Сабақтың тақырыбы: Қызықы математика.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Өзін — өзі бақылауға, өзбетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ой — өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақстанның болашағына деген сенімін және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап
Түрі: зергерлік сайыс
Көрнекілігі: «саяхат картасы» , жалаушалар, сөз жұмбақ, жалаушалар, топ аттары, жасырын силық, кеспе сандар, т.б.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
— Балалар, бүгінгі математика сабағымызды бастайық. Керекті оқу-құралдарыңды түгендеп, дайындап қойыңдар. Қолдарыңды алдарыңа қойып, түзу отырыңдар.
- II. Жаңа сабақ.
— Балалар, біз бүгін «Математика еліне» саяхат жасаймыз. Саяхатта қазына іздейміз. Қазынаны «Саяхат картасы » арқылы іздейтін боламыз. Картада әр түрлі аялдамалар бар. Әр аялдамаға тоқтап, тапсырмалар орындаймыз. Әр тапсырма орындаған сайын мына жасырын силықты ашып отырамыз. Ең соңында жасырылған не қазына екенін білетін боламыз.
— Бұл қазынаға тез жету үшін сендер 2 топқа бөлініп, сайысқа түсесіңдер. Әр топтың аты, түсі бар. Орындалған тапсырмаларға жалаушалар беріп отырамын.
1- топтың аты — » Білім»
2-тотың аты — «Ғылым»
1-аялдама — » Сандардың көршілерін ата» деп аталады.
Бұндағы тапсырмаларды оқушылар сандардың көршілерін атаулары керек. қай топ тапсыраманы бірінші орындайды, сол топқа жалауша беріледі.
2 4 3 5 7
2-аялдама — «Сандарды салыстыру» деп аталады.
Бұл тапсырмада екі топқа әр түрлі сандар салыстыруға беріліп, тақтада орындайды. Қай топтың өкілі дұрыс әрі тез орындаса хатқалтадағы жалаушаға ие болады.
3 * 4 2 * 4
5 * 8 6 * 8
2+3 * 4 4+1 * 6
2+1 * 1+2 4+1 * 1+4
3- аялдама — «Фигураларды ата және кесінді сал» деп аталады.
Бұл тапсырмада екі топттан шыққан өкілдер берілген фигураларды атайды сосын 7 см, 8см болатын кесіндіні тақтада салады. қай оқушы бірінші салады сол оқушы жалаушаға ие болады.
4- аялдама — » Өрнектің мәнін тап»
Бұл тапсырмада хатқалтада кәмпит жасырылады. Кәмпиттерде өрнектер болады.
1+5 3+1
3+4 6+2
6-1 7-3
7-2 6-5
III. Сергіту сәтін өткізу.
5-аялдама — » Сандар құрамын анықта» деп аталады.
Бұл тапсырмада балалар 5 және 7 сандарының құрамын анықтайды.
5 |
1
2 3 |
6 |
2
3 4 |
6 — аялдама — » Өрнек құрастыр» деп аталады.
Бұл тапсырмада екі топтан шыққан бала тақтаға сурет бойынша өрнек құрастырады.
7 — аялдама — «Сөз жұмбақ».
Бұл тапсырмада сөз жұмбақ екі топқа бірдей оқылады. қай топтың баласы бірінші табады сол топ жалаушаға ие болады.
Бесбайда бар бес іні,
Естайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Неше болады шешуі?
( 5+2=7)
Бестен төртті алайық,
Қанша қалады қарайық.
Қарайық та , санайық,
Санайықта, табайық. ( 5-4=1)
8- аялдама — «Топтық жұмыс»
Балалар бұл тапсырманы бірге орындайды.
Қай топ бірінші болады, сол топқа жалауша беріледі.
- IV. Бекіту.
Жеңген топты мадақтау. Қораптың ішін ашады. Жасырылған сыйлығымыз өзіміздің туған тіліміз ана тіліміз екен. Ең қымбат өмірдегі сыйлығымыз өз тіліміз. Тілімізді қастерлеп, сыйлауымыз қажет.
- V. Қортындылап, бағалау.