ШҚО, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылы
«Топқайың орта мектебі» КММ
Шағын орталық әдіскері
Касымова Альмира Амировна
Ойыншықтар сөйлейді.
Сабақтың мақсаты:Өз ойыншықтары туралы әңгімелеп айтуға, сұрақ- жауап әдісі бойынша диалог түрінде сөйлеуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
-Дұрыс сөйлеуге,сөз дыбыстарын дұрысайтуға жаттықтыру.
-ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:ойыншықтар,доптар,суреттер, техникалық құралдар.
Сабақтың барысы:Балалар ,бүгін бізге көп қонақтар келіпті.Сол себепті,шуағын төккен күнмен, мейірімді аспан атамен , бізге келген қонақтармен амандасып алайық.
Армысын,қайырымды аспан ата!
Армысың, қайырымды жер ана!
Армысын шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін!
-Өте жақсы ,балалар бүгін біз өзіміздің сүйікті ойыншықтарымыз жайлы әңгімелейміз.
-Қараңдаршы мына үстелдің үстінде қаншама әдемі ойншықтар жиналған.Балалар олар қалай жиналған? Қалай тұр? (балалардың жауабы: әдемілеп, дұрыстап)
-Ия,дұрыс айтасындар әдемілеп жиналған.Қане олай болса әркім өзіне ұнаған ойыншығын алып орынымызға отырайық.
-Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Ойыншықтар сөйлейді». Осы сүйікті ойыншықтарымыз жайлы әнгімелеп айтып берейік.
-Сезім сен қандай ойыншықты таңдадын(қоян)
-Олқандай? (жұмсақ, үлкен, әдемі. Әр бір бала өз ойыншығын сипаттап айтып береді)
-Ал енді осы ойыншықтар жайлы қандай тақпақтар білеміз?Келген қонақтарға айтып берейікші.
Нұрай:Мысық,күшік,балапан
Қуыршағым балақан
Қане бәрің тұрыңдар,
Ойын сауық құрындар.
Сезім:Біздерде бар қуыршақ
Бұзау,қозы,құлыншақ
Ойыншықтар тындайды
Ақыл айтсақ бұйырсақ.
Қарақат: Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Ұйықтап қалыпты масқара
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық
Бой сергітіп алайық
Жоғары төмен қарайық
Онға-онға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Бойымызға күш жинап
Біз демалып қалайық
-Жақсы . Енді орнымызға отырып сабағымызды жалғастырайық.Балалар қазір мен сендерге тағы бір сүйікті ойыншықтарын туралы жұмбақ жасырам, ал сендер онын шешімін табындар.
Бала бітке соғады
Жеңіл шарды соғады,
Ұрсан,ұшып жоғары
Жерге түсер домалап.
Балалардың жауабы (доп)
-Дұрыс айтасындар доп.Балалар айтындаршы доп не үшін керек.(ойнау үшін)
-Ия дұрыс ойнау үшін.Одан басқа денені шынықтыру үшін,әр түрлі ойындарға воллейбол,баскедбол ,фудбол деп аталатын.
-Қане бәріміз экранға назар аударайық.(интерактивти тақта арқылы балаларға баскедбол, воллейбол , фудбол ойындарын көрсетіп әнгімелеп айтып береміз)
-Балалар қарандаршы менің қолымда неше доп(екеу)
-Біреуі қандай?(үлкен)
-Ал екіншісі(кішкентай)
-Балалар осы доп туралы тақпақты жаттап алайық.
Домала доп домала
Балшыққа тек жолама
Же көремін оныңды
Бүлдіресін қолымды.(Бір-екірет қайталау)
-Балалар не туралы тақпақ айттыңдар(доп туралы)
-Дұрыс доп туралы.Доп қайтеді екен(домалайды)
-Допқа қайда түспе дейді?(балшыққа)
-Дұрыс балшыққа. Неге балшыққа жолама дейді,нені бүлдіресін дейді?(қолымды)
-Ия дұрыс қолымды бұлғайсын дейді.Сондықтан балалар доппен далада ойнағанда балшыққа, лас жерге ойнамаймыз,үстімізді бұлғамаймыз.
-Міне балалар бүгін сендер ойыншықтардың тағы бір түр доппен таныстыңдар.
-Балалар ойыншықтарымызды қалай ұстауымыз керек?(ұқыпты)
-Дұрыс айтасындар ұқыпты ,бүлдірмей таза ұстауымыз керек
-Ойыншықтармен ойнап болғаннан кейін қайтеміз?(жинаймыз)
-Ия, орнына жинап қоямыз.Олай болса ойыншықтарды орнына апарып жинап қояйық.
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма? (балалардың жауабы)
Балаларды мадақтау.