңді

 

ҮІІ. Кері байланыс:  (1 минут)

 

Маған ұнады…..                       

 Түсіндім …..                      

  Түсінбедім…..

                                 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *