ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
|
Тақырыбы: Дарындылар додасы
Мақсаты: оқушыларды химия пәнінен алған білімдерін қорытып, жүйелеу, оларды достыққа шақыра отырып, ауызбіршілікке, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу, алған білімдерін әртүрлі ойын элементтерімен ұштастыра отырып, жан – жақты дамыту.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, слайд, периодтық жүйе,
Өтілу түрі: сайыс түрінде
Барысы:
Жүргізуші: Бүгінгі 9 – 10 сыныптар арасынад өткелі отырған «Дарындылар додасы» сайысына қош келдіңіздер.
Қызық думан – өміріміз ғаламат
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ!
Қыруар істің қайсысында болса да
Құдіретті химия жүр аралап.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз енді әділ – қазылар алқасын сайлап алайық.
І кезең Т а н ы с т ы р у (екі топ өздерін таныстырып шығады)
IІ кезең «Кім тапқыр ?»
2 топқа 6 сұрақтан беріледі, «иә, жоқ» деп жауап береді.
Әр сұрақ 100 ұпайдан есептелінеді.
І топқа
- сұрақ Иіскейтін тұз – ас тұзы. (жоқ, мүсәтір спирті)
- сұрақ Фосфордың сутекпен қосылысы – селен. (жоқ, фосфин)
- сұрақ Период бойынша атом радиусы солдан оңға қарай кемиді. (Иә)
- сұрақ Энергетикалық деңгейлер саны элементтер орналасқан топ нөміріне тең. (жоқ, период нөміріне)
- сұрақ Иондану энергиясы- бұл атомнан тиісті электрондарды жұлып алуға жұмсалатын энергия. (Иә)
- сұрақ Атомға бір электрон қосылғанда бөлінетін энергияны электронтартқыштық деп аталады. (Иә)
ІІ топқа
1 сұрақ
ЭЛЕКТРОЛИТТЕР – ЭЛЕКТР ТОҒЫН ӨТКІЗЕТІН ЗАТТАР. (иә)
2 –сұрақ Чемодан жасау ісінің шебері болған орыстың ұлы ғаламы М.В. Ломоносов. (жоқ. Д. И. Менделеев )
3-сұрақ Заттар электролиттер, бейэлектролиттер деп жіктеледі. (иә)
4 –сұрақ Электролиттікдиссоциациялану қайтымсыз процесс пе ? (жоқ, қайтымды)
5 –сұрақ Диссоциациялану дәрежесі 30 % -тен жоғары болатын электролиттер – орташа электролиттер (жоқ, күшті электролиттер)
6 –сұрақ Периодтық жүйеде бейметалдар оң жақ жоғары бөлігінде орналасқан ба? (иә)
ІІІ – кезең «Тапқыр әрі ұшқыр болсаңыз»
Дұрыс жауап берген топқа 500 ұпай беріледі
1 –топқа
Бұл химик кім? Бұл швед химигі, физикалық химияның негізін қалаушылардың бірі. 1887 жылы өзінің ғылыми зерттеуіне байланысты мынадай қорытындыға
келеді. Электролиттердің молекулалары суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырап электр зарядталған бөлшектерге ыдырайды. Электролиттік диссоциоция теориясын ашу құрметіне Нобель сыйлығын алған ғалым.
- Қосымша көмек: 1859 ж швед қаласы Упсалада дүниеге келген.
- Қосымша көмек Швед корольдік ғылым академиясының стипендиаты.
- Қосымша көмек ЭДТ –сын зерттеген ғалым.
ІҮ – кезең «Керемет алтылық»
«Керемет алтылық» бөлімінде екі топ кезектесіп ұяшықтарды таңдап, оның ішінде жасырылған кілт сөздері ашады. Сол кілт сөздерді оқи отырып, әр топ 100 -500 дейінгі өз ұпайларын тігеді. Егер дұрыс жауап берсе, сол тігілген ұпай саны топқа қосылады, ал егер дұрыс жауап бере алмаған жағдайда ұпай сандарынан сол шамада ұпай шегеріледі де сұраққа жауап беру мүмкіндігі келесі топқа өтеді..
Ү –кезең «Ой толғаныс»
Бұл кезеңдехимия тілінде айтылған мақал –мәтелді қазақша айту керек. Әр дұрыс жауап 100 ұпай.
- Арпа, бидай ас екен, аурум, аргентум тас екен.
(арпа, бйдай ас екен, алтын, күміс тас екен)
- Аурум шыққан жерді белден қаз. (алтын шыққан жерді белден қаз)
- Қойдың сүті – плюмбум (қойдың сүті қорғасын)
ҮІ кезең «Қызықты бес сұрақ»
Бұл кезеңде дұрыс жауап 100 ұпай
- Ол өте аңғал болған. Ол бірде жұмыртқа қайнатамын деп ойлап, қолындағы сағатын 3 минут қайнатып, қолына жұмыртқа ұстап тұрған. Ол кім? (Ампер)
- Александр Македонский Үндістанға сапары кезінде оның әскерлері іш ауруымен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны, тамағы бәрінің де бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған?
/Офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған, ал күмістің бактерицидтік қасиеті бар/
- Қазіргі кезде техникада және тұрмыста кең қолданылатын металл. ХІХ ғасырдың аяғында күмістен 300 есе қымбат болды. (алюминий)
- Дмитрий Иванович Менделеев отбасындағы нешінші бала? (17)
- Көз сұйықтығында кездесетін металл? (натрий)
ҮІІ кезең Қызықты эстафета
Ойыншылар ұпай санын тігеді. Тапсырма дұрыс орындалмаса ұпай саны шегеріледі. «Фархат — Ақмарал» есімдерінің әрбір әрпінен басталатынэлементтердің аттарын тауып, периодтық кестеден көрсетеміз.
Мысалы ф а р ха т
т л а а р е
о т д с г р
р ы о с о б
н н и н и
й й
ҮІІІ. Тұлғалар
1.Химияның негізін қалаушы, периодық заңды және периодтық жүйесін ашқан, «Химия негіздері» оқулығын жазған ұлы орыс ғалымы. (Менделеев)
- 1913 ж. атом құрлысының бірінші кванттық теориясын ұсынған ғалым. (Нильс Бор)
- Қышқылдық –негіздік әрекеттесудің жаңа теориясын ұсынған кеңес химигі. (Усанович)
- Фтор мен хлордан кейінгі белсенді галоген – бром, оны 1826 ж француз оқымыстысы ашқан, ол кім? (Ж. Балар)
- Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі барлық химиялық элементтердің Қазақстан жерінде кездесетінін айтқан ғалым, академик, ол кім ? (Қ. Сәтбаев)
ІХ. Қорытынды
Жарқырап күн көзінде болашағы
Химия қиындықпен таласады
Химия ырыс -құты көкке шырқай
Ертеңгі болашаққа жол ашады.
Сайыс қорытындысын әділ –қазылар алқасынан күтеміз. Жеңімпаздарды марапаттау.
Келесі кездескенше сау болыңдар.