Матжанова Айзада Бауыржанқызы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
құқық негіздері пәнінің оқытушысы
Пәні: Құқық негіздері
Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық жауапкершілік
Білімділік: Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік беру, нормативті актілермен таныстыру;
Дамытушылық: Құқықтық сауаттылығын дамыту, логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше шығармашылық ізденісін арттыру;
Тәрбиелілік: Қылмыстық іс-әрекеттен сақтандыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ҚР Қылмыстық кодексі, плакаттар, бейнеролик.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, түсіндіру.
Сабақ барысы: 1)Ұйымдастыру кезеңі.
2) Студенттер 2 топқа бөлінеді: «Прокурорлар», «Сот төрағалары»
Жоспар:
Қылмыс туралы түсінік және оның белгілері.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі.
Қылмыс үшін жазалау.
Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар.
Жұмыссыздық |
Қылмыс-неден пайда болады, қылмыстың алдын алу жолдары?
Кедейшілік |
Адамгершіліктен азғындау |
Қылмыс |
Нашақорлық |
Тәрбиенің дәрменсіздігі |
Мәдениеттің төмендігі |
Маскүнемдік |
Қылмыс
Қасақана Абайсызда
Тікелей Жанама
Қылмыскер адамның өмірі қиылатынын біле тұрып, оны өлтіру үшін атады. Бұл тікелей жасалған қылмыс
|
Кейде адам өзінің әрекетінің неәрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екеніне көңіл бөлмей, оның артындағы зардабын ескермей қылмысқа барады |
Қылмыстың қоғамда жасалу себептері:
- Кедейшілік
- Жұмыссыздық
- Мәдениеттің төмендігі
- Адамгершіліктен азғындау
- Отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі
- Маскүнемдіктің етек алуы
- Нашақорлық
- Құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы т.б. факторларды атауға болады.
Кәмілетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай 14 ке толған, бірақ 18 ге толмаған адамдар танылады.(78 бап)
Кәмілетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері -79 бап
- Айыппұл:
- Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
- Қоғамдық жұмыстарға тарту;
- Түзеу жұмыстары;
- Бас бостандығын шектеу
- Бас бостандығынан айыру
Кәмілетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады
Азамат 14 жастан бастап қылмыстың –кісі өлтіру (96бап)
Денсаулығына зиян келтіру-103 бап
Әйел зорлау -120 бап
Тонау-175бап
Ұрлық-178бап
Бұзақылықтың ауыр түрін жасау 179бап
Мемлекеттік немесе жеке меншіктік жою -187бап
Қаруды, әскери оқ –дәріні ұстау-255бап
Адам ұрлау-125 бап
Терроризм-233 бап
Аманаттыққа тұтқындау -234 бап
Уландырғыш заттарды ұрлау-260бап т.б түрлері үшін жауапқа тартылады
Жаза түрлері:
- Айып салу
- Құқықтан айыру
- Қоғамдық жұмысқа тарту
- Еңбекпен түзету жұмысы
- Бас бостандығын шектеу
- Тұтқындау
- Әскери тәртіп бөлімінде ұстау
- Бас бостандығынан айыру
- Сотталушының мүлкін тәркілеу
ҚР Қылмыстық Кодексінде қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар:
- Кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса
- Адам қылмысқа отбасы ауырлығы жағдайында, басқа салған тауқымет салдарынан барса
- Қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен –қорқытуынан, материялдық жағынан тәуелді етуінен жасалса
- Қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса
ҚР Қылмыстық кодексінде қажетіне қарай қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайларда қарастырылған:
- Қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса
- Қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса
- Қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында жасалса
- Қылмысқа балалар немесе психикалық кемтар адамдар тартылса
- Қылмыс ерекше қатыгездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін, арын аяққа басу әрекеттерімен жасалса
- Қылмыс кәсіби АНТын бұза отырып жасалса
- Қылмыс киім формасын немесе өкілеттілікті куәландыратын құжатта пайдалана отырып жасаса
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
1.Жалғасын тап(құқыққа қатысты мақалдардың жалғасын табу керек)
2.Білгенге маржан(терминдермен жұмыс)
- Көрініс
4.Біліміңді көрсет
5.Аттестация
6.Кім жылдам?(капитандар сайысы)
1-кезең. Жалғасын тап.
Бір қазаға екі……………..жоқ.(жаза)
Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі……………………. табар.(куә)
Би екеу болса………………..төртеу.(дау)
Әр елдің……………… басқа, иттері қара қасқа.(заңы)
Елшіге…………. жоқ.(өлім)
Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң…………………болар.(айғақ,айғақ)
Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің, анық достың қадірін…………….. болғанда білерсің.(жалалы)
…………істің-арты игі.(әділ)
Жолға шықсаң сайлан, бес…………. байлан.(қару)
У ішкен бір өледі,……………………ішкен мың өледі.(ант)
2-кезең. Білгенге маржан(Терминдермен жұмыс).
