Басы » Тарих » ХІХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті.

ХІХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті.

ОҚО. Сайрам ауданы
Қарасу ауылы
№83А.Байтұрсынов
атындағы жалпы
орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі.
Игенбаева Динара Маратқызы.
 

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениетінің ерекшелігі, қазақ әдебиетінің дамуы,музыка өнері, материалдық мәдениетімен және ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың білім, ғылым, өнерге деген белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасату арқылы олардың бойында ізденгіштік шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты игерту.

Сабақтың әдісі:Интерактивті оқыту әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,бүктемелер,тірек-сызбалар,кітап көрмесі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сабақты оқушыларды 3топқа бөліп,жарыс түрінде өткіземіз.Әр топтың экспертін сайлаймыз.Эксперт есебі арқылы топтағы әр оқушының және сол топтың қанша ұпай жинағанын анықтаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Миға шабуыл: «Халық ағарту» сөзін топтастыру.

ХАЛЫҚ АҒАРТУ

2.Сыныпты 3 топқа бөлу.Ітоп-«Білім».ІІ-топ «Ғылым»,ІІІ-топ «Өнер».

Әр топ өз аттарын қорғайды.Әр топқа 5 сұрақтан беріледі.

І- «Білім» тобына:

ХІХғасырдың басында Қазақстанда ағарту ісі негізінен шәкірттерге қандай мазмұндағы кітаптарды, қай діннің қағидаларын үйретумен шектеледі?

2.Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы қандай қалаларда орысша сабақ өткізілетін мектептердің ашылуына байланысты болды?

3.Қай жылы Омбы облысының қоныстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды?

4. «Бөкей мен Мәулен» повесін жазып, Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын зерттеген кім?

5.Қай жылы жанында қазақтар үшін интернаты бар қандай училище ашылды?

ІІ- «Ғылым» тобына:

1.1837 жылы қандай оқу орны ашылды?

2.Орынбор қаласында қандай оқу орны ашылды?

3.В.И.Даль қай жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды орындайтын шенунік қызметін атқарған?

4.1813ж.қандай қалада әскери училище ашылды?

5.Қай орыс саяхатшылары қазақ жерін топографиялық зерттеумен шұғылданды?

ІІІ- «Өнер» тобына:

1.Бөкей Ордасындағы Жәңгір ханның мектебі қай жылы ашылды?

2.Орыстың қандай ғалымдары мен тарихшы-этнографтары қазақ халқының өмірін зерттеп, тарихи еңбектер басып шығарды?

3.Қай жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізін зерттеумен шұғылданды?

4.1831ж.18-қыркүйекте қай қалада әскери училище ашылды?

5.В.И.Даль қай жылдары және қандай көтерілісті басқарған батырларға жанашырлық білдірді?

2. «Тұлғаны таны» ойыны.Шарты:Оқушыларға тұлға бейнесі жасырылады. Бұл кімнің бейнесі екенін табу үшін 6 бөлікті ұяшықта ұпайымен берілген сұрақтар жасырылған. Ұпайдың-10 ұпайы оқушы қоржынына түседі,қалған ұпайы топқа есептеледі.

10 ұпай:Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттей бастады?

20 ұпай:ХІХғасырда қазақ жерінде қандай сала қанат жая бастады?

30ұпай:Ш.Уәлихановты әлемге әйгілі еткен еңбекті атаңыз.

40ұпай:ХІХғасырдың 30жылы орыстың қай ақыны Қазақстанның қай өлкесінде болды?

50ұпай: «Капитан қызы», «Евгений Онегин»еңбектерінің авторы.Шығармасынан үзіндіні жатқа айтып беріңіз.

60ұпай:Бұл ақынның шығармашылығының бір тармағы-Орынбор өлкесімен,1773-1775жылдардағы Е.И.Пугачёв бастаған шаруалар соғысымен байланысты еді.Осы өлкеде

Бір аптадан артық, қаланың өзінде 3 тәуліктей болған ұлы ақын,азиялық тайпалардың, қазақтардың өмірін өз көзімен көрді. Оралда «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасымен танысқан кім ?

ІІІ Жаңа сабақтың жоспары:

1.ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті.

2.Махамбет Өтемісұлы.

3.Қазақ халқының музыка өнері.

4.Материалдық мәдениет.

Жаңа тақырып тірек-сызбалар арқылы   түсіндіріледі.

ІVЖаңа тақырыпты бекіту.

Сергіту сәті «Математикалық ойын».Шарты:Есептің нәтижесімен тарихи хронологияны ұштастыру.

1. 4000:2-154= 

2. 1000*2-133 =

3. 845 *2+118 =

4. 3800:2-64 =

5. 900 *2+95 =

6. 762* 2+280 =

«Бұл кім білесің бе?» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың білім,іскерлік дағдыларын дамыту.

Ойынның шарты:Түрлі әдеби, тарихи шығармалардан үзінділер дайындалады.Кезекпен әр топ өкілдері алып, үзіндіні оқиды.Егер тарихи тұлға дұрыс танылса, топ ұпай алады.Егер жауаптары қате болса, басқа топ жауап бере алады.

Тапсырмалар:

«Білім» тобына:

1.Ол елін, жерін жанындай сүйді, озбырлық саясат жүргізіп отырған патша отаршылдарын, халық жерін талан-таражға салған билеуші топты әшкереледі, оған қарсылығын жасырмады.Серігі қаза болғаннан кейін де, ол халықты көтерілісті жалғастыруға шақырады. Ол кім?    Жауабы:М.Өтемісұлы.

2.Алматы облысы,Жамбыл ауданына  қарасты Қаракәстек деген жерде дүниеге келген.Тапқыр,тілге жүйрік,Жамбыл Жабаевтың ұстазы болған.  Жауабы: С.Аронұлы.

«Ғылым» тобына:

1.Жастайынан өзінің тапқырлығымен көзге түскен,1812 жылы оны Бөкей хан беріш руының Жайық бөлігінің старшыны етіп тағайындаған.Махамбеттің серігі болған кім?

Жауабы:И.Тайманұлы.

2.1808жылыбұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданында,кедей отбасында дүниеге келген.Жастай екі көзінен бірдей айырылса да,қобыз тартып,өлең айтуға машықтанады. Бұл кім? Жауабы:Шөже Қаржаубайұлы.

«Өнер» тобына:

1.Шешендік өнерге,ауыз әдебиетіне жасынан құмар болған оның ақындық талабы ерте оянған.Феодал топтардың оғаш мінездерін әжуалап,уытты мысқылмен әшкерелеп отырды.

Жауабы:Шернияз Жарылғасұлы.

2.Шөже Қаржаубайұлының өнерін жоғары бағалаған, «суырып салма ақын» деген баға берген,Сібір кадет корпусының түлегі.Жауабы:Ш.Уәлиханов.

V.Оқушылардың білімін бағалау.Эксперттердің есебін тыңдай отырып үздік топтарды атау,оқушылардың білімін бағалау және марапаттау.

VІ.Үйге тапсырма:19 параграф бойынша хронологиялық талдау жасау,ақындардың шығармаларынан үзінділерді жаттау.

1 пікір

  1. Рахмет сабағыңызға, сізден тағыда жақсы сабақтар күтеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *