Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Жабайы аңдар әлеміне саяхат

Жабайы аңдар әлеміне саяхат

Жамбыл облысы, Қордай  ауданы, Гвардейский  қалашығы №43  Б. Момышұлы  атындағы орта мектебі, орыс  сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі

Умбеталиева Ляззат  Атарбаевна

  «Жабайы  аңдар  әлеміне саяхат»

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың  жануарлар  туралы  білімдерін кеңейту. Жануарлар туралы  ой шақыруды тірек  ете  отырып, монологиялық  әңгімелеу дағдысын қалыптастыру. Сын  есімнің  шырай  түрлерін сөйлеу  тілінде дұрыс  қолдана  білуге  баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың  коммуникативтік  дағдысын қалыптастыру. Тыңдаған  мәтінге  жоспар құра  білуге  үйрету. Логикалық ой- өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жануарларға  қамқор болуға  және  оларды қорғауға  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  аралас, саяхат, нәтиже.

Сабақтың әдісі:  сұрақ- жауап, түсіндірмелі, шығармашылық, іздену,  суретпен жұмыс, ойын, сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  элементтері.

Сабақтың  көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар,  плакаттар.

Пәнаралық  байланыс: жануартану,  география.

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а/ Кезекшімен  диалог.

  • Сыныпта кім кезекші?
  • Сыныпта кім жоқ?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Ақпанның нешесі?
  • Бүгін ауа райы  қандай?
  • ——————————

б/ Фонетикалық шынықтыру.

«Ақпан « өлеңін хормен  айтып, сабаққа психологиялық  дайындық.

/Сыныпқа  саяхатшы  кіреді. Көзде  көзілдірік, қолында  үлкен жол  сумкасы./

  • Сәлеметсіздер ме, Қазақстанның тұрғындары! Мен қазақ  елі  туралы  көп  білгім  келеді.Сендер  мені өз  елдеріңмен  таныстырасыңдар ма?
  • Сәлеметсіз бе , саяхатшы ! Төрлетіңіз.!

в/ Монолог, диалогтық  жұмыс.

Ал, балалар, тақтадағы  суреттерге назар  аударайық.

  • Бұнда не бейнеленген? / табиғат көрінісі/. Ендеше, қонағымызды еліміздің  табиғаты, жануарлар  әлемімен  таныстырайық.
  • Суретте қандай  табиғат  көрінісі  бар? / тау, жер, су, орман, бұлт/
  • Табиғат нешеге бөлінеді? /2- ге/
  • Тірі, өлі -дегеніміз не? / тірі- жанды, өлі- жансыз/

 

  1. Жаңа сабақ.                                                                                                                                        Балалар, біз модульді аяқтадық, сондықтан бүгін  қорытынды  , нәтиже  сабақ. Модуль бойынша  алған  білімімізді  жинақтап, көрсете  білуіміз керек.  Сынып 2- ге  бөлінген. Топ жетекшілері топтың жұмысын бағалай  отырамыз. Мен  жұмбақ  жасырайын. Шешімі  арқылы біз  модульдің  атауын  табамыз.
  2. 1. «Жұмбақ шешу.» айдары.

а/ Мынау оған керегі,                                      б/ Ит сияқты пішіні,

Балды жақсы  көреді.                                      Ұнатпайды ол кісіні

Қыс бойы жылы  апанда,                                                           / қасқыр/

Ұйықтау- оның өнері.

/аю/

в/ Орманда да далада  да,                             г/ Бұтадан бұтаға  секірген,

Жүретін өзі бір  қу.                                       Кішкентай ғана шапшаң аң.

Жүрген жері — айқай да шу.                                                        / тиін/

/ түлкі/

/ Балалар, жұмбақтың шешімін айтқанда тақтаға аңдардың суреті  ілінеді/

  • Сонымен аяқталған  модуль қалай  аталады?
  • Жабайы аңдар.
  • Бұлар табиғаттың қандай  түріне  жатады?
  • Тірі.

/ Дәптерге  бүгінгі  күнді жазамыз./

  1. «Топтық жұмыс» айдары

Бірінші топ                                                          Екінші топ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. « Грамматикалық тапсырмалар» айдары . Тақтадағы  суреттердің  көмегімен  сын есімнің шырайларын пысықтаймыз.

—  Түлкі қандай?

— сары, қу, айлакер.

— Бұлар қандай сұрақтарға  жауап береді?

— Қандай? –қай сөз табының  сұрағы?

  • Сын есім дегеніміз не?
  • Сын есімнің неше шырайы бар? / Таблицамен жұмыс/

 

Жай шырай Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай
Сары Сарырақ Сап –сары
Ақ ағырақ Аппақ

 

  1. « Сандар сөйлейді» айдары бойынша келесі тапсырманың тақырыбын шешеміз.

Бірінші топ

н ы а а р т с
7 3 1 6 2 5 4

 

 

Екінші топ

і к л е к і к
4 1 5 2 7 6 3

 

Жарайсыңдар!

  1. «Жүгіріп жүріп диктант жазу» әдісі. Әр топқа тақырып  таратылады, топ басшылары  тақтадан қажетті  сөздерді алып мәтін  құрастырады, дәптерлеріне жазады.Мұғалім  тексереді, топ басшылары  бағалап  отырады.  Бірінші  топтың  тақырыбы « Арыстан», екінші  топтың  тақырыбы « Кекілік»
  2. «Жер, су, ауа» ойыны

Мақсаты: Өтілген  сөздерді, дыбыстарды  қайталап , пысықтау.

Шарты: Балалар екі  топқа  бөлінген, бастаушы допты  лақтырып  жер, су, ауа  деген  сөздердің біреуін   айтады. Егер «Жер» десе , допты ұстаған болса, жерде  өсетін өсімдік, жануар немесе т б айтады. Жеңілсе  өлең, тақпақ немесе өз өнерін  көрсетеді.

  1. Аудирование .

Мәтінмен жұмыс. «Қазақстандағы жануарлар  әлемі»

  1. Мұғалім мәтінді  оқиды.
  2. Сұрақ – жауап. Топтар бір –біріне сұрақ  қояды.
  3. Мәтінді таратып беремін, 2 оқушы  оқиды.
  4. Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрамыз,  дәптерге жазып аламыз.
  5. Жануарлар әлемі. 2. Қорықтар неге керек?                                                                                                                 3. Табиғат- біздің  байлығымыз!
  6. Қоршаған ортаны қорғау күні қашан?  / 5- маусым. Бір бала  әңгімелейді./

8.«Жабайы  аңдар  туралы  ертегілер әлемі» айдары.                                                                                      / Балалар  ертегілер  туралы  білімдерін  көрсетеді, түрлерін анықтайды.                         Жануарлар туралы ертегіні 2-3 бала мазмұндайды./

  1. Сабақты бекіту.
  2. Деңгейі төмен оқушыларға  тест тапсырмасын  тарату
  3. Деңгейі жоғары оқушылармен бес жолды  өлең  құраймыз.

«Аңдар», «Жануарлар» тақырыптары  бойынша.

  1. Үй тапсырмасы : 1. Жоспар бойынша мәтінді мазмұндау.
  2. Мәтіннің мазмұны бойынша  сурет салу.
  3.    Мәтіннен сын  есімдерді теріп жазу.
  4. Бағалау. Топ басшылары бағалайды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *