Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Білгірлер отауы (Презентация)

Білгірлер отауы (Презентация)

Ақмола  облысы

Қорғалжын  ауданы

Қараегін  ауылы

Ш.Уәлиханов  атындағы орта  мектептің

қазақ  тілі  мен  әдебиеті   пәндерінің

мұғалімі   Сейтжанова  Аклима  Барамисовна

Тақырыбы:         Білгірлер   отауы.

Мақсаты:оқушылардың білім қабілеттерін тексеру,толықтыру.

Еркін сөйлеуге, ойларын ашық айтуға үйрету

Ойынның шартымен таныстыру:

1.Ойыншылар екі топқа бөлінеді.

2.Ойынның кезеңдерімен таныстыру.

1-кезең «Деректер»(сұраққа жауапты білген топ бере алады)

2-кезең «Дәлелдер»(сұрақтың жауабын дәлелмен айтады.)

3-кезең «Бедерлер»(әр ұяшық санмен беріледі, сол ұяшықта

суреттер жасырылады.  )

4-кезең «Жеделдер»(сұраққа жауапты тез беру. )

Көрнекілігі: интерактивтік тақта.

Тапсырмалар:   I кезең «Деректер»(әр жауап 10 ұпай )

1.Қабанбай батырдың әкесінің аты кім?(Қожақұл)

2.Бөгенбай батыр қай ханның тұсында бас батыры болды?(Абылай хан )

3.Бітімшілдік,мәмілегерлік міндетпен үш рет  Жоңғар  хандығына

барған қазақтың биі кім?(Қазыбек би. )

4.Жер қыртысын толтырып жатқан денелер.(Тау жыныстары )

5.Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен?(Күй. )

6.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал қалай аталады?(Компас )

 

 

7.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан

енгізілді?(12 қараша 1993ж )

II кезең «Дәлелдер» (15 ұпай)

1.Қазақта неге «Бесік-шаңырақ көркі» дейді

  1. «Жақсы сөз –көңіл құлпын ашатын кілт» деуі не себептен?
  2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға кім? (Призидент)

Қазақстан Республикасының призиденті жайында әңгімелеп бер.

III кезең «Бедерлер»(20ұпай )

Ұяшықтағы суретті тап, ол жайында әңгімеле.

IV кезең «Жеделдер»(5ұпай )  1-топтың сұрақтары.

  1. Сиыр пірі. ( Зеңгі баба.)
  • .Қ.Р. ұлтаралық тілі.   (Орыс тілі.)

     3.Ұя салмайтын құс.    (Көкек.)

    4.Адам денесінің тірегі.   ( Қаңқа.)

   5.Біржанмен айтысқан ақын қыз.   (Сара.)

  6.Жылдан құр қалған жануар.    (  Түйе.)

7.Қара алтын.       ( Мұнай.)

  1. Ақан серінің тұлпарының аты.  (Құлагер.)

9.Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан.    ( Маштап.)

  1. «Менің атым Қожа» хикаятының авторы кім? ( Б.Соқпақбаев.)

2- топтың сұрақтары.

 1.Түйе пірі.     (Ойсыл қара).

2.Жыл басы.      (Тышқан.)

3.Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тілі.  ( Қазақ тілі).

4.Орман дәрігері қандай құс?       (  Тоқылдақ.)

5.Адамның басты байлығы.       ( Денсаулық.)

6.Күйді орындаушы адам         .( Күйші).

7.Ақ алтын.             ( Мақта.)

8.Қобыландының тұлпарының аты.   (Тайбурыл.)

9.7(з)        (343)

  1. «Көксерек» әңгімесінің авторы кім? (М.О.Әуезов.)  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *