Басы » Бастауыш сыныптар » Тіл және сөйлеу

Тіл және сөйлеу

Көкшетау қаласы

№18 орта мектеп мұғалім: Баяганова Турсын Исимовна

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.

Сабақтың мақсаты:       Білімділік: Адамдардың бір-бірімен қарым-

қатынас  жасауында сөйлеудің  манызын,

сөйлеудің тіл  арқылы жүзеге асатынын ұғындыру;

Дамытушылық: Сөйлеу арқылы көп нәрсені

білетіндігін түсіну;

Тәрбиелік: Дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс.

 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, жинақтау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, бағалау, өзің-өзі басқару.

 

Сабақтың көрнекілігі: Адамның сөйлеу, жазу арқылы хабарлар беру көрінісін бейнелейтін суреттер, хабар тарату құралдары.

 

Пәнаралық байланыс: ана тілі.

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру:

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын,

Біздің алар бағамыз

Кілен бестік болсын!

 

Үй тапсырмасын тексеру: Тест жұмыстарын ұйымдастыру арқылы білім деңгейлерін тексеріп шығу.

 

Жаңа сабақ:

Адамдарға сөйлеу не үшін қажет қалай ойлайсындар?

  • Балалар ерте заманда адамдар өз ойларын бір-біріне жеткізу, түсіндіру үшін әр түрлі іс-қимылдармен қолданған, немесе тастарға сурет салған ( кітаптан тастарға салынған суреттерді көрсету) , әр түрлі жалаушалар, белгілер пайдаланған. Уақыт өте еңбек арқылы ойлары дамып, тілдері де дами бастады. Біздің тіліміз қандай? Дүние жүзінде халық та көп, тіл де көп. қазақ ұлтының тілі, қазақ тілі.
  • Қазақ тілі- көркем, сұлу да бай тіл.

 

1- жаттығу суретке қарап, адамдар сөйлеуді қай кезде қолданатының көрейік.

  • 2 бала диалог жасайды.
  • Қыз хат жазып отыр ( не туралы жазғаның сұрау)
  • Мақта қызбен мысық ертегісін көрсету.
  • Ойнау, білу
  • Ауызша хабарлау сабақты айтып жатыр
  • Үлкен кісі кеңес беріп отыр.( қандай кеңес беріп отыр қалай ойлайсындар?)

 

26 бетті ашып ережеге назар аударайық.

Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тілдің көмегемен адамдар қоршаған орта туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біледі. Олар оқиды, ойланады, өз ойларын ортаға салады, білгенін айтады, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.

 

2- жаттығу. Біздің отанымыз қандай? Әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретен қандай белгілері болады? Ел басымыз кім? Бас қаламыз қалай аталады?  Ендеше 2 жаттығуға назар аударайық.. Мәтінді оқытып, мазмұның сұрау. Отан, тіл туралы білетін өлеңдермен, мақал-мәтелдерді сұрау.

 

Әр адамның өзі Отаны бар. Отан- сенің туып- өскен жерің, елің.

Сенің Отаның –Қазақстан. Ол- жер бетіндегі үлкен мемлекеттің бірі. Еліміз өзінің бай табиғатымен мақтанаалады. Онда биік таулар, көлдер, өзендер, ормандар бар. Жер қойнауында қазба байлықтардың түрі көп. бірақ еліміздің ең басты байлығы- оның адамдары.

 

3-жаттығу. Тақтаға ілінген сөздерді мұқият естеріне сақтап алу, есте сақтап дәптеріне көшіру. Бас әріппен қандай сөздер жазылады? Бірнеше сөзбен сөйлем құрастыру.

 

Отан, туған жер, тау, көл, Көкшетау, елбасы, Астана, Қазақстан, әнұран, ту.

 

 

Сергіту сәті

«Еуропадағы қалашық»

Ежелгі Еуропада бір көне қалашық бар екен. Сол қалашықтың өзге тән талабы бар, сол талапты күнде тал түсте осы қаланың тұрғындары алаңға шығып сол талапты орындайды.

  1. Қолдарын қысып амандасады
  2. Көздермен бір-біріне қарайды
  3. Құлақтарынан тартады
  4. Арқаларымен үйкелеседі
  5. Бір-бірімен құшақтасады.

 

4- жаттығу  Мәтінді оқыту әр балаға 1 сөйлемнен, мазмұнын сұрау, тілдің көмегінсіз өз ойынды білдіре аласынба. Аналарың айтқан бесік жырын есімізге түсірейікші, «Бесік жырын» 1 балаға айтқызу. Соңғы сөйлемді дәптерге көшірту.

 

Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Бұл тіл саған өмірге келген күніңнен таныс. Анаң саған арнап осы тілде бесік жырын айтты.

Біздің тіліміз — өте бай тіл. Сен өз тіліңді құрметтеуге міндеттісің. Ана тіліне ұқыпсыз қарау – мәдениетсіздіктің белгісі.

 

5- жаттығу. Өлеңді дәптерге көшіріп жазғызу.Мәнерлеп оқыту.

 

Бар балғын, жас түлекті

Ана өсірді, түлетті.

Ана тілін үйретіп,

Әр жүрекке гүл екті.

 

Сабақты қорытындылау:  Адамдарға сөйлеу не үшін қажет? Өз ойларын білдіру үшін , қарым қатынас жасау үшін, көптеген қызықты нәрселерді білу үшін. Сюжетті суреттерге қарау. Балаларды бағалау.

Үйге 5 жаттығу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *