Басы » Баяндамалар » Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі

Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі

 

Алматы облысы, Панфилов ауданы

«Көктал орта мектебі  мектепке

дейінгі шағын орталығымен »

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ағылшын тілі пәні мұғалімі Тохтиева Захидам Абдусаламовна

 

Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі

 

            Ақпараттық әдістемелік материалдар комуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

            Ақпараттық – коммуникациялық технологияны сабақтарда қолдану келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талаптты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшын де тигізер пайдасы аса мол.

            Қазіргі заманғы ұстазға қойылатын талап оқушының өз бетінше оқуына қарқынды түрде көмектесіп, оның сабаққа деген қызығушылығын ояту сонда ғана оқушы жаңаны тануға талпынып, білімін арттыруға тырысады.

            Жалпы оқыту жүйелерінде педагогикалық жаңа технологиялар кеңінен орын алып келеді. Әр ұстаз өзі тандаған технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім денгейін көтеруге бар күш – жігерін жұмсайды. Бүгінгі таңда сабақты мультимедиалық кабинетте өткізу, шет тілі сабағында компьютер жүйесін қолдану ұстаздың да, оқушының да жұмысын жеңілдетеді, оқушылардың ынтасын арттырады. Сабақтарда денгейлік тапсырмаларды, сызбаларды, көрнекіліктерді қолдану оқушылардың қабілдауын жетілдіреді.

            Ағылшын тілі сабақтарында тест жұмыстарын өткізу, грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтін тындату жұмыстарын оқушылар аса қызығушылықпен орындайды. Мультимедиалық кабинетте өткізілетін сабақтарда орындалатын тапсырмалар мен тест жұмыстарының нәтижесі сол сәтте тексеріліп, әр жіберілген қателерге талдаулар жасалып, уақыт үнемді пайдаланылады. Интеграциялық сабақтар өткізуде компьютер жүйесін қолдану өте тиімді. Экран бетіндегі жаңа сөздер, түрлі – түсті грамматикалық кестелер оқушылардың қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Мультимедиалық кабинетте өткізілген сабақтарды интерактивті тақтаның ерекше мүмкіндіктерін тимді пайдалана отырып, көздеген мақсатқа жетуге болады. Қорыта айтқанда, мұғалім сабақ жүргізудің жаңа жобаларын жетік біліп, оны сабақ үстінде қолдана алу керек.   

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *