Тажигулова Сауле Кумаровна
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
математика пәнінің оқытушысы
Тақырыбы: «Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тригонометриялық теңдеулер шығаруда теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу, шыңдау.
Дамытушылық: студенттердің ой-өрісін жан-жақты дамыту, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау, математикалық сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап ,танымдық ойын, топтық және жеке жұмыс жасау, деңгейлік есептер шығару, тапсырмаларды орындау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, формулалар, тапсырмалар , әр топтың бағалау бланкі.
Пәнаралық байланыс: информатика
I.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).
а) Психологиялық дайындық
ә) Дәрісхана дайындығы
II.Сабақ барысы:
Кіріспе сөз. Студенттер бүгінгі сабақта берілетін сұрақтар өткен тақырыптарды қамти отырып, сіздердің білім, біліктеріңізді тексеруге бағытталады.
1).Кім шапшаң? ( Ой қозғау стратегиясы) (5 мин)
Мақсаты: тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беру, дұрыс жауаптар үшін ұпай беріледі — (1 сұрақ — 1 ұпай).
Шарты: тақырыпқа қатысты теориялық білімдері тексеріледі.
Интерактивті тақтада берілген тапсырмалармен жұмыс (ауызша).
Теориялық білімдерін тексеру.
- функциясының қасиеттерін ата.
- Синусоида дегеніміз не?
- Арксинусқа анықтама беріңіз.
- Арккосинусқа анықтама беріңіз.
- Арктангенске анықтама беріңіз.
- Арккотангенске анықтама беріңіз.
2) «Сиқырлы формулалар»(8 мин)
Мақсаты: тақырыпқа қатысты есеп шығаруға қажетті формулаларды қайталау, пысықтау.
Шарты: Формулалардың дұрыс жауаптарын сызықпен сәйкестендір.
1-ші топ | 2-ші топ | ||
тапсырма | жауабы | тапсырма | жауабы |
tg x = 1 | x = | ctg x = 1 | x = |
sin x = — 1 | x = | ctg x = — 1 | x = arcctg a + |
cos x = 1 | x = |