ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің
химия пәні мұғалімі, 8 — сынып сынып жетекшісі
Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
Тақырыбы: Кемеңгер елбасы ырыс елімнің
Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет – қадірін тұлғалық тұғырын , елбасымыздың өмір жолы, ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.
а) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәдесыйлықтар, әнұран, т.б.
Көрнекілігі: слайдтар, буклеттер, кітаптар жинағы
Сабақтың барысы: І бөлім «Елбасының балалық шағы және отбасы»
ІІ бөлім «Сандар сыр шертеді»
ІІІ бөлім Елбасының өркениетті тәуелсіз мемлекет құрудағы ерен еңбектері
ІҮ бөлім Елбасының жүрек жарды жан тебіреністері
Ү бөлім Қорытынды
Мұғалім:
-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкінг емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
1 –жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары!
1- желтоқсан — «Президент күні» мерекесіне арналған «: Кемеңгер елбасы ырыс елімнің».атты тәрбие сағатымызды елбасының сөзі жазылған әнұранмен бастасақ.
2- жүргізуші: Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Елбасы туралы білгенімізді ортаға салайық.
Ақиқат – тіліп түсер алмасымыз,
Тәуелсіздік жалғасқан жалғасымыз
Халқымыз бір ауыздан қолдайтұғын,
Нұрсұлтан Назарбаев – Елбасымыз!
1 –желтоқсан ҚР – ның Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!
2 – жүргізуші: Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр. Тәуелсіздігіміздің арқасында көгімізде туымыз, төрімізде елтаңбамыз, аспанда әнұранымыз мәңгі қалықтасын:
Оқушылар, ендеше елбасымыздың «Балалық шағы және отбасы» бөліміне кезек берейік.
Рауан: : Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданында қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген. Жанұяда 4 ағайынды. Олар Болат, Сатыбалды, Әнипа
Әзиза: Әкесі Әбіш – кеңпейіл, мейірімді, еңбекқор, көпшіл, бау – бақша өсірудің білгірі болған. Ал анасы Әлжан мінезі ақжарқын, күліп әзілдеп отырғанды ұнататын, бірақ ашу келсе бет қаратпайтын, қолы ашық, көрші қолаңнан ештеңесін аямайтын жан еді.
Толик: Нұр атам менің намысын отқа қайраған
Күндіз де түнде халқының қамын ойлаған
Алладан тілеп атаң мен анаң жылаған
Райымбек бабам басына түнеп сұраған
Ұл едің, ата ұлтының туған бағы үшін
Болмас да сәби сеземін бәрін қуанам
Сен пәксің, ата кіршіксіз жансың күнәдан.
Еркежан: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоясың,
Жастықтың жалын шақтарымен бірге айтып әндерін,
Қазақстанның бақтарымен бірге жапырақ жаясың.
1 -жүргізуші: Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен.Ол Қаскелең қаласындағы абай орта мектебін бітірген.Мектепте озат үлгілі оқушы болыпты. Мектепті күміс медальға бітірді. Нұрсұлтанның алғашқы ұстазы Тәкура Алғадайқызы Ысмайылова еді.
2 –жүргізуші: Жұбайы Сара. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің 3 қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады, Әлия – «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Ән: «Үшқоңырым»
1 – жүргізуші: Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу МУ – нің құрметті профессоры. 1960 – 1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969 – 1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия – комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
2–жүргізуші: 1973 – 1977 жылдары Қарағанды меткомбинатының партком хатшысы, 1977 – 1979 жылдары Қарағанды облыстық партия комитетінің 2 хатшысы,
1979 – 1984 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы болып қызмет атқарған.
1984 — 1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989 жылы Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1 – жүргізуші:1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қаз – н Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.
1999 ж 10 қаңтарында өткен жалпы халықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, ҚР – ң Президенті болып қайта сайланды.
2005 жыл Ел президентінің сайлауы өтті . 4 кандидаттың қатысуымен баламалы негізде өткен сайлауда Қазақстан халқының басым көпшілігі Н. Назарбаевқа дауыс берді. Бұл жолы сайлауда қатысқандардың 91,5 % дауысын жинап 7 жылға президенттік лауазымға сайланды.
- 2011 жылы 3 – сәуірде Елбасы Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
2 –жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Нұрболат: Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндік, бауырлар
Басшымыздың бүгін Президент күні деп
Аяулым: Әнге толсын барлық қала, ауылдар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының Президент күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Бекжан: Ел аузында аты қалған елбасы,
Жаса мәңгі, жаса мәңгі Нұр аға!
Қалады дәл осы күн ел жадында
Қане, қалқам тек қана алға адымда
Қазақ жұрты жасай берер мәңгілік
Нұрсұлтандай азаматы барында
Ән: «Өз елім »
1 – жүргізуші:
«Сандар сыр шертеді»
- 1991 жылы 29 – тамызда Семей полигоны жабылды.
- 1991 жылы 16 — желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.
- 1991 жылы 2 – қазанда қазақ ғарышкері, Т.О. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
- 1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
- 1992 жылы 2 – наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.
- 1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
- 1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.
- 1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді.
- 1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.
- 1997 жылы 10 – қазанда Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
- 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды.
- 2003 – 2005 жылдар ауыл жылы болды.
- 2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы, Ресейде Абай жылы болып жарияланды.
- 2007 жыл Дінмұхамет Қонаев жылы болып жарияланды.
- 2008 жылы Қазақстандағы Украина жылы болды.
- 2008 жыл Шығыс Қазақстанның экология жылы болып жарияланды.
- 2009 жыл Ана мен Бала жылы болып жарияланды.
- 2009 жыл Германиядағы Қазақстан жылы болды.
- 2010 жыл Жас жеткіншектердің даму жылы болып жарияланды.
- 2011 жылы 3 – сәуірде Елбасы Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
- 2011 жылдың 16-желтоқсаны Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойы тойланады.
- 2012 жылдың 1-2 желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтті.
- — 2013 жылдың Парижде Халықаралық көрмелер бюросына мүше мемлекеттердің басым көпшілігінің дауысымен 2017 жылы Қазақстанда «ЭКСПО -2017» көрмесі өтетін болды.
2 – жүргізуші:Елбасының өркениетті тәуелсіз мемлекет құрудағы ерен еңбектері
Елбасының Қазақстан халқына жолдаулары:
1997 жыл 10 қазан «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы ұсынылды.
2006 жыл 1-наурыз – «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстанның бәсекеге барынша 50 елдің қатарына кіру стратегиясы;
2007 жыл 28 ақпан — «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»;
2008 жыл 23 ақпан – «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»;
2010 жыл 30 қаңтар – «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»;
2011 жыл 29 қаңтар – «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»;
- жыл 2 ақпан – «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»;
2013 жыл ақпанда — «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Ән: «Қазақ елі»
Сөз жұмбақ
- Е Еңбек жолын қай қаладан бастады? (Теміртау)
- Л Анасының есімі (Әлжан)
- Б Елбасымыз оқыған мектептің аты (абай атындағы қазақ мектебі)
- А Нұрсұлтанның алғашқы ұстазының есімі (Тәкура)
- 5. С Жұбайы Сара ең бірінші қандай қызмет істеген? (сылақшы)
- Ы 2003 – 2005 жылдары қалай аталды?. (ауыл)
Елбасының жүрек жарды жан тебіреністері
1) “Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойда қуат, ойда нәр – бәрін
аянбай сарп етуге пейілмін!”
2) “Қандай қасіретке қабырғасы қайысса да қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен бас иемін!”
1) “Жасыратыны жоқ, кейде мен іштей ойланамын, түн ұйқымды төрт бөліп ұйықтамай шығатын түндерімде болады. Сондағы бар ойлайтыным – елімнің, жерімнің тағдыры, ертеңгі болашағы .мұным кейбіреулерге жаттандылау болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл – менің имандай шыным.”
2) «Осы елдің Президенті ретінде де, осы ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім көңілімнің төрінде тұратыны – туған халқым!»
Елбасымыздың қандай ғылыми атақтары мен лауазымдарын білеміз?
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
«Аукцион» ойынын ойнайық.
Аукцион деген – бір затқа бірнеше адамның таласуы. Мен сатамын ал сендер оны білімдерімен сатып аласыңдар, яғни сұрақтардың жауаптарын табасыңдар.
- Н.Ә. Назарбаев кім? Ол қашан, қай жерде туды?
- біздің еліміз қашан тәуелсіздігін алды?
- Елбасымыз бос уақытында не істегенді ұнатады?
Ән: « Атамекен»