Батыс Қазақстан обылысы
Жаңақала ауданы
Сарыкөл ауылы
Бактыгалиева Улболсын Бактыгалиевна
Абай атындағы негізгі орта білім беретін мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту
Сабақтың мақсаты:
А) оқушыларға рационал сандарды көбейтуді меңгерту, алған білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.
Ә) Оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықты өз пікірлерін айта білу дағдысын, математика тілінің мәдениетін дамыту.
Б) Оқушыларды ұқыптылыққы, тазалыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, есептер шығару, түсіндіру
Көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: (Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Рационал сандарды қосу және азайтуға» мысалдар жазып кету
«Сен-маған, мен-саған» ойыны
ІІІ. Жаңа сабақ
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісінің мәні теріс сан:
(-)*(+) (-) (+)*(-) (-) а*(-в)-ав
мысалы: 7*(-3)=-21
Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі оң сан
–а*(-в)=ав
мысалы: (-13)*(-3)=39
Көбейтінділердің саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң болады.
(-3)*(-2)*(-4)*(-5)120
Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтінді теріс сан болады.
(-3)*( -5) *(-4)=-60
Егер көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады.
а*0=0 а-рационал сан
Оқулықпен жұмыс
№522 №523 №524 №525
Сергіту сәті
«Миға шабуыл»
1 минутта 20 есеп шығару оқушылардың логикалық қабілетін дамыту
-5+7= +120-150 = 800-900=
8-15= 49-9= 500+(-300)=
-7-3= 73-83= -27+7 =
-20+15= -65-20= 56-66=
-50+60= -90+100= -79+9=
+70-40= 77-87= -99-1=
45+(-45)= -88-8=
Бекіту бөлімі: «Тест жұмысы»
1/ -30*(-2) =
а)-60 в)60 с)300
2/ 5*(-2) =
а) 10 в)-10 с)20
3/ -7*(-3)=
а) 10 в)-21 с)21
4/ -90*0=
а)-90 в)0 с)90
5/0,6*(-0,3)=
а)-0,18 в)18 с)0,18
Жауаптары: 1в,2в,3с,4в,5а,
«Қызықты сұрақтар»
50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек?
Үстелде 3 станкан сүт тұр еді. Әсел 1 стакандағы сүтті ішіп, стаканды үстелге қайта қойды. Үстелдің үстінде неше стакан қалды?
Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын екі таңбалы сандарды ата;
Кит 250000 кг Ол неше тонна?
Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар не деп аталады?
Қорытынды:
Сабақ барысында берілген мәліметтерді тиянақтау, жүйелеу
Үйге тапсырма: №526, №527
Оқушыларды бағалау