Конституция-ең жоғарғы заңды күші бар акті.
Диспозиция – қылмыстың атауы, белгіленген мінез-құлық ережелеріне байланысты талап.
Санкция – құқықтың талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын шара.
Гипотеза – норманы іске асыру үшін қойылатын талап.
Материалдық кепілдік – экономикалық кеңістіктің біртұтастығы, тауарлардың, қызмет және қаржы құралдарының орын ауыстыруына, экономикалық қызметке бостандық беру, жеке, мемлекеттік меншіктің түрін қорғау және мойындау.
Үкімет – атқарушы органдар жүйесін басқаратын, олардың қызметіне басшылық ететін, атқарушы биліктің жоғары органы.
Вето – мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту құқығы.
Демократия – халық билігі, халықты биліктің қайнар көзі деп тануға негізделген, қоғамдағы саяси ұйым нысаны.
3-кезең (қоғамдағы болып жатқан қылмыстардан қысқа көрініс)
1-топ Прокурорлар «Тергеушілердің жұмысы»
2-топ Сот төрағалары «Сот процесі»
4-кезең «Біліміңді көрсет» кезеңі (Топ капитандары бейнероликтегі қылмыстардың болу себептерін анықтап, қорғайды).
1-топ Прокурорлар «Көліктегі қылмыстар».
2-топ Сот төрағалары «Кәмілетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстары».
5-кезең (Аттестация) — бұл бөлімде студенттердің білімін бағалау үшін әр топ құқықтық жағдайдарды шешеді.
1-топ «Прокурорлар»
Алматы қаласының аудандық соттары судьяларының бірі пара алып жатқан кезде ұсталды. БАҚ хабарламасында оны қылмыскер деп айыптады. Ертесінде оның анасы жергілікті жердегі сот органына шағымданды.
Судьяның анасы қандай негізге сүйеніп сот органдарына шағымдануы мүмкін?
Іс-әрекетте заңсыздық болса, бұл Конституцияда қалай деп аталады?
2-топ «Сот төрағалары»
ҚР-ның Парламенті еліміздегі жекеменшікті тоқтатып, оның орнына мемлекеттік меншікті ғана қорғау туралы заңды бекітті делік. Ал Президент бұл заңға қол қойды. Заң Конституция нормасына қайшы болып шықты.
Заңсыздықты жою туралы қай органға шағымдануға болады?
Оның тәртібі қалай?
6-кезең. Кім жылдам? (капитандар сайысы)
1-топ «Прокурорлар»
Сұрақтар:
1.Қазақстан Республикасындағы неке жасы?
2.Некенің жарамсыздығы дегеніміз?
3.Конституция дегеніміз?
4.Балалар құқығы туралы Конвенция қай жылы қабылданды?
5.Отбасы үшін ешбір заңның нормасына сыймайтын, бірақ ең басты құндылық?
2-топ «Сот төрағалары»
Сұрақтар:
1.Баланың пікірін тыңдауға жол берілетін жас?
2.Әкімшілік жауаптылық басталатын жас?
3.Арнаулы құқықтан айыруға белгілейтін лауазымды тұлға?
4.Заңда бекітілген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы?
5.Мәжбүрлі еңбекке жол беруге болатын мән-жәй?
Бекіту:
Қылмыс дегеніміз не?
- Қылмыс дегеніміз – Заң қылмыс деп танитын
әрекет немесе әрекетсіздік.
Әрекетсіздік дегенді қалай түсінесің?
- Азаматтың қылмыстың дайындалып не жасалып
жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында
әрекет жасамауы, заңда көрсетілген азаматтық міндетін орындамауы.
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері қандай?
3 . ҚР Қылмыстық Кодексі (79бап)
Айыппұл;
Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
Қоғамдық жұмыстарға тарту;
Түзеу жұмыстары;
Бас бостандығын шектеу;
Бас бостандығынан айыру;
ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?
- 1997жылы 16 шілдеде қабылданып 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Қажетті қорғану дегеніміз не?
5.қажетті қорғану деп қылмыскердің қауіпті әрекетінен оның өзіне зардап шектіре отырып қорғануды айтамыз.
Қылмыстың болу себептері
Кедейшілік
Жұмыссыздық
Мәдениеттің төмендігі
Адамгершіліктен азғындау
Отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі
Маскүнемдіктің етек алуы
Нашақорлық
Құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы т.б факторларды атауға болады.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §15. Тақырыпты оқып келу.