Алматы облысы
Алакөл ауданы
Ұшбұлақ ауылы
Безродных атындағы орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі
Сагандыкова Самал Бақытқызы
Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға отбасы турал түсініктерін кенейту.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындар
Көрнекілігі:Мақал — мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты сабаққа әзірлеу. Назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Отырамыз тып – тыныш .
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз
Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
— «Жануарлар әлемін қорғау» мәтіні бойынша мазмұнын айту.
Тест
- Жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар. Сүтқоректілер деп —
а) жануарлар дүниесін;
ә) жануарлардың аттарын;
б) жануарлардың көп түрлігін;
в) жануарлар класын айтады.
- Жәндіктердің 3 белгісі:
а) қанаты, 6 аяғы, мұртшасы
ә) аяғы, тырнағы, қанаты;
б) 3 бөлікті денесі, тырнағы қанаты;
в) тырнағы, 6 бөлікті денесі; 6 аяғы.
- Қызыл кітапқа:
а) құстың 29 түрі;
б) 56 құс;
ә) құстың 56 түрі;
в) барлық құстар енгізілген.
- Балықтар … тыныстайды.
а) өкпесімен;
ә) қанатымен;
б) желбезегімен;
в) торсылдағымен.
- Тіршілік ортасы деп –
а) тіршілікке қолайлы ортаны;
ә) тұрғызылған қоныс мекенді;
б) бейімделіп мекен етуді;
в) орналасу ерекшелігін айтады.
ІV Сөзжұмбақ шеш
1.Қой дегенде бар, лақ дегенде жоқ,
Ойда бар, бақта жоқ
2.Рәміздердің бірі
- Еңбек құралы
4.Ең жақын адам
- Уақытты немен білеміз?
6.Ырыс алды-
V . Жұмбақ шешу
Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұртың,
Айтады кәне кім атын?
VІ. Суретпен жұмыс.
Отбасы мүшелері
VІІ.Оқулықпнен жұмыс
а) Мәтінді мұғалім оқуы, түсіндіру.
б) Оқушыларға тізбектей оқыту.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет — ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер — кішіге ақылшы, кішіге — көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата — анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 — бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
— Ата, балалар тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бата береді.
VIІІ. Сергіту сәті.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз,
Бас бармағым — әкем,
Балан үйрек – шешем,
Ортан терек – ағам
Шылдыр-шүмек – мен
Кішкентай бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
ІХ.« Менің отбасым” ойыны
Көрсек мәз боп қаламыз,
Сыйлап, тілін аламыз.
Бәрімізді сүйетін,
Ол кім?
Біздің ….
Аймалайды күнім деп
Мейірімді жүзі күлімдеп
Тәтті-ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп
Ол кім?
Айтары мол ғұлама
Көп жасаған бұл адам
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім?
Онсыз болмас жолымыз,
Сыйлап құрмет етеміз.
Тілін алсақ оның біз,
Зор мақсатқа жетеміз.
Ол кім?
Біздің …
Айналайын інім! — деп,
Аймалайтын күні көп.
Келгенінше шамамыз,
Сыйлап тілін аламыз.
Ол кім?
Х. «Жалғасын тап ” ойыны
1.Атаға қарап-…
Анаға қарап-…
2.Ананың көңілі балада,…
3.Ата-ананың қадірін …
4.Атаның баласы болма …
5.Баланың жақсысы қызы….. …
6.Ұядан не көрсе,…
ХІ. Дәптермен жұмыс.
— Балалар, « Менің отбасым» немесе сурет бойынша эссе жазыңдар.
-Не тәтті ? Ананың сүті
— Не жұмсақ ? Ананың қолы
— Кім жақын ? Тату болса ағайын жақын,
Бауырмал болса, інің жақын
- Не қымбат ? Алтын ұяң Отаның қымбат,
Құт – береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
ХІІ. Сұрақтар қою
Отбасына кімдер енеді?
Неке деген не?
Конституцияда отбасы туралы не айтылған?
ХІІІ.Қорытынды.
Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін — бірі жақсы көреді және қамқор болады.
Ата — ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық,
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
ХІV. Бағалау.
— Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.
ХV. Үйге тапсырма:
1. «Отбасының берекесі» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
2. Отбасына байланысты мақал — мәтелдер, нақыл сөздер жаттау.
3. Мәтін бойынша сурет салып келу.