Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауылы №3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің сызу,бейнелеу өнері және технология пәнінің жоғары санатты, 1 деңгейде сертификатталған мұғалім: Бесбаева Гулсайра Кенжебайқызы.
Пән: Бейнелеу өнері
6 «ә»сынып |
Күні: 22.01.2015. |
Тақырыбы: | Құстар әлеміне саяхат |
Мақсаты: | Құстарды суретке салуды үйрену арқылы, құстар жайлы мағлұматтар жинақтайды. |
Күтілетін нәтиже: | А)Құстар жайлы мағлұмат аладыӘ)Құстарды бейнелеп салуды үйренеді
В) Алған білімдерін өмірмен байланыстыру арқылы сөздік қорлары Дамиды, құстарды қорғау керектігін түсініп, біледі. |
Керекті жабдықтар: | Оқулық, нұсқаулық, ресурс парақтары, жұмыс дәптері,топшамалар, маркер. А3 форматы. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе | Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. Тренинг: «Құстар бағына саяхат»(Сынып оқушыларына төрт түрлі құстың бейнесін жасау арқылы көркемдейді.
Мыс: тотықұс, қыран бүркіт, аққу, бұлбұл. Әке мен бала саябаққа шығады, әкесінен баласы мынау қандай құс?-деп сұрағанда әкесі қай құсты атаса, оқушылар әкесінің айтқан құсын, лезде бейнелеуі керек. Осы әдіс арқылы, құстарды бейнелеу кездейсоқ болу керек) 5 минут. Оқушыларды топқа бөлу. Көк туымда «Қыран бүркіт» бейнесі. «Аққу» құсы, сұлулықтың келбеті, «қара торғай» бау-бақшамды қорғайды «Бұлбұл» әнмен, тербетеді жер бетін. (өлеңдегі құстар атаулары бойынша топқа бөлінеді) 1-топ: «Қыран бүркіт», 2-топ: «Аққу», 3-топ: «Қара торғай», 4-топ: «Бұлбұл». Оқушыларға «Құстар» тақырыбын ашуға бағытталған тапсырма беріледі. Сұрақтар: 1.Құстар немен тіршілік етеді?
Сыни тұрғыдан ойлануға бағытталған сұрақтар: Құстардың пайдасы мен зияны қандай? Тақтаға сызбалау арқылы екі жақты тақырыпты ашып көрсету. Ойларын дәлелдеу. 5-7мин |
Мұғаліммен амандасады.Топтарға бөлінеді.
1-топ: «Қыран бүркіт», 2-топ: «Аққу», 3-топ: «Қара торғай», 4-топ: «Бұлбұл». Топ мүшелері сұрақтардың жауабын айтады. Топ мүшелері ұтымды , дәлелді жауапты таңдап, баға береді өз ойларын білдіреді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тұсаукесер | Интербелсенті тақтаға «Қазақстандағы құстар» тақырыбына бейнежазба көрсетіледі. | Бейнежазбадағы құстар жайлы мағлұматтармен танысады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім | «Табиғаттағы құстар» тақырыбына сурет салуға тапсырма беріледі.Түрлі-түсті бояуларды қолдану арқылы, тапсырманы орындайды. Тапсырма оқушылардың қиялынан орындалады.
Оқулық, сулы бояу, фламастер,,А3форматымен жұмыс.
|
Суретке салу арқылы жұмысты орындайды.Берілген тапсырманы топта талдау арқылы дұрыс суретке салады.
Оқушылар бір-біріне түсіндіреді, топта талдайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды | Берілген тапсырмаларға қарай әр топ өзтапсырмаларын басқа топқа бағалауға береді.Жұмыстың қатесі мен дұрысын топтар тексеру арқылы, бағалар қояды.
Топта «дарынды» балалар өз ойларын өлең жолдарымен жеткізуге мүмкіндік жасау.
2.Топтар енді жұмыстарын критерий арқылы бағалайды:
9-8- «5» 7-6- «4» 5-4- «3» 3-1 – «2» Ән айту:. «Құстар қайтып барады» |
Оқушылар тапсырманы орындап, топта талдайды,зерттейді, топтан бір оқушы тапсырманы қорғайды.
(Тапсырманы қорғауда ребус, крассворд, өлең жолдарын қолдана алады)
Критерий арқылы бағалауға қойған бағаларының айырмашылықтарын топта талдайды, өз ойларын дәлелдейді
Сынып гитара әуенімен ән айтады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма
Рефлексия: |
Тапсырма:« Менің өңірімдегі қызыл кітапқа енген құстар»
Тақырыбына эссе жазу. Өзін-өзі бағалау. Кесте толтыру. Нені білемін? Нені білдім Нені білгім келеді? |
Үйге тапсырманы күнделікке жазады.
Рефлексия жазады. |
Сабақтан кейінгі, тәжірибемді бөлісуге арналған рефлексия
Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,
Ол жаңадан жаңаны табатын өнер.
Жүсіпбек Аймауытов.
Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнән жойған емес. Қазіргі заман талабы-озық ойлы, білімдар адамдар заманы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2011ж енгізілген НЗМ ДБҰ мен Ұлыбританияның Кембридж университеті Білім факультетімен бірлескен бағдарламасының ұстаз қауымы үшін ықпалы мол, мен сол бағдарлама аясында өз біліктілігімді арттырып, сертификат алдым.29.12.2015жыл.
Алған білімімді мектептегі түбегейлі өзгерістерге салып ,тәжірибеммен бөлісу ұстаздық жауапкершілігім деп түсінемін. Мектептегі іс-тәжірибемді зерттеу барысында сауалнамалар нәтижесі арқылы мектепке «топтық жұмыс пен оқыту үшін бағалау» ды енгізу қажеттілігі жайында басымдықтар анықталып, осы бағытта жұмыстандым. Кейін де, өз жалғасын тапты. Бұл өзгеріс, атап айтқанда , білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топтық жұмысты жетілдіру, оқытуды бағалау , АКТ-ны қолдану, дарынды балалармен жұмыс, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, білім беруді басқару және көшбасшылық деген модульдерді жүзеге асыруға бағытталған жұмыс жоспарымды құрудан бастадым.Әрине оқушыларды бірден үйреу маған аса қиын болған жоқ, себебі менің пәнім шығармашылыққа, еркін ойлауға, дарынды балалармен жұмыс жасауға ерекше шабыт беретін сабақ.
Оқушының қабылдау ерекшеліктерін, оқуға деген қызығушылығын, қалай жақсартуға болады? оқушыларының сөздік қорын кеңейтіп, өз ойларын ашық, нақты айту қабілеттерін қалай дамытуға болады? Бұл сұрақтың жауабын сабақ беру әдісіме жаңаша өзгеріс енгізу арқылы шеше аламын деп өзімді сендірдім.
Осы орайда 5-ші сынып оқушыларына «Құстар әлеміне саяхат» тақырыбында өткен сабақты әріптестермен бөліскім келеді.
Мақсаты: Құстарды суретке салуды үйрену арқылы, құстар жайлы мағлұматтар жинақтайды.
Күтілетін нәтиже: А)Құстар жайлы мағлұмат алады. Ә)Құстарды бейнелеп салуды үйренеді.В) Алған білімдерін өмірмен байланыстыру арқылы сөздік қорлары дамиды, құстарды қорғау керектігін түсініп, біледі.
Сабақты ойын түрінде өтетін жаттығулардан бастадым. «Құстар бағына саяхат» ойыны арқылы балалар өздерінің актерлік шеберліктерін, бір-бірімен қарым -қатынаста өз ойларын ашық жеткізе алды.Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін интербелсенді тақтадан «Ғажайып құстар» тақырыбында бейнежазба көрсетіп, Құстардың пайдасы мен зияны,?Сирек кездесетін құстар қандай? Үй құстарының айырмашылығы? Құстардың әдемі дауысын қалай саламыз? Құстарға қандай қамқорлық көрсетеміз? -деген сұрақтарды қою арқылы тақтаға кесте сыздым. Сауалдарға сынып оқушылары сыни ойлау арқылы, тақырыпты «керемет» етіп ашып көрсетті. Әрі қарай балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, топтық жұмыстар мен постер беру арқылы, олардың дене қозғалысы, қол қозғалысы арқылы бейнеленген суреттеріндегі ерекшеліктер дарынды балалардың жұмысын көруге мүмкіндік берді.
Жақсы көңіл -күй шабыт береді, сабақтың тиімді өтуіне ықпал ететін ол ынтымақтастық ортаны қалыптастыру. Топтық жұмысты бақылау арқылы оқушылардың өз топтарында әр оқушы түрлі тапсырмаларды ауыстырып орындау арқылы өз мүмкіндіктерін көрсетуге -деген ұмтылыстарын байқадым. Топтық жұмысты қорғау кезінде жағдай мен күткеннен де ерекше болды. Оқушылардың постер қорғаудағы тақырыпқа сай құрған өлең жолдары, крассворд, ребустар көшбасшылық белсенділіктерімен бірге дарындылықтың қабілетін анықтауға мүмкіндік берді. Өз жұмыстарын қорғаған сәтте , әрине әр топ мүшесі сыныптастары мен мұғалімнің бағалауын күтетіні белгілі. Алайда оқушылар өз бағаларына алдын-ала болжам жасай алады. Себебі алғаш күннен мен оларға геометриялық топшама, бағдаршам, қол шапалақтау, смайлик арқылы бағалауды үйреткен едім. Критерий арқылы бағалауды өздеріне бағыттау арқылы үйретіп жүрмін . Бүгінгі сабақты бағалауда топтарға мынандай бағалау парақшасын ұсындым. Бағалау парақшасы топ мүшелерінің жұмыс жасаудағы белсенділіктерін оятады, жауапкершіліктерін арттырады, себебі әр оқушы өз есімдерін атағанда « өте жақсы» баға алуға ұмтылыстарын байқатты.
Пән————— Сынып—————
Топтың аты——————-
Топтардың бірін-бірі бағалауы.
Критерийлер | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
№ | Оқушыныңаты-жөні | ||||||
1 | Топ мүшелерінің белсенділігі | ||||||
2 | Мазмұнының ашылуы | ||||||
3 | Эстетикалық талғамға сай болуы | ||||||
4 | Уақытқа сыйуы | ||||||
5 | Түйінді ой айтуы |
Қорыта келгенде оқушылардың іс-әрекетіне талдау жасап, баға беріп, кемшіліктер мен жетістіктерді анықтауы нәтижесінде олардың өз кемшіліктерін жоюға, жаңа жетістіктерге жетуге , іскерлік қарым-қатынасты жақсартуға деген ынта ықыласын арттырады.Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
Қазір оқытуда мен өзімді сүйікті ұстаз, шебер ұйымдастырушы, ретінде сезінемін.
Менің ұстаздық жолдағы еңбегім шәкірттеріммен ғана бағаланады деген қорытындыға тоқталамын